Білімдік: Мәтін туралы алғашқы мағлұмат беру, мәтінді түсініп оқуға үйрету, мазмұнын ашу, мәтін мен сөйлемнің айырмашылықтарына тоқталу, оларды айыра білуге үйрету.
Дамытушылық. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Пайдалы өсімдік туралы түсінік беру, адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
Тәрбиелілік. Өсімдіктің пайдасы жайлы айтып, оны күтуге, жалпы туған жердің табиғатын қорғауға баулу.
Сыни тұрғыдан ойлау
Түрі: аралас
Әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап
Көрнекілігі: әртүрлі үлгі сөздер, адамгершілік тәрбиесі кестесі (көріністер, оқушылар көмегімен)
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Мағынаны тану
Мәтіннің үш бөлімі болады:
Басы
Негізгі бөлімі
Соңы
Ереже
Мәтін - мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады. Мәтінге ат қоюға болады.