Оқушылар сөйлем, сөйлем түрлерімен танысады. Сөйлемдерді тыныс белгілеріне қарай ажырата алады.
Міндеті: 1. Мазмұнына байланысты міндет:
Тапсырмаларды орындату арқылы сөйлем түрлерін табады.
2. Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет:
Оқушылардың ой-өрісі артады, өзара пікір алмасады.
3. Оқушылар өз ойларын қорғай білуге үйренеді.
Сыни тұрғыдан ойлау
Сабақтың түрі: Жаңа оқу - материалдарын оқып –үйрену сабағы.
Сабақтың әдісі: Тірек сызба,
топтастыру, еркін жазу, түсіндіру, ойын, кезекпен қайталау т.б
Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызба, суреттер
Кемпірқосақ – аспан күмбезінде түрлі түсті доға түрінде көрінетін атмосферадағы оптикалық құбылыс. Ол аспанның бір жағында торлаған бұлттан жаңбыр жауып, қарсы жағында жарқырап күн шығып тұрған кезде көрінеді. Кемпірқосақ тікелей түскен күн сәулесінің жаңбыр тамшыларынан өткенде сынып, құрамдас бөліктерге (қызыл, сарғылт, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін) бөлінуінің және тамшы бетінен шағылған толқын ұзындығы әр түрлі сәулелердің дифракциялануы менинтерференциялануы нәтижесінде пайда болады. Кемпірқосақтың айқындығы жаңбыр тамшыларының үлкен-кішілігіне байланысты өзгеріп отырады. Тамшы үлкен болса кемпірқосақ айқын, жарық болып көрінеді. Кейде алғашқы кемпірқосақпен бірге екінші кемпірқосақ қабаттаса көрінеді, оны қос кемпірқосақ деп атайды. Қос кемпірқосақ күн сәулесінің су тамшысына белгілі бұрыш жасай, екі рет шағылысуынан түзіледі. Сонымен бірге ай сәулесінен пайда болатын кемпірқосақты ай кемпірқосағы деп атайды
Сергіту сәті
Ардақтайтын Астанам
Мәртебелі бас қалам.
Көркейе бер күн сайын,
Алға қарай бас қадам!
Ой толғаныс
1.Тасымалданбайтын екі буынды сөзді көрсет. А)аю,ою,ұя,иә.
Б)бала,қоян,дала.
С)мойын,шойын.
2.Заттың сынын білдіретін сөздердің сұрақтарын көрсет: А)Не істеді? Не қылды? Қайтты?
Б)Кім? Кімдер?Не? Нелер?
С)Қандай?Қай?
3.Заттың атын білдіретін сөздерді көрсет: А)ойнады, жүгірді.
Б)Оқушы, кітап
С)Үлкен, ұзын.