Сабақтың атауы Шаттыққа толы жүрекпен Мақсаты Мақсаты мен күтілетін нәтижелері



бет4/10
Дата15.12.2016
өлшемі1,47 Mb.
#3931
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Пән: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: «Көңіл күйімізді басқара білейік

Мақсаты: «Махаббат», « бақыт» адамгершілік құндылықтары туралы

түсініктерін кеңейту.



Міндеттері: - жағымды қарым-қатынастар туралы түсінік беру.

- өзін-өзі ұстай білу іскерліктерін дамыту

- Ұстамдылыққа, сабырлыққа, ризашылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: әр түрлі көңіл күйді білдіретін суреттер.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, талдау, пікір-талас

Сабақтың барысы: 1.ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

Үлкенге де сіз, Сәлем бердік сіздерге,

Кішіге де сіз. Құрметпенен біз.



1. Шаттық шеңбері

Оқушылар шеңбер құрып тұрады.

Қайырлы күн достым,

Қайырлы күн болсын.

Сәрсенбінің сәті,

Сәттілікке толсын.

- Балалар, мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Айналамыздағы адамдарға қуаныш сыйлайық. Бәріміз бірге көңілді бір ән шырқайық. «Жас дәуірдің түлегіміз»

- Ой, тамаша! Қуанышты сезіммен бірге айтқан ән адамның көңіл күйін көтереді.



2. Ой қозғау: Біздің көңіл күйіміз өзгеріп отырады, неліктен? Ол неге байланысты? (оқушыларды әңгімелету)

Әр түрлі көңіл-күйді білдіретін суреттермен жұмыс.

Бүгінгі сабақта көңіл күйіміз туралы әңгімелесеміз.

3. Жаңа сабақ

а)кітаппен жұмыс

а) мәтінмен жұмыс

а) мұғ/нің оқуы, талдауы.

ә) оқушы/дың оқуы

- Аңызда адам көңіл күйінің қандай сәті сөз болды?

- Өздерің аңыздан қандай қортынды жасар едіңдер?

- «Бос қайық» әдісін өмірде қалай қолдануға болады?

(Оқушыларды әңгімелету)

4. Жаңа ақпарат

Адамның көңіл күйі әр түрлі жағдайларға байланысты болады. Жақсы іс, ізгі ниет, жылы сөз, жақсылық хабар, қуаныш, адамның көңіл күйінің көтерілуіне әсер етеді.

- Жаңа ақпаратты оқушылармен бірге талдау.

5. Суретпен жұмыс

Суреттегі балалардың бет-бейнелеріне қарап, қандай көңіл күйде тұрғанын әңгімелеп беріңдер.

- Балалар, біз адамның бет әлпетіне қарап, адамдардың жылы жүзді, жайдары, түсі суық, ренжулі, көңілді, ызбарлы, ызалы т.б. деп ажыратуға болады. Жақсы көтеріңкі көңіл күй адамға қуат береді. Әр түрлі жағдайларда адам өзін ұстай білу керек және ұстамды болу керек.

6. Дәптермен жұмыс

а) Дәйексөз

Өмір деген жарыста,

Шаттанғын,дос, қалыспа!

Дәптерде мынадай тапсырма берілген: (ребусты шешіңдер)

Дұрыс шешсеңдер, мақал шығады.

Мақалды дәптерге жазу: «Орынсыз ашу-от шашу»)

- Қалай түсінесіңдер?

7. Ойын: «Менің көңіл күйім қандай?»

Ойынның шарты: ортаға бір бала шығып, өз көңіл күйін мимика, түрлі қимыл-қозғалыстар арқылы көрсетеді. Қалғандары оны тауып көрсетеді.

Оқушылардың алдына «қуанышты адам және ренішті адам» жазылған карточканы тастау.

8. Қорытынды

- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз «Көңіл күйімізді басқара білейік» деп аталады. Бұл дегеніміз қандай жағдайда болмасын сабыр сақтап, өзімізді ұстай біліуімізді және өзімізге, айналамызға қуаныш сыйлауымызды білдіреді.



Жүректен жүрекке

Балалар шеңберге тұрып, бүгінгі сабақтан алған әсерлерін айтып, өз көңіл күйі қандай екенін сыныптастары алдында жария етеді.

Мыс: Менің көңіл күйім көтеріңкі, өйткені жақсы көңіл күй қуаныш әкеледі.








Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:




Сабақтың атауы

Білімге құштарлық




Сілтеме

Әдістемелік құрал




Сабақтың жабдығы

Арнайы ресурстар, кітап, интерет




Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Оқушылардың өзін және айналасын тануға,оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, дүниетанымын кеңейту,ы өз ойын ашық білдіруге, пікірлерін қорғай білуге, шығармашылық ізденісін арттыруға дағдыландыру
Тақырыптың мазмұнын жетік түсінеді. Сабаққа қызығушылығы артып, өз ойын жүйелі түрде жеткізеді. Оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді

Әдіс - тәсілдер: ойын, сөздік, көрнекілік, практикалық






Топқа бөлу

Себеттегі,жемістердің түрлеіне сай топтарға бөлінеді.




Ынтымақтастық атмосферасы

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.



Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады






Үй тапсырмасын сұрау

Үй ұмысын сұрау







Қызығушылықты ояту


«Шаттық шеңбері»
«Бақытты балалық шақ». Сөзі: Ж.Тұрбеков.Әні: Ә.Еспаев
•«Ойланайық, пікірлесейік»
-Адамға білім не үшін қажет?
-Оқу кезінде қандай қиындықтар кездеседі?
-Оларды қалай жеңуге болады деп ойлайсыңдар?
-Білімді болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар?
Сыныпты 4 топқа бөлу: «Оқу», «Білім», «Өнер», «Еңбек» екенініне кеңінен тоқталып, алдымен балалардың өз жайолы айтып кетуін сұраймыз. отырып, ономасиологиялық аспектіде жүргізіледі.
«






Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

 Жаңа сабақ. «Оқуға құштарлық»
1-топ: «Оқу» тобы: Кітаптың пайдасы туралы топтап жазу.
2-топ: «Білім» тобы: «Оқу, білім» туралы мақал-мәтелдер жазып, мағынасын ашу
3-топ: «Өнер» тобы: «Оқу, білімге» байланысты өлең шумақтарын оқиды
4-топ: «Еңбек» тобы: Суретпен жұмыс
Суреттерге қарап, «Менің ұстаздарым» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар. 
Мақал – мәтелдер
1. Оқу – білім бұлағы.
2. Білім – өмір шырағы
3. Оқу – инемен құдық қазғандай.
4. Оқу түбі – тоқу.
-Кітап – білімнің бұлағы. Қайнар көзі.Кітапсыз өмір сүру мүмкін емес.Кітап адамды терең ойлауға жетелейді. Әр адам кітаптың бетін ешқен сайын, құнды дүниелерге қол жеткізеді.
4 топ жұмысын қорғап ортаға салады.
• «Табанды бала» мәтінмен жұмыс.
-Бала мақсатына қалай жетті?
-Баланың ғалым болуына қандай қасиеттері көмектесті.
-Қазақ халқының қандай ғұлама ғалымдарын білесіңдер?
•Жаңа ақпарат.
Білім алу қызығушылық, еңбекқорлық және табандылық танытуды қажет етеді. Білім адам игілігіне қызмет етеді.Ал сендерге сол білімнің негізін салушы ол мұғалім.
Ұстаз:
- біліммен сусындатады;
- тәлім-тәрбие береді;
- өмір қиындықтарын жеңуге баулиды;
- табиғатты танып-білуді меңгертеді;
-адамдарды түсінуге үйретеді.
Ұстазымызға ризашылығымызды бiлдiрейiк!
«Кітаптың жыры» Е.Ашықбаев. (Өлеңді жаттау)
-Неліктен кітапты «ұстаз» деп атаймыз?
-Кітаппен қалай дос болуға болады?
«Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» 
Халық мақалы

Ой қозғау

Өзіңді, өзгені танытады;


-Өмірді түсінуге көмекеседі;
-Табиғат құпияларын ашады;
-Болашаққа жетелейді.

