Сабақтың атауы Сөйлеу Көзге көрінбейтін бала Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет42/65
Дата02.07.2018
өлшемі1,8 Mb.
#45432
түріСабақ
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   65



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Сөз Малдың пайдасы

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға өлеңнің мазмұнын ашып түсіндіру;

б) өз беттерімен жұмыс жасауға үйретіп, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ..

Сабақтың әдісі- тәсілі: әңгімелеу, сұрақ- жауап, өзіндік жұмыс,пәнаралық байланыс,пысықтау.

Көрнекілігі: суреттер, буклеттер

Сабақтың барысы: Ой қозғау

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

«Кім жылдам» ойыны арқылы сұрақ- жауап өткізу:

Әр топқа өз түліктеріне сай сұрақ беру.


Түйе атасы------ Жылқы атасы ----- Сиыр атасы -------

Түйені шақыруы ------ Жылқыны шақыруы----- Сиырды шақыруы ------

Түйе төлі --------- Жылқы төлі ----------- Сиыр төлі --------

Қой атасы .... Ешкі атасы----- Қойды шақыруы-----

Ешкіні шақыруы---- Қой төлі ----- Ешкі төлі------


Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс.

188. Өлеңді мәнерлеп оқып мазмұнын түсіндіру.

Әр топ мүшелері өз тобының түліктеріне байланысты айтылған жолдарды

жеке –жеке дауыстап оқу.

Төрт түліктің адамға берер пайдасы туралы айту. Олардан алынатын өнімдерді дайын түрде көрсету.



Сүттен жасалатын тағамдарды кестеден көрсету.

Сөз мағынасы туралы түсінікті пысықтау:

Мағынасы қарама – қарсы сөздерді қайталату;

Мағынасы жуық сөздерді қайталау;

Айтылуы бір, бірақ мағынасы әртүрлі сөздерді қайталау.



Сергіту сәті

Сағаттың тіліндей,

Иіліп оңға бір,

Сағаттың тіліндей

Иіліп солға бір.

Оң аяқ, сол аяқ,

Жаттығу оңай-ақ



Ой толғаныс

Ән айту

Көлдей шалқып жас өмір,

Тасып жатқан шағында

Кемерінен шалықтап,

 Асып шатқан шағында

Ойын ойнап, ән салмай 

Өсер бала болар ма

Күміс күлкі көрмей ол

Кемеліне толар ма.

Айгөлек ау айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек,

Айдай толған кезімде  3 рет

Би билеймін дөңгелеп.

Асыл сөздің ұстасы-

Ақын болар ұрпақпыз

Өнер, білім, еңбекке,

Жақын болар ұрпақпыз

Он саусағы майысқан

Шебер болар ұрпақпыз,

Тұла бойы толған бір

Өнер болар ұрпақпыз.

Айгөлек ау айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек,

Айдай толған кезімде   3 рет

Би билеймін дөңгелеп.


Үйге тапсырма

Өлеңді мәнерлеп оқу.

189-тапсырма



Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Заттың атын білдіретін сөздер Адам болам десеңіз

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірінен дерек, шығармашылығына шолу жасау, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу.
Дамытушылығы: оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: адамгершілікке, тапқырлыққа, намысшыл болуға шақыру.
Типі: дәстүрлі
Әдісі: топтастыру, түсіндіру, сұрақ – жауаптар, талдау.
Пәнаралық байланыс: дүниетану. қазақ тілі, ана тілі т. б.
Сабақтың көрнекілі: Абайдың портреті, кітаптары.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Өмірбаяны
Абай Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамызда Шығыс Қазақстандағы (бұрынғы Семей облысы) Шыңғыстауда дүниеге келген
Өскен ортасы
Абайдың әкесі тілге шешен, ақылға бай ел басқарған адам болыпты. Меккеге барып келіп, Қарқаралыға мешіт салдырған. Оған «Арғы атасы қажы еді» өлеңі дәлел. Абай өлеңді бала кезінен сүйді. Оның өлеңге, өнерге, болашаққа құштарлығын оятқан әкесі. Барлас ақынның бата беруі: Шырағым ер жетерсің,
Ер жетсең, сірә не етерсің!?
Алысқа самғап кетерсің.

Өсу жолдары


Әкесі Абайды Семейдегі «Ахмет Риза» медресесіне оқуға береді. Оқу дегенде Абай небары үш жыл мұсылманша, үш ай орысша оқыды. Араб, парсы тілдерін жақсы меңгеріп, шығыс классиктері: Сағди, Науаи,
Низами, Жәми шығармаларымен танысты. Ел басқару ісіне араласып, ақ пен қараны білді. халықтың сөзіне араласты.

Шығармашылығы


Зеректігінің арқасында орыс тілін меңгеріп, ол А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, И. А. Крылов шығармаларын қазақ тіліне аударды. Еуропа ғалымдары Луистің Днепердің еңбектерін, соның ішінде «Позитивная философия», «История умственного развития Европы», деген кітаптарын оқып, зерделеген, 45 қара сөз 3 поэмасы бар. Әр түрлі тақырыптарға өлең шығарған. Қазақ поэзиясың түр жағынан да мазмұн жағынан да байытқан. 
3 ) Адам болам десеңіз
А ) өлеңді 3 - 5 оқушыға мәнерлеп оқыту.
Ә) Өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу.
Б) Сөздікпен жұмыс.
Қанағат - қанағатшылдық, өлшеммен білу, жеткіліктілік
Рахым - қайырымдылық, мейірімділік, шапағат
Тілеуің – үмітің

191-тапсырманы орындау



Мағынаны тану

Сергіту сәті

Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады)

Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды)



Көктен төмен  әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды)

Ой толғаныс

Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды. Абай атаның осы өлеңде айтайын деген негізгі ойы не?
Венн диаграмма:
Талап ------------- Өсек
Еңбек ------------- Өтірік
Терең ой --------- Мақтаншақ
Қанағат ----------- Еріншек
Рақым ------------- Мал шашпақ

Үйге тапсырма

Өлеңді мәнерлеп оқу 192-тапсырма

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет