Жұмбақ шешейік.
1. Бұлтты айдап желдеткен,
Нөсерлетіп селдеткен.
Жаңбырлатып ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Көктем)
2. Қойның толы жеміске,
Көк майсалы еңісте.
Көбелек қуып ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Жаз)
3. Шанамен зырғып желдетіп,
Шаңғы, коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс)
4. Жиын-терін болатын,
Қамбаға астық толатын.
«Қызыл қырман» ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Күз)
Мағынаны тану.
Жыл мезгілдерін ата: қыс, көктем, жаз, күз...
Табиғат және бақылау күнделігімен жұмыс. , + º, - º
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс.
Т.Молдағалиев. Күз.
Ақшыл ма, әлде күлгін, әлде қоңыр,
Торлады көк аспанды бұлт керуені.
Сорғалап әлсін-әлсін күміс жаңбыр
Ажарсыз шөптің басын жел тербеді.
- Осы өлеңде қай мезгіл суреттелген?
(Оқушылардың күзгі ауа райы туралы түсініктерін байқау. Күзгі өлі табиғат өзгерісі: аспанның қалпы, күннің ұзақтығы, салқындауы.)
- Күз мезгілінің өзіне тән белгілерін әңгімеле.
- Адамдар тіршілігіндегі өзгерістерді әңгімеле.
- Жануарлар тіршілігіндегі өзгерістерді әңгімеле.
- Өсімдіктер тіршілігіндегі өзгерістерді әңгімеле.
- Күз айларын ата.
- Күздегі мерекелерді ата. 1 қыркүйек- Білім күні, 22 қыркүйек – Тілдер мерекесі, ұстаздар мерекесі, қарттар күні т.б.
2.Оқулықпен жұмыс.
Мазмұнды суретпен жұмыс. Сурет бойынша әңгіме құрастыр.
«Атамұра» Жыл мезгілдері - мәтінге талдау жасау.
«Алматыкітап» «Күз» А.Байтұрсыновтың өлеңіне талдау.
А.Байтұрсынов – қазақ халқының көрнекті ақыны, ұстаз, ғалым, алғаш әліпби құрастырушы.
Ой толғаныс
|
Тест сұрақтары.
1. Айналадағы дүниеде неше тұс бар?
а) 2 ә) 3 б) 4 в) 5
2. Термометр түтікшесінің ішінде не бар?
а) су ә) сынап б) сұйық зат в) дәрі
3. Табиғаттың тірі денелерін белгіле.
а) тас ә) жел б) кітап в) жануар
Жылылықты көрсететін санның алдына қандай таңба қойылады?
а) + ә) 0 б) - в) *
|
Үйге тапсырма беру.
|
5 жолды лең
4. Күз – береке, байлықтың бастауы.
5. Жыл мезгілі..
|
Бағалау
|
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.
|
Кері байланыс
|
Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .
|
Оқу ісінің меңгерушісі: 2 сағат
Еңбекке баулу
|
Кабинет:
|
Уақыты:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Өсімдіктердің топтары , мүшелері және атқаратын қызметі
|
Сабақтың жалпы мақсаты
|
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өсімдік туралы түсінік беру. Оқушыларды өсімдіктердің түрлері мен топтарын ажыратуды үйрету. Өсімдіктердің адам өміріндегі пайдасы туралы ұғым қалыптастыру. Қоршаған ортаны, табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап, талдау – жинақтау
|
Әдіс-тәсілдер
|
Баяндау, ішінара іздену, сұрақ - жауап, зерттеушілік
|
Көрнекіліктер
|
суретті үлгілер, плакаттар, буклеттер, оқулы
|
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
|
Екі көз не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін керек.
Екі құлақ не үшін керек?
Ақыл-кеңес тыңдау үшін керек.
Екі қол не үшін керек?
Елге көмек жасау үшін керек.
Екі аяқ не үшін керек?
Туған жерге жету үшін керек.
|
Топқа бөлу
|
Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу .
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
Жыл мезгіліне байланысты өсімдіктердің өзгерістері қандай болады?
(үйден орындап келген тапсырмалары арқылы үй тапсырмасын айтады)
|
Қызығушылықты ояту
|
Суретпн жұмыс
|
Жаңа материалмен жұмыс.
|
.Мұғалім түсіндірмесі:
. Біздер бүгін , сабағымызда өсімдіктердің топтарымен танысамыз. Өсімдіктердің мүшелері және олардың атқаратын қызметі жайында білетін боламыз.
Өлі табиғатта болатын өзгерістер тірі табиғатқа әсер етеді. Ал тірі табиғаттың бір бөлігі – өсімдіктер. Біздің жеріміз өсімдікке өте бай. Өсімдіктер орманда да, далада да, тауда да, суда да өседі.
Өсімдіктердің түрлеріне: ағаштар, бұталар, шөп тектес өсімдіктер жатады.
Ағаштарға : емен, қайың, қарағаш, тал, жөке, жеміс ағаштары.
Бұталарға: шырғанақ, жыңғыл, бөртегүл.
Шөп тектес өсімдіктерге: бақбақ. раушангүл, құлпынай, қоңыраугүл, қалампыр, қызғалдақ, т.б. жатады.
Олардың ерекшелгіне тоқталатын болсақ ағаштардың - тамыры тереңге жайылады, діңі жуан болады және бұтағы, жапырағы болады.
Бұталардың – діңі болмайды, бірнеше қатты бұтақтары, ағашқа қарағанда аласа болады.
Шөп тектес өсімдіктердің - бойы аласа, сабақрары жіңішке жұмсақ, шырынды, жасыл болады, гүлі және жемісі болады.
Оларға қорек, ауа, жарық, су – өсімдіктің тіршілігіне қажетті ерекше жағдайлар болып табылады. Өсімдіктің қорегі топырақта болады. Топырақ – жердің беткі құнарлы қабаты. Өсімдік тамырлары жер астында, топырақ арасында болады.
-Өсімдіктер жақсы өсу үшін не қажет?
-Өсімдіктердің қандай пайдасы бар?
-Олар қалай өседі?
-Қайда өседі?
-Өсімдіктерді қайдан көріп жүрсіңдер?
-Қандай өсімдіктерді көріп жүрсіңдер?
Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді оқу.
Өсімдіктер. Өсімдік мүшелері.
|
Ой толғаныс
|
Бүгін сабақта не туралы әңгімеледік?
Өсімдікті не үшін өсіреміз?
Өсімдікке қандай жағдай жасаймыз?
Өсімдіктер қандай топтарға бөлінеді?
|
Үйге тапсырма беру.
|
«5 жолды өлең.
1. Күз.
2. Берекелі, жемісті.
3. Өсті, сарғайды, келді.
4. Күз – береке, байлықтың бастауы.
5. Жыл мезгілі..
|
Бағалау
|
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.
|
Кері байланыс
|
Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .
|
Достарыңызбен бөлісу: |