«Жүректен жүрекке». «Ақылшы - мұғалім» Сөзі: Ә.Дүйсенбиев. Әні: И.Нүсіпбаев


]— Бiлiм бергенiңiз үшiн рақмет!
— Оқуға үйреткенiңiз үшiн рақмет!
— Ақыл-кеңесiңiз үшiн рақмет!
— Жылы жүрегiңiз үшiн рақмет!
— Жақсылыққа тәрбиелегенiңiз үшiн рақмет!





Сергіту сәті

Дидактикалық ойын: «Сөз ойла, тез ойла»
Сөзді дұрыс айтқан балаға бір - бірден ойыншық үлестіріледі. Ойын соңында ойыншықтарды санау арқылы кімнің көп сөз тауып айтқанын анықтайды.





3 сынып

Мадақтау

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Өзін-өзі тану белестері

Мақсаты

Балалардың «өзін-өзі тану» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

2-сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұнымен таныстыру; өзін, өзгелерді, адамгершілік құндылықтарын танып білуге кызығушылыктарын арттыру; Өзін, өзгелерді, адамгершілік құндылықтарды танып білуге қызығушылығын

  • Сыни тұрғыдан ойлау арқылы еркін сөйлейді, өз ойларын ортаға салау арқылы тапсырмаларды топпн жұмыс істеуге пайдаланады

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

-Қош келдіңдер, балалар! Сендерді көргеніме куаныштымын! Жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Міне, «Өзін-өзі тану» пәні сабағында бәріміз бірге қайта қауышып отырмыз. Сендер үлкейіп, әдемі болып кетіпсіндер. Бойларыңа сай ойларың да өскен болар. Бір-бірінмен кездесуге асыққандарың қуанышқа толы күлімдеген көздеріңнен көрініп түр. Олай болса, бәріміз бір-бірімізбен құшақ жайып амандасайықшы.

Балалар бір-бірімен құшақ жая сәлемдесіп шыгады.

Балалар шеңберге тұрып, Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» олеңін дауыстап айтады.

Әсемпаз болма әрнеге

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар қалан!

- Балалар, қалай ойлайсыңдар, біз өзін-өзі тану сабағында не үйренеміз?

- Бір-бірімізге көмектесуді, өзін, өзгелерді танып білуге, адамгершілік құндылықтарды тануды, т.б.

Мәтінмен жұмыс:

«Алтын балық» мәтінін оқып, оқушылардан мына сұрақтарға жауап алу:

- неліктен балық қарияның тілектерін орындады?

- Қария қандай тілек айтты?

- Алтын балықтан өздерін қандай тілек тілер едіңдер?


Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

І. «Мен кіммін» тренингі

Мақсаты: «Мен кіммін? деген сұраққа жауап беру. Өз есімдерін ұнату арқылы өзін бағалауға үйрету.

Бәрімізде адам болғандықтан, есім беріледі. Есімді қоярда бізден ешкім саған осы есім ұнай ма? деп сұрамайды. Сондықтан кей кездері өз есімдеріміз ұнамай қалып жатады.

Көзін жұмып ұнататындықтарын саусақпен көрсету. 1 саусақ – мүлде, 2 саусақ – ұнатпау, 3 саусақ – қанағаттанарлық, 4 саусақ – ұнатамын, 5 саусақ - өте қатты ұнатамын.

Өз есімдеріңді елестетіңдер. Мүмкін сендер оны жазу күйінде немесе сурет күйінде көретін шығарсыңдар. Ол қандай үлкен бе? Кіші ме? Оның түсі қандай? Дыбыс естисіңдер ма?

Біз өзіміздің бағыт – бағдарымызды анықтап, өзімізді ғана емес, қоршаған ортадағы адамдар өміріне де араласып, ұлы адамдар өмірінен, мінез – құлқынан, жүріс - тұрысы, яғни бір сөзбен айтқанда жақсы қасиеттерінен үлгі - өнеге алып отырсақ нұр үстіне нұр болар еді. Осы мақсатта қазір «Өзіңді ғана емес, өзгені де таны» атты жаттығуы жүргізіледі.

ІІІ. «Мен қандаймын» жаттығуы.

Өз мінезіңізді жаңа қырынан білгіңіз келеді ме? Мына кішігірім тесттен өтіп көріңіз.

Саусақтарыңызды айқастырып ұстаңыз. Жоғарыда қай қолдың саусағы қалғанына назар аударыңыз. Нәтижелерін қағазға жазып отырыңыз. Егер жоғарыда оң қолдың саусағы болса, қағазға "2", сол қолдың саусағы болса, "1" деп жазыңыз.

Жалған нысананы көздеңіз. Көздегенде қай көзіңіз ашық қалды? Сол болса "1", оң болса "2" санын жазыңыз.

Қолыңызды кеудеңізде айқастырыңыз. Қай қол үстінде қалды? Сол болса "1", оң болса "2" санын жазыңыз.

Шапалақтаңыз... Жоғарыда қай қол қалды? Сол болса "1", оң болса "2" деп жазыңыз.

ІҮ. «Өзіңді ғана емес, өзгені де таны» жаттығуы.

Ойын шарты: Оқушыларға ауылға еңбек сіңірген адамдардың суреттері беріледі. Балалар осы кісі туралы, оның өзіне үлгі, өнеге боларлық ісі, мінез – құлқы туралы әңгімелейді..




Сергіту сәті

Әкем менің егінші,

Анам менің сауыншы.

Ағам менің  кенші,

Апам менің тігінші.

Отырмаймын мен текке,

Кеттім мен де мектепке.

-         Ал, балалар, мектепке келгеннен кейін не істеу керек?

-         Орнымызға отырып, оқу керек.



Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Сөзжұмбақты шешіңдер.

Өз ұстазыңызбен қарым – қатынасыңыз қалай?» жаттығуы.

Біз бағанадан бері сынып оқушыларымен жұмыстар жүргіздік. Енді күделікті сынып өміріне етене араласып, тәрбие мен білімді ұштастырып отырған сынып оқытушыларының сынып оқушылары туралы қаншалықты жақсы білетіндігін байқау мақсатында, яғни оқушы мен оқытушы қарым – қатынасы қандай екендігін тексерейік.

Жүргізілу жолы: Сыныпқа сабақ беретін мұғалімдер алдын – ала төмендегідей сауалдарға жауап толтырады. Мұғалім осы сыныптағы бір оқушыны таңдап алып, сол оқушының атынан сауалдарға жауап береді.

Менің есімім

Менің сүйікті түсім

Менің сүйікті ісім

Менің аяқ - киім өлшемім

Менің сүйікті әнім

Менің сүйікті фильмім



Осындай сауалдар үлгісі сынып оқытушыларынан алдын – ала алынып қойылады да, оқушылар жауабымен салыстырылады.

Үйге тапсырма

Оқулықпен жұмыс.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Өмірді танып білуге құштарлық

Мақсаты

Өмір,бақыт,махаббат,адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, оқу – білімнің адам өміріндегі маңызы туралы түсініктерін кеңейту, Шығармашылық тұрғыдан қиялдау іскрліктерін дамыту

-

- Топта жұмыс істеу арқылы ізденеді, біледі, түсінеді және мәтінмен жұмыс істеу арқылы пәнге қызығушылығы артады



Пәнаралық байланыс: Өмірмен байланыс, еңбекке баулу, бейнелеу өнері.

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Оқушылар жеке-жеке шығып,тақтада орындайды.

лалар бір-біріне құрып тұрады. Мынау асық .Ол сиқырлы. Әрқайсың сақаны ұстап,өз достарыңа, құрбыларың мен сыныптастарыңа ақ ниетпен тілек тілеңдер.

Өмірдегі бар жақсылықты тілеймін

Озат бол


Досың көп болсын

1.Оқулықпен жұмыс

«Адам болғым келеді» С.Дәуітовтың өлеңін мәнерлеп оқимыз.

Әңгімелесу

Адамгершілік құндылығы туралы не дейміз?

Армандарың бар ма?

Балалардың жауаптары тыңдалады..Өзім қорытынды жасаймын.

Ойланайық,пікірлесейік.

Оқуылардың білім біліктіліктерін кеңейту мақсатында мынандай тапсырма ұсынылады.

Сурет бойынша әңгіме өткізу.

-Адамның өзін-өзі тануы не үшін қажет?

-Адам өмір сүруді кімнен,қалай үйренеді?

-Адамға өмірде не қымбат деп ойлайсың?

-Жақсы қасиеттерді қалай үйренуге болады?

Мәтінмен жұмыс

«Ата өсиеті» аңызын әңгімелеп беремін.\



Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Ана қиялы қандай ниетпен пайда болды, деп ойлайсыңдар?

Сендердің қандай қиялдарың арманға ұласты?

Қалай жүзеге асты?

Балалардың жауабы тыңдалады.Қорытынды:

Жақсы ниетпен пайда болған қиялдың арманға ұласып, оның орындалуы әбден мүмкін.Сондықтан да жақсылықты қиялдауға ұмтылған дұрыс.

Дәйексөз
Өзіңді таңығың келсе, олардың ісіне қара. Ф.Шиллер.

Ой- қиял.

Дәптермен жұмыс

Жаңағы әңгімені өз қиялыңмен жалғастырып көр.Дәптерге жазамыз.


Сергіту сәті

Мойнына моншақ іліп ап,
Мысық жатыр пырылдап.
Маңына маса келіп қап,
Мазасын алды ызыңдап.

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Жаттығу-ойлану

Балалар үш топқа бөлініп, әр топ өз сұрақтары бойынша плакаттағы сұлбалар сызбасына жауаптарын жазып шығады.

1-топ. Өмірде кімдердің көмегін, қамқорлығын сезіндіңдер? Олардың өмір сүруге қандай көмегі бар?

2-топ. Өз бойыңнан адамның қандай жақсы қасиеттерін сезіне білдіңдер? Өмірде қандай жағдайда сол қасиеттеріңнің септігі тиді?

3-топ. Өмірді сүю неге жетелейді? Адамға өмірді танып білу үшін не қажет?

Жаңа ақпарат

Мұғалім оқушыларды жаңа ақпаратпен таныстырады:

«Адам айналасын танып білу арқылы өмірге құштарлығы артады. Өз болашағына сенімді болады».

Дәптермен жұмыс

1-тапсырма: «Менің бақытты болуым үшін» тақырыбына қысқаша әңгіме құрастырыңдар.

2-тапсырма: «Бақытты балалық шақ» тақырыбына сурет салыңдар.

Қорытындылау

Мұғалім оқулықтағы қоржында берілген түйінді сөздерді пайдаланып, бүгінгі сабақты қорытындылайды.

Жүректен жүрекке

Мұғалім сабақта айтылған ойларды қорытындылайды, оқушылар бүгінгі сабақтан алған түсініктерін Ә. Дүйсенбиевтің «Біз өмірдің гүліміз» өлеңі арқылы білдіреді.

-Бүгінгісабақтан оқып білгеніміздей өмірді сүю, оған құштар болу-бақытты, жақсы өмір сүруге көмектеседі. Осы өмір өздері сияқты балалардың қызықты әлемі. Өмірдің гүлі де, қуанышы да сендерсіңдер. Өздеріңді сүйіңдер.



Үнтаспадан «Біз өмірдің гүліміз» әнін тыңдайды. Бәрі бірге қосылып айтады.

Үйге тапсырма

Мазмұнын түсіндіру

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет