Сабақтың атауы Шаттыққа толы жүрекпен Мақсаты Мақсаты мен күтілетін нәтижелері



бет5/10
Дата15.12.2016
өлшемі1,47 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10







Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім




Сабақтың атауы

Білім - ақиқат бастауы




Мақсаты

Балалардың «білім» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- Білімнің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

- Білімге, оқуға қызығушылықтарын арттыру; --

Оқушы өмірінде ұстаздың алатын орны; оқушы мен ұстаз арасындағы өзара сыйластық. Мектептің оқушы өміріндегі маңызы, мектепте оқу, мектеп өміріне араласу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, дыбысты дұрыс айтқызу, пікірлесу стратегиясы.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, тірек сызбалар, суреттер, дидактикалық материалдар,ана тілі дәптері.





Күтілетін нәтиже




+Психологиялық ахуал

Шаттық шеңбері. Балалар қол ұстасып шеңбер құрап, мынадай өлең жолдарын айтады.

Арайлап таң атты


Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз,
Қайырлы күн, достарым!
Қайырлы күн, ұстазым!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.




Қызығушылықты ояту

Кел, балалар, оқылық!

Кел, балалар, оқылық.

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан,

Іздемей-ақ табылар.

Сиса көйлек үстінде

Тоқуменен табылған…

Сауысқанның тамағы

Шоқуменен табылған…

Өнер, білім – бәрі де

Оқуменен табылған.

Ы. Алтынсарин


Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.




Мағынаны тану

Ойланайық, пікірлесейік

– Білім адамға не үшін қажет?

– Өзіңе белгісіз нәрселерді естігенде қандай күйде боласың?

– Теледидардан қандай танымдық бағдарламаларды қарағанды ұнатасыңдар?

– Оқушылардың білім сайыстарына қатысқың келе ме? Неліктен?Тапсырма: Сөйлемдерді өз ойларыңмен толықтырыңдар.
Мен мектепке … үшін барамын.

Мектепте … үйрендім.

Мен мектепте … жақсы көремін.

Мектеп … ұнайды.


Оқып үйренейік

Кітаппен жұмыс: Білім мен байлық

– Білім мен байлық туралы қандай ой түйдіңдер?Дәптермен жұмыс:«Білім мен байлық» әңгімесі бойынша білімнің байлықтан артықшылықтарын тауып жазыңдар..





Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады





Ой толғаныс

Өнер, білім – бәрі де оқуменен табылған.

Ы. Алтынсарин


Тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мақал-мәтелдерді жалғастырып айтыңдар.

1. Оқу – білім …,

Білім – өмір …

2. Оқу… құдық қазғандай.

Білімдіге дүние …

Оқымасаң … жоқ.

Білекті … жығар,

Білімді … жығар.

Керекті сөздер: бұлағы, бірді, инемен, шырағы, жарық, мыңды, білім.

Жаңа ақпарат



Адам өмір бойы өзіне құпия, сыры беймәлім нәрселерді білуге құштар болады. Білімді мектептен, оқу орындарынан алуға болады. Сонымен қатар кітап, газет-журнал оқу, ақпарат құралдарын тыңдау арқылы да адам өз білімін тереңдете алады.
Білім адамның жоғары жетістіктерге жетуіне мүмкіндік береді.




Үйге тапсырма

Дәптермен жұмыс

Күнделіктеріне жазып беремін




Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.




Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Өзін-өзі тану – өмірді тану 4 сынып

Мақсаты

Өзін-өзі тану», «өмір» құндылықтары туралы түсініктер. 4 сыныпқа арналған өзін-өзі тану пәнінің мазмұны; адамгершілік құндылықтарын білуге, өзін және өмірді тануға қызығушылық

Тақырып жайлы түсіктерін қалыптасыра отырып тақырыптың өзекті түйінді жерлерін практикада қолданады




Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

-Қош келдіңдер, балалар! Сендерді көргеніме куаныштымын! Жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Міне, «Өзін-өзі тану» пәні сабағында бәріміз бірге қайта қауышып отырмыз. Сендер үлкейіп, әдемі болып кетіпсіндер. Бойларыңа сай ойларың да өскен болар. Бір-бірінмен кездесуге асыққандарың қуанышқа толы күлімдеген көздеріңнен көрініп түр. Олай болса, бәріміз бір-бірімізбен құшақ жайып амандасайықшы.

Балалар бір-бірімен құшақ жая сәлемдесіп шыгады.

Балалар шеңберге тұрып, Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» олеңін дауыстап айтады.

Әсемпаз болма әрнеге

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар қалан!

- Балалар, қалай ойлайсыңдар, біз өзін-өзі тану сабағында не үйренеміз?

- Бір-бірімізге көмектесуді, өзін, өзгелерді танып білуге, адамгершілік құндылықтарды тануды, т.б.

Мәтінмен жұмыс:

«Алтын балық» мәтінін оқып, оқушылардан мына сұрақтарға жауап алу:

- неліктен балық қарияның тілектерін орындады?

- Қария қандай тілек айтты?

- Алтын балықтан өздерін қандай тілек тілер едіңдер?


Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

І. «Мен кіммін» тренингі

Мақсаты: «Мен кіммін? деген сұраққа жауап беру. Өз есімдерін ұнату арқылы өзін бағалауға үйрету.

Бәрімізде адам болғандықтан, есім беріледі. Есімді қоярда бізден ешкім саған осы есім ұнай ма? деп сұрамайды. Сондықтан кей кездері өз есімдеріміз ұнамай қалып жатады.

Көзін жұмып ұнататындықтарын саусақпен көрсету. 1 саусақ – мүлде, 2 саусақ – ұнатпау, 3 саусақ – қанағаттанарлық, 4 саусақ – ұнатамын, 5 саусақ - өте қатты ұнатамын.

Өз есімдеріңді елестетіңдер. Мүмкін сендер оны жазу күйінде немесе сурет күйінде көретін шығарсыңдар. Ол қандай үлкен бе? Кіші ме? Оның түсі қандай? Дыбыс естисіңдер ма?

Біз өзіміздің бағыт – бағдарымызды анықтап, өзімізді ғана емес, қоршаған ортадағы адамдар өміріне де араласып, ұлы адамдар өмірінен, мінез – құлқынан, жүріс - тұрысы, яғни бір сөзбен айтқанда жақсы қасиеттерінен үлгі - өнеге алып отырсақ нұр үстіне нұр болар еді. Осы мақсатта қазір «Өзіңді ғана емес, өзгені де таны» атты жаттығуы жүргізіледі.

ІІІ. «Мен қандаймын» жаттығуы.

Өз мінезіңізді жаңа қырынан білгіңіз келеді ме? Мына кішігірім тесттен өтіп көріңіз.

Саусақтарыңызды айқастырып ұстаңыз. Жоғарыда қай қолдың саусағы қалғанына назар аударыңыз. Нәтижелерін қағазға жазып отырыңыз. Егер жоғарыда оң қолдың саусағы болса, қағазға "2", сол қолдың саусағы болса, "1" деп жазыңыз.

Жалған нысананы көздеңіз. Көздегенде қай көзіңіз ашық қалды? Сол болса "1", оң болса "2" санын жазыңыз.

Қолыңызды кеудеңізде айқастырыңыз. Қай қол үстінде қалды? Сол болса "1", оң болса "2" санын жазыңыз.

Шапалақтаңыз... Жоғарыда қай қол қалды? Сол болса "1", оң болса "2" деп жазыңыз.

ІҮ. «Өзіңді ғана емес, өзгені де таны» жаттығуы.

Ойын шарты: Оқушыларға ауылға еңбек сіңірген адамдардың суреттері беріледі. Балалар осы кісі туралы, оның өзіне үлгі, өнеге боларлық ісі, мінез – құлқы туралы әңгімелейді..




Сергіту сәті

Әкем менің егінші,

Анам менің сауыншы.

Ағам менің  кенші,

Апам менің тігінші.

Отырмаймын мен текке,

Кеттім мен де мектепке.

-         Ал, балалар, мектепке келгеннен кейін не істеу керек?

-         Орнымызға отырып, оқу керек.



Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Сөзжұмбақты шешіңдер.

Өз ұстазыңызбен қарым – қатынасыңыз қалай?» жаттығуы.

Біз бағанадан бері сынып оқушыларымен жұмыстар жүргіздік. Енді күделікті сынып өміріне етене араласып, тәрбие мен білімді ұштастырып отырған сынып оқытушыларының сынып оқушылары туралы қаншалықты жақсы білетіндігін байқау мақсатында, яғни оқушы мен оқытушы қарым – қатынасы қандай екендігін тексерейік.

Жүргізілу жолы: Сыныпқа сабақ беретін мұғалімдер алдын – ала төмендегідей сауалдарға жауап толтырады. Мұғалім осы сыныптағы бір оқушыны таңдап алып, сол оқушының атынан сауалдарға жауап береді.

Менің есімім

Менің сүйікті түсім

Менің сүйікті ісім

Менің аяқ - киім өлшемім

Менің сүйікті әнім

Менің сүйікті фильмім



Осындай сауалдар үлгісі сынып оқытушыларынан алдын – ала алынып қойылады да, оқушылар жауабымен салыстырылады.

Үйге тапсырма

Оқулықпен жұмыс.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Пән: өзін-өзі тану тақырыбы: «

Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет