Сабақтың атауы Ш. Смаханұлы. Тәкәппар Мақсаты



Дата11.01.2017
өлшемі119,36 Kb.
#7325
түріСабақ

Пәннің аты:

Әдебиеттік оқу

Уақыты:17.02.16ж.

Кабинет:№3

Мұғалім:

Муханова С.Д.

Сабақтың атауы

Ш.Смаханұлы. Тәкәппар

Мақсаты

Ш. Смаханұлы туралы мәлімет беру, шығармасымен таныстыру.

1. Мысалдағы негізгі ойды ұғындыру.


2. Сұрақ қою арқылы баланы жан-жақты ойлауға, сөйлеуге үйрету, сөздік қорын, дүниетанымын кеңейту.
3. Адам бойындағы жақсы қасиеттерге тәрбиелеу жаман әдеттен аулақ болуға үйрету.
Түрі: аралас сабақ
Әдіс тәсіл: салыстыру, ой қозғау, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: балықтар суреті, үлестірмелі тапсырмалар, слайдтар.

Күтілетін нәтиже?

-Шона Смаханұлы туралы біледі;

-Мысалдағы негізгі ойды түсінеді;

+Психологиялық ахуал

1. Талаптанып,

Қанаттанып,

Өмір сырын ұғамыз.

Білім алып,

Тұлғаланып,

Азамат боп шығамыз.




Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

1.Есентай Ерботин "Даңғой"-мәнерлеп оқыту.

2. Тест


1) "Даңғой" шығарманың қай түріне жатады?

А) мысал


Ә) өлең

Б) аңыз


2) Авторы кім?

А) Оспанхан Әубәкірв

Ә) Есентай Ерботин

Б) Шона Смаханұлы

3) "Даңғой" мысал не туралы?

А) балық


Ә) қауын

Б) қияр


4) Жарамаса кәдеге,

Құр жатқаннан не пайда?

Өндірмесе дәнеме,

Мақтанғаннан не пайда?

А) қауынға

Ә) қарбызға

Б) қиярға

5. Қайсысы мысал?

А) Сүт қалай ұйықтады?

Ә) Салақтық

Б) Даңғой

3. "Галереяға саяхат" (Әр топ басшысы шығып, ұнаған суретті алады. Суреттің авторына қошемет көрсетіледі)




Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

-Балалар, бүгінгі сабағымызды мына мақалмен бастап, осы мақалды өзімізге ұран етіп алсақ деп отырмын.

"Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен".

-Трактор, әтеш, көбелек, ай, піл, парта, алма, радио суреттерін көрсетіп,(тақтаға жазып) бас әріптерінен жаңа сабақтың тақырыбын шығарып аламыз: "Тәкаппар"

-Ой шақыру.

Адам бойындағы жақсы мінез, қасиет: мейірімділік, қайрымдылық, ақылдылық, қамқорлық, көпшілдік, еңбекқорлық

Адам бойындағы жаман мінез, қасиет: қызғаншақтық, мейірімсіздік, жалқаулық, қатыгездік, өркөкіректік, менменшілдік, тәкаппарлық

-Олай болса, адам бойында жаман және жақсы қасиеттер болады екен. Жақсыға әркез жақын болып, жаманнан бойымызды аулақ ұстауымыз керек. Осы мақсатта Ш.Смаханұлының «Тәкаппар» деген мысал өлеңімен танысамыз.

-Мысал деген не?
1. Мысал- қызықты да, қысқа шығарма . Әр мысалда түйінді ой болады. Мысал- өнеге айту сипатында шығарған шығарма. Адамға бойындағы кемшілікті, мінді күлкіге айналдырады.
2. Шона Смаханұлының өмірімен таныстыру.

-Шона Смаханұлы 1924-1988 ж. Жамбыл облысы, Талас ауданында, Ойық деген ауылда дүниеге келген. Анасынан ерте айырылып, балалар үйінде, интернатта тәрбиеленеді. Ұлы Отан соғысына қатысқан. "Қазақстан мұғалімі", "Қазақстан пионері", "Ұлан" газетінде қызмет істеген. Баспада редактор, кейін редакция меңгерушісі болған. Бірнеше ән мәтіндерінің авторы. Орыс тілінде бірнеше кітабы жарық көрген. Белгілі сатирик, әзіл-сықақ жанырының шебері. «Қу түлкінің сыбағасы», «Қоңыраулы шеңгел» мысалдарының авторы. Алматы қаласында оның есімінде мектеп бар.

3. Өлеңді үнтаспадан тыңдау.

4. Сөздік жұмысын жүргізу.

Тәкаппар-мақтаншақ, өзімшіл, паң.

Даттанып-мақтанып, сөгіп.

4. Топпен жұмыс.

1 топ-мәнерлеп оқиды.

2 топ-мазмұнын айтады.

3 топ-Балықтың 1, 2 сөзін тауып оқиды.

Сергіту сәті.

5. Сұрақ-жауап тәсілі:

1) Шығарманы өлеңнің қай түріне жатқызуға болады?

2) Автор ненің басынан өткен жағдайды суреттейді?

3) Балық не деп мақтанды?

4) Ол құрлыққа қалай тап болды?

5) Құрлықта балық қандай күйге душар болды?

6) Ол қателігін қай кезде түсінді?


2. Мағынаны тану.
- «Тәкаппар» сөзінің мағынасын қалай түсінеміз?
(өзімшіл, мақтаншақ, паң)
- Осылай болу дұрыс па?
3. 1қатар: Балықтың адам үшін қандай пайдасы бар?
2 қатар: Балық түрлерін ата.
(шортан, алабұға, сазан, бекіре).
(дәптермен жұмыс) кестеге жазу:
Балықтың 1-ші сөзі: Балыктың 2-ші сөзі;
Жөнімді өзім білемін, Мөлдір суым мекенім,
Сусыз-ақ өмір сүремін. Енді қайтсем жетемін?
Қадіріңді білмедім
Неге шалқып жүрмедім.
7. Ой қозғау.
8. Мысалдағы қорытынды ой не?

1 қатар: Мақтаншақ- жаман әдет.


2 қатар: Мақтанғаннан не пайда
Өндірмесе дәнеме.
-Мысалдан өзіңе қандай сабақ алдың?

Сергіту сәті

Оңға, солға бұрылдық,

Алға, артқа иілдік.

Тіземізді бүктіріп,

Қолды создық тік тұрып.






Ой толғаныс

Проблемалық сұрақ:

-Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, теңіз балықты кешірді ме?

-Автордың айтайын деген ойы не?

-Балықты кімге теңеп отыр?

-Өмірде осындай адамдар бар ма?

Венн сызбасымен жұмыс. Екі мысалды салыстыру.


Е. Ерботин ұқсастығы Ш. Смаханұлы
«Даңғой» «Тәкәппар»
Қиярдың мақтануы. 1. Өзімшіл Балықтың мақтануы.
2.мақтаншақ
3.өркөкірек

Үйге тапсырма

1. Мысалды мәнерлеп оқу.

2. Тәкаппар балықтың суретін салу.



3. Тәкаппар сөзіне әңгіме жазып келу .


Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Каталог: uploads -> doc -> 0c2c
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c2c -> Еліміздің болашағы – білімді ұрпақ


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет