Сабақтың атауы Ш. Смаханұлы. Тәкәппар Мақсаты



Дата22.06.2017
өлшемі81,08 Kb.
#19746
түріСабақ
Кайрадинова Жұлдыздың 2-сыныпқа өткізген сабақ жоспары:

Пәннің аты

Уақыты: 17. 02

Сабақтың атауы

Ш.Смаханұлы. Тәкәппар

Мақсаты

Мысалдағы негізгі ойды ұғындыру, сұрақ қою арқылы баланы жан-жақты ойлауға, сөйлеуге үйрету, сөздік қорын, дүниетанымын кеңейту.
адам бойындағы жақсы қасиеттерге тәрбиелеу жаман әдеттен аулақ болуға үйрету.

Мақтаншақтықтан аулақ болуға үйренеді, сызбамен жұмыс жасауға жаттығады





Күтілетін нәтиже

Ресурстар

Су асты өмірі туралы видеоролик, балық қаңқасы сызбасы




Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті

Психологиялық ахуал

Кел ,балалар, қанеки,

Парақтайық әліппи,

Талай қызық күтуде.

Бәрімізді әлемде.

Жалықпа сен, жалықпа

Оқы, тоқы, арманда

Бәрін білген балаға

Жақын болар алыс та. 

(Ғажайыпстанға саяхат)

Оқушылар хормен ән айтады

Топқа бөліну

(1минут)

Оқушылар мозайка құрастыру арқылы топтарға бөлінеді:

  • Шортан

  • Бекіре

  • Алабұға

  • Сазан

Топтарға бөлініп отырады

Үй тапсырмасы

(3минут)

Мысалды мәнерлеп оқу
Даңғой қиярдың суретін салу



Мәнерлеп оқыған, сурет салып келген оқушылар бонус-смайликтер алады

Қызығушылықты ояту

(1минут)

Су асты өмірі туралы көрсету(видеоролик)


Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

(15минут)

Дәптермен жұмыс

(5минут)

Адам бойында жаман және жақсы қасиеттер болады екен. Жақсыға әркез жақын болып, жаманнан бойымызды аулақ ұстауымыз керек. Осы мақсатта Ш.Смаханұлының «Тәкаппар» деген мысал өлеңімен танысамыз.
1. Мысал- қызықты да, қысқа шығарма . Әр мысалда түйінді ой болады. Мысал- өнеге айту сипатында шығарған шығарма. Адамға бойындағы кемшілікті, мінді күлкіге айналдырады.
Шона Смаханұлы 1924-1988 ж. Жамбыл облысы, Талас ауданында дүниеге келген. Белгілі сатирик, әзіл-сықақ жанрының шебері. «Қу түлкінің сыбағасы», «Қоңыраулы шеңгел» мысалдарының авторы.
2. Мағынаны тану. Мысалды оқыту, мазмұнын ашу
- «Тәкаппар» сөзінің мағынасын қалай түсінеміз?
(өзімшіл, мақтаншақ, паң)
- Осылай болу дұрыс па?
3. 1қатар: Балықтың адам үшін қандай пайдасы бар?
2 қатар: Балық түрлерін ата.
(шортан, алабұға, сазан, бекіре).
4. Мысалды мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
5. Мысалдан балықтың мақтануын , құрлықтағы куйін тауып оқыту.
6. Мысалдан балықтың мақтануын, құрлықтағы күйін тауып оқыту.
(дәптермен жұмыс) кестеге жазу:


Балықтың 1-ші сөзі:

Балыктың 2-ші сөзі;

Жөнімді өзім білемін,

Сусыз-ақ өмір сүремін.

Мөлдір суым мекенім,
Енді қайтсем жетемін?
Қадіріңді білмедім
Неге шалқып жүрмедім.




Екі мысалды салыстыру. Венн диаграммасын толтыру
Е. Ерботин«Даңғой» және Ш. Смаханұлы«Тәкәппар»





Сергіту сәті

(1минут)

Оңға, солға бұрылдық,

Алға, артқа иілдік.

Тіземізді бүктіріп,

Қолды создық тік тұрып.




Ой толғаныс

(15минут)

  • Мысалдағы қорытынды ой не?

  • Мысалдардан қандай сабақ алдың?

«Балық қаңқасы» сызбасын толтырту, әр топ өз жұмысын қорғайды




Үйге тапсырма

Мәнерлеп оқу. Тәкәппар балықтың суретін салу

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

(1минут)

Бонус беру арқылы бағалау


Бонустарын санайды

Кері байланыс

(3минут)

Тілек ағашын іледі

Оқушылар смайликтерге өз ойын жазып

жапсырады

Пәннің аты

Уақыты: 19. 02


Сабақтың атауы

М. Гумеров. Көк кептер

Мақсаты

Мәтінге түсінік бере отырып, оқуға, кейіпкердің іс-әрекетінің мәнін ашуға үйрету, оқырмандық көз қарасын қалыптастыру. Оқушылардың мәнерлеп оқу, сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Тіл байлығын, шығармашылық қабілетін дамыту.

Мәтін мазмұнын ашады, сызбамен жұмыс жасауға машықтанады

Күтілетін нәтиже

Ресурстар

Сызбалар, кептер суреті, жетондар




Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті

Психологиялық ахуал

Елдос пен Аяжанға қосылып ән шырқаймыз.
Балалар, балалар ,

Балдай тәтті болыңдар.

Достық деген бұл байлық

Достарыңды сыйлаңдар.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Үй тапсырмасы

Мәнерлеп оқу. Тәкәппар балықтың суретін салу

Оқушылар мәнерлеп оқиды, салған суреттерін көрсетеді

Үй тапсырмасын орындаған балаларға бонус-жетон беріледі

Қызығушылықты ояту

Жаңылтпаштар айту

  1. Көп көкек

Көкектеп

Көктен келді

Көкек кеп

Көктеп көк

Көктем келді

  1. Торғай тоғайды ұнатады,

  2. Тоғай торғайды ұнатады

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

  1. Бүгінгі өтетін мәтін де осы кептерлер жөнінде. Кептерлер жөнінде мағлұмат беру
    Кептер – кептер тәрізділер отрядының бір тұқымдасы.
    Жер шарында кең таралған (тек полюстік облыстарда кездеспейді). Қазақстанда 2 туысы: кептер (6 түрі) және түркептер (4 түрі) бар Көгершін құсы туралы жалпы дерек:
    Көгершіндер орманды, кейде таулы жерлерде тіршілік ететін, адам жайларына үйір, денесі тығыз, тұмсығы қысқа және балауызсымақтары бар құстар.
    Олардың танау тесіктері терілі каппен бүркелген. Көгершіндер бүкіл жер жүзіне тараған. Олардың өте көбірек тараған жерлері Малай архипелагы мен Австралия. Жалпы үш жүздей түрі белгілі. Кептерлердің қолға үйретілген түрін халық арасында – көгершін деп атайды. Кептерлердің көпшілігінің қауырсындары құлпырып тұратын алуан түсті келеді. Үнемі топтанып жүреді. Жұбын жазбайды. Дыркептер, түзкептер, қоңыр кептер, түркептер, үлкен түркептер – жыл құсы, қалған түрлері – отырықшы құстар. Көбі жылына 2 рет, кейбіреуі 4 – 5 рет жұмыртқалайды. Жұмыртқаны жарып шыққан қызылшақа балапан әбден қанаттанғанша (25 тәулік бойы) ұядан ұшпайды. Өсімдік тұқымымен, астық тұқымдастарының дәнімен, шошқа жаңғақпен қоректенеді.


  2. Автор туралы мәлімет: Машқар Гумеров – (1927 2002) 1927 жылы Башқұртстанда Күбияз елді мекенініде ауыл молдасының отбасында дүниеге келген. 1937 жылы үй ішімен Қазақстанға көшіп келіп, қазақ орта мектебінде оқыған. Ұлты татар болғанымен шығармаларын тек қазақ тілінде жазады

  3. Мәтінді топтарға бөліп оқыту, мазмұнын ашқызу. (Джиксо әдісі)


Сергіту сәті

«Ақ көгершін» әнінің минусын қосу

Оқушылар әнді айтады

Ой толғаныс

  1. Сызбамен жұмыс. Топтарға сызбаны толтыру тапсырылады. Сызба бойынша сабақты әр топ талдап шығады.

Оқиғаны сызба бойынша талда

Мәтін кейіпкерлері

Не істеді?

Сенің пікірің

Зияда апай

Нүсіпбекке болысты

Сенің пікірің

Аймаған







Нүсіпбек








Венн диаграммасы-сызбасын толтыру

Нүсіпбек

Екеуіне ортақ нәрсе

Аймаған











Үйге тапсырма

Мазмұнын айту


Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Жетон беру арқылы бағалау

5жетон- «5»

4,3 жетон- «4»

2,1 жетон- «3»

Жетондарын санайды

Кері байланыс

«Бүгін сабақта...»
-Қызық болды ма? - Не қиын болды?
-Мен не түсіндім? - Мен не үйрендім?
-Мен не істедім?


Сұрақтарға жауап жазады

Каталог: uploads -> doc -> 0d82
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0d82 -> Сабақ тақырыбы: «Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін шешу»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет