Сабақтың атауы Сөйлеу Көзге көрінбейтін бала Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет41/65
Дата02.07.2018
өлшемі1,8 Mb.
#45432
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   65



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Сөз Бөрте лақ. Ботақагым-бөбегім. Құлынщағым құндызым.

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділігі: Оқушылардың өлеңдерді мәнерлеп, түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру, қарсы мәндес сөздер туралы білімдерін тиянақтау, нақтылау.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін дамыту. Қызығушылығы мен танымын арттыру.
Тәрбиелілігі: Төрт түлікке деген сүйіспеншіліктерін ояту, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, сахналау.
Сабақтың көрнекілігі: Жайлауда жүрген мал суреті. жұмбақтар.

Психологиялық ахуал

І. Ұйымдастыру бөлімі:( Оқушылардың ойын жинақтап, назарларын сабаққа аудару)
ІІ. Қызығушылықты ояту. Еске түсір.
- Балалар біз ертегілерді жасы білеміз. Ертегілер қалай басталушы еді?
- Ерте ерте ертеде...
- Ерте заманда
- Баяғы заманда
- Сол ертегілер елінен ақыл айла тапқырлығымен өтірік өлең айтып ханды жеңіп шығатын халық өкілі кім еді?
- Тазша бала.
- Мінекей сол Тазша бала ертегілер елінен бізге келіп отыр. Ол сендердің білімдеріңді бағалауға келіпті. Өзімен бірге сый қоржыны да бар екен. Ал енді Қоржындағы сыйлықтан алу үшін сабаққа жақсы қатысайық.
- Үйге қандай тапсырма берілген еді?
- «Жылқы» өлеңін мәнерлеп оқу. Түсіну.
(Өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқыту)
- Балалар Тазша бала бізге мынадай сұрақтар береді.
1. Жылқының қандай пайдасы бар?
2. Жылқы Биенің төлін қалай атайды?
3. Бие сүтінен қандай сусын жасайды?
4. Жылқы етінен қандай тағамдар жасалады?
5. Жылқы малына байланысты қазақтың ұлттық ойындарын ата.(Бәйге, аударыспақ, кыз қуу, көкпар.)
6. Қылынан не жасайды?
(Қылынан арқан, жіп ескен.)
Қыл – жалдың, құйрықтың жіңішке ұзын талы.
(Тақтада малдардың суреттерінен аттарын атау)
Қой, сиыр, түйе, құлын, бұзау.
- Балалар қазақ халқы шаруашылыққа қандай малдарды пайдаланған?
- Өгіз, түйе, ат.
- Оқушылар біз жайлауға саяхат жасаймыз. Осы малдардың қайсысын көлік етіп аламыз?
- Атты.
- Олай болса, қане кім жылқының дауысын салып береді?
- Қалай шақырамыз?
- Құрау-құрау, мох-мох
- Хормен шақырып көрелік.
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар тақтада суретте не берілген?
- Жайлау, малдар, төлдер, киіз үй, тау.
- Суретке қарап тақырып қойып алайық.
- Жайлауда.
Малшылар көктем шығысымен малын айдап жайлауға көшеді. Жайлауда шөп мол болады. Малшылар жайлауға апарып киіз үй құрады. Қойшылар қойларын шөбі мол жерге бағады. Қойды қойшы атпен бағады. Жайлауда көже, шұбат, сүт, құрт - май көп болады. Жайлау көк шөбімен өте әдемі болып жатады. Жайлауда өте көңілді болады.
- Балалар, мал бағу ата бабамыздың ертеден келе жатқан кәсібі. Төрт түлікті кисе киім, жүрсе көлік, ішсе сусын, жесе тамақ қылды. Іштеріңде естіп жүргендерің бар ма үлкен кісілер амандасқанда «мал жаның аман ба?» деп амандасады. Сонда бірінші нені сұрап тұр байқадың ба?
- балалар мал мына суретте қалай жайылып жүр?
- топ – топ болып
- малдың бұлай топ болып жайылуының да аттары бар.
Қойды отар – отар, сиырды табын – табын, жылқыны үйір – үйір, түйені қадау – қадау дейді екен.
Қадау – қадау деген – бұл жалғыз дегенді білдіреді.
Енді осы суреттен малдар төлдерін атап жіберейік.
- Қозы, лақ, бота, құлын, бұзау.
- Олай болса, бүгінгі сабағымызда осы төлдер жөнінде болмақ.
ІV. Оқулықпен жұмыс. 179 – жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу.
1. Өлеңді мәнерлеп оқу.
2. Төлдерді атау
3. Өлеңді оқушылардың тізбектей оқуы.
V. Сөздік жұмыс
Секектеме – секірме
Деміңді ал – тынық
Құстай қанат қағады – жүгіреді
VІ Ойын ойнайық!
«Мен бастайын, сен аяқта»
Қой баласы қоңырым
Қойдай жуас момыным
Шопан ата түлегі
Қошақаным қайдасың
Пұшайт, пұшайт!
Жауын жауса, бақырған,
Ешкі атасын шақырған.
Өрісте өткен жануар,
Шөкетайым қайдасың
Шөре, шөре!
Жолға шықсам, көлігім,
Жапанда жүрсем, серігім.
Қамбарата өсірген,
Құлыным менің, қайдасың?
Құрау, құрау!
Тілімен мұрнын жалаған,
Тілімен бойын тараған.
Зеңгібаба өсірген
Әукешім менің, қайдасың?
Аухау, аухау!
Екі көзі танадай,
Екі өркеші баладай,
Ойсылқара баласы,
Ботақаным, қайдасың?
Көс, көс!
Малды қалай шақырады? (Оқушылардан жеке жеке сұрау)
Қошақанды пұшайт, пұшайт
Лақты шөре шөре
Құлыншақты құрау құрау
Бұзауды аухау аухау
Ботақанды көс, көс
VІІ Енді осы төл атауларына дыбыстық талдау жасап жіберейік.
Лақ – 3д, 3ә, 1б. Бота – 4д, 4ә, 2б. Бұзау – 5д, 5ә, 2б.
Дыбыс деген не?
Әріп деген не?
Дыбыстар неше түрге бөлінеді?
Сөз неден құралады? Мысалы:
Сөйлем неден құралады? Мысалы:
VІІІ Дәптермен жұмыс.
1. Мағынасы жуық сөздерді сызықпен қос.
Әдемі ажарлы көрікті сұлу
Шыдамды төзімді мықты
Жуас момын ынжық
2. Жоғалған сөзді тап.
Сүт, құлын, момын, ертегіні (Оқушыға тақтаға жазғызу)
3. Көркем жаз.
ІХ. Сергіту сәті.
Қошақаны қойдың
Қайда қалып қойдың
Бұлтиып тұр бүйірің
Қай өрістен тойдың
Секең секең ей лақ
Жүрмін саған кейіп ақ
Тыным тапсаң болмай ма
Секірмей ақ кей уақ
Мұғалім:
Балалар біз өткен сабағымызда айтқандай әр түліктің бақташы, пірі, иесі болады дедік, атап жіберейікші
Қой атасы – Шопаната
Жылқы атасы – Қамбарата
Ешкі атасы – Сексеката
Түйе атасы – Ойсылқара
Сиыр атасы – Зеңгібаба Ата деп отырғанымыз сол малды бағып күткен адам. Сол аталарымыз сендерге мынадай сөзжұмбақ береді.
Х. Сөзжұмбақ шешейік.
1. Кішкене ғана бойы бар
Айналдыра киген тоны бар
2. Сиыр малының төлі.
3. Тастан тасқа секірген
Ұзын салпақ құлақты
Қойдан маза кетірген
Кім біледі (лақты)
4. Қамбар атаның алдына салып бағатын жануары?
5. Сыңар өркешті шөлге төзімді мал.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Сергіту сәті

Ой толғаныс

Үйге тапсырма

180,181-тапсырмалар

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Сөз Түйе

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Оқушылардың сөздік қорын байыту, сөйлеу тілін дамыту, сабаққа ынта-ықыласын арттыру, оқушыларды жылдам ойлауға, әдемі сөйлеуге, сауатты көркем жазуға, зейінді, ұқыпты болуға баулу.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Түйенің  төлін  қалай  атайды? Сүтін ше?

–         Түйенің  жүрісі  туралы  не  деуге  болады?

–         Шудасы  туралы  ше?

–         Түйе  қандай   шөпті  жақсы  көреді?

–         Түйенің   пайдасы  қандай?


Мағынаны тану

182-тапсырма

Мәтінді мәнерлеп оқу.

Сұрақтарға жауап беру.

183-тапсырманы орындау.

Тест

1.Түйенің  сүті                                                                                                                             



А) Қымыз   Ә)  Шұбат     Б) Айран       В) Шырын

2.  «Көзі  моншақтай,                                                                                                                 

    Өзі   жұп жұмыр.                                                                                                                              

Құйрығы   шашақтай,                                                                                                        

       Ерні  жып – жымыр »    деген   жолдарда   қай  төл  туралы айтылған?                                                  

     А)  Лақ      Ә)  Қозы     Б) Бұзау       В) Құлын

3. «Мүйізі    айдай  иілген
Мұрнын  көкке  шүйірген»   не?

 А)  Жылқы      Ә)  Сиыр          Б) Түйе       В) Қой

4.   «Маң  –  маң»  басқан,  маң  басқан,                                                                

  Шудаларын  шаң   басқан»   не?                                                                                                А)  Жылқы      Ә)  Сиыр          Б) Түйе       В) Қой



Сергіту сәті

Бір – білім ал,

Екі – ерлік көрсет,

Үш – үлгі тұт,

Төрт – тәртіп керек,

Бес – бестік баға ал,

Алты – алғыс ал,

Жеті – жеңіс біздікі,

Сегіз – сенім керек.

Тоғыз – тоқу керек,

Он – оқу керек.



Ой толғаныс

Түйелер (лат. Camelus) — сірітабандылар отряд тармағына жататын сүтқоректі ірі жануарлардың бір туысы. Түйелер шөлге де, қатты аязға да төзімді, күшті көлік малы. Мұның екі түрі бар: қос өркешті түйе (Бактрия түйесі) — негізгі өсірілетін жерлері:Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Астрахан, Сталинград, Саратов және Чита облыстары, бұрынғы КСРО-да мұның Астрахан түйесі, Қазақстан түйесі, моңғол түйесі деп аталатын негізгі үш тұқымы өсіріледі; бір өркешті түйе (дромедар), —Түрікменстанда, көбінесе Тәжікстанда, Өзбекстанның оңтүстік аудандарында және Қазақстанның кейбір жерлерінде өсіріледі. Ең көп өсірілетін жері — Қарақұм. Қоспақ түрлеріне, пайдалануына, қанына қарай: аруана, желмая, нар деп аталады. Түйенің еті мол, жүні биязы болады

Үйге тапсырма

186,187-тапсырмалар

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет