Сабақтың атауы Сөйлеу Көзге көрінбейтін бала Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет56/65
Дата02.07.2018
өлшемі1,8 Mb.
#45432
түріСабақ
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   65



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Заттың санын білдіретін сөздер Көктем сәні

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Мақсаты: 
1. Ертегіні түсініп, мәнерлеп оқи білу.
2. Заттың сынын білдіретін сөздермен таныстыру.
3. Сын тұрғысынан ойлауын дамыту.
4. Диалогтік оқыту арқылы сөздік қорын кеңейту.
5. Топпен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру.
6. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.
7. Табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу;
Күтілетін нәтиже:
• Ертегіні түсініп, мәнерлеп оқиды, идеясын түсінеді;
• Заттың сынын білдіретін сөздер туралы мағлұмат алады.
• Сыни тұрғыдан ойлауы қалыптасады;
Ауызша сөйлеу, есте сақтау қабілеттері артады;
• Топпен жұмыс жасауға белсенді қатысады.
• Сұрақтарға толық жауап беруге тырысады;
• Шығармашылық қабілеттері дамиды;

Психологиялық ахуал

Кіріспе
(3 мин). Сыныпты сабаққа ұйымдастыру
(ынтымақтастық атмосфера орнату)
Шаттық шеңберін құрады: «Сен әдемі сөздерді білесің бе?»
2. Оқушыларды топқа бөлу. Топ басшысын сайлау. Бағалау парағын толтыруды ескерту.

Гүлдердің аттары бойынша балалар үш топқа бөлінеді: «Бәйшешек», «Қоңыраугүл», «Жауқазын»


Білу (7 мин)
Үй тапсырмасын тексеру
1. Өткен материалды қайталау.
Мұғалімнің әрекеті
Сұрақтар қойылады.

Оқушылардың шығарып келген өлеңдерін тыңдайды.


Сұрақтар қояды:
- Ләлігүл қайда өседі?
- Ләйлігүл қашан өседі?
- Өзің гүл өсіресің бе?
- Кім гүлді жақсы көреді?, неліктен?
- Гүлді кімге сыйлауға болады?
- Неліктен сен гүлді
анаңа сыйлағың келеді?
Оқушылардың әрекеті:
Балалар шығарып келген өлеңдерін оқиды.
Сұрақтарға жауап беруге тырысады, Өз ойларын айтады.

Түсіну
(10 минут)
Ой қозғау

1. Тақтадағы суреттер бойынша жұмыс жүргізу.

Балалар суреттегі заттардың қасиеттерін айтады: Алма - қызыл, тәтті, дөңгелек. Гүл - әдемі, хош иісті, сары. Доп - дөңгелек, жұмсақ, жасыл.


Мұғалімнің әрекеті:
Жаңа тақырыппен таныстыру:
- Бұл сөздер заттың несін білдіреді?
- Бұл сөздерге қандай сұрақтар қойып тұрмыз? (қандай?)
Осылайша заттың сынын білдіретін сөздермен танысады.
- Мына бала не істеп тұр?
- Қай қолын көтеріп тұр? (- Қолын көтеріп тұр. Оң қолын көтеріп тұр - деп жауап береді балалар)

Осылайша «қай?»- деген сұрақпен таныстырады


Мұғалімнің әрекеті:
Сұрақ қою:
- Қазір қандай жыл мезгілі?
Дәптердегі сызбаны толтыруды ұсынады.
Мысал келтіреді: қай үй?
- шеткі үй.

2. «Көктем сәні» ертегісімен таныстыру


Мұғалімнің әрекеті:
Б. Өмірбаев жайында қысқаша мәлімет береді.
Жұппен жұмысты қадағалайды.

- Арыстан аңдарