Сабақтың атауы Сөйлеу Көзге көрінбейтін бала Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет37/65
Дата02.07.2018
өлшемі1,8 Mb.
#45432
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   65

Тексерілді:


Пәннің аты Ана тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Наурыз тойы

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Кірістірілген модульдер


Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сөйлемдегі сөздердің байланысын меңгеруіне мүмкіндік

жасау; өлеңді мәнерлеп оқуға төселдіре отырып қазақтың салт-

дәстүрлеріне құрметпен қарауға баулу.

Сыни тұрғыдан ойлау

Түрі: аралас

Әдісі: СТО әдістері, шығармашылық тапсырма, тест, ребус шешу, топтастыру,

Амандасу,түгендеу



Психологиялық ахуал

Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса.
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Үй тапсырмасы

Көктем бейнесі

әңгімелеу

Қызығушылықты ояту

1. Үлкен алтын таратқан,

Әлемге нұр таратқан. (күн)

2. Көктемде ақ гүлге оранады,

Күзде қолға доп болып оралады. (алма)

3. Жылт-жылт еткен, жырадан өткен. (су)

4. Төбеден төнеді, тамшысын төгеді.

Сол кезде ой қаулап, бәйшешек өнеді. (жаңбыр)

5. Сөз үйретсең, қайталайды,

Өздігінен айта алмайды. (тоты)

6. Тоңғақты таниды,

Беті қолын қариды. (аяз)


Мағынаны тану

Автор жөнінде қысқаша мағлұмат беру.

Әдібай Табылдиев – 1926 жылы 2 қаңтарда Жаңа тұрмыс ауылында дүниеге келген. Ақын, ғалым, педагогика ғылымының кандидаты. Ол көбінесе мектеп балаларына арнап өлеңдер, ертегілер жазған. Оның «Әдеп әліппесі» атты оқу құралы мектептерде жеке пән ретінде пайдаланылады. (1997ж).

Топтастыру

Көктем мерекесі Жаңа жыл



Наурыз

Күн мен түн теңеледі 1989 жылдан- жалпыхалықтық мереке

Табиғат оянады


159-жаттығу.

1. Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқуы.

2. Оқушылардың оқуы.

3. Өлең мазмұнына байланысты сұрақтар.

- Балалар, өлең сендерге ұнады ма ?

- «Наурыз тойы» қандай той ?

- Бұл тойды халық қалай тойлайды ?

- «Наурыз тойы — салтымыз» дегенді қалай түсінеміз ?



160- жаттығу

Жұмбақты көшіріп жаз. Шешуін тап. Сөздердің байланысын сызып көрсет.

Күндіз бәрі қашады,

Түнде аспанды басады. (жұлдыз)



Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.



Бірге қайталап орындау


Ой толғаныс

161-жаттығу. Ауызша орындалады.

- Бұл баталар мен тілектер қай кезде айтылады ?



Өздік диктанты

Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрастыру.



  1. тұрады, Алматыда, Айжан.

  2. демалыста, барады, ол, Астанаға.

  3. тойы, наурыз, ауылда, болды.

Ойын: «Гүл теру»

Көктем айларын ата.

Наурызда дайындалатын тағам қалай аталады ?



Наурыз мерекесіне қандай тілек айтасың ?

Үйге тапсырма

Өлеңді жаттау 101бет

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Тексерілді:

Пәннің аты Ана тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ұзынсары

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Кірістірілген модульдер


Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың білімдерін, сөйлеу мәдениеттілігін дамыту жұмыстары арқылы бекіту. Тіл мен сөйлеу мәдениетін дамыту. 1. Мәнерлеп, түсініп оқу дағдысын қалыптастыру.
2. Сөздік қорын молайту, еркін өз пікірін ашық, еркін айта алатын тұлға дамыту.
3. Ұжыммен жұмыс жасай отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сыни тұрғыдан ойлау

Әдісі: Саяхат сабақ, сұрақ-жауап,
Көрнекілік: Сызба, сурет, тірек-сызба. 

Амандасу,түгендеу

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Үй тапсырмасы

Наурыз тойы

Жатқа айту

Қызығушылықты ояту

Ұзынсары немесе «жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы» деп те айтылады. Наурыз туысымен күн ұзарып, адам баласының қимыл-қозғалысы күшие түседі. Күзде жинаған ағзамыздағы дәрумендер сарқылып, әлсіздік пайда болады. Қазақ халқы ұзынсарыға соғымнан сыбаға сақтап, осы кезде дұрыс тамақтануға ерекше көңіл бөлген. 

Мағынаны тану

«Ұзынсары» – көктем мезгілі

«Ұзынсары» – көктемгі күн мен түннің теңелуінен кейінгі күннің ұзара бастайтын уақыты. Үш ай бойғы қыстың суық ызғары кетіп, жер-дүние жаңарады. Халық арасында жылдың бұл мезгілін көкөзек шақ, деп те атайды. Әжелеріміз бен аналарымыз «ұзынсарыға», деп, сүрленген соғымның етін сақтап қояды.



Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру.

163-тапсырманы орындау

Сөздік жұмыс

Керме,Сыбаға,ежелгі

164тапсырма Біліп ал!


Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді,

Саңырауқұлақ тереді.

Кездесті, міне, керегі:

Екеуі қайың астынан.

Біреуі терек қасынан.

Қанша олар болмақ есепте,



Тоқылған салса себетке?

Қимыл көрсетіп жасау


Ой толғаныс

Ой толғаныс «Жинақтау тәсілі»
Ұзынсары - наурыз айында күннің ұзаруы. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер тұсымен дөп келетін осы кезеңді қазақ тұтасымен «ұзынсары» деп атаған. Халық арасында жылдың бұл мезгілін көкөзек шақ немесе ұзынсары деп те атайды. Ел арасында ұзынсарыға байланысты қызықтар да жеткілікті. Осындай қызықтардан аң­ыз болып қал­ған­дарының бірі мынау: бірде енесі жаңа түс­кен жас келініне «етті ша­малап пайдалан, кейінгіге қал­дыр, ұзын­са­рыға қалдыр, ертең ұзын­сары келгенде жейміз» деп айта беретін кө­рінеді. Күндердің бірінде сол үйге ұзын бойлы, сары әлпетті кісі келген екен. Келген қонаққа келіні үйіндегі cақ­таған бар етін асып, ас­ты-үстіне тү­сіп, бар тәттісін келген қонақ­тың алдына ұсынып, біраз әбі­герге тү­сіп­ті. Кейін келіні­нің әлгі кісіні соншама құрметтеп баққанын байқаған енесі «Қар­ғам, мұның не, етті түгел асып тастағаның не?» деп сұраса, келіні «апа, өзі­ңіз емес пе ұзынсары кел­генде асасыз деген» депті мүдірмей. Міне, осындай ауыздан-ауызға тара­ған аң­ыз­дар бар.

Үйге тапсырма

162-тапсырма

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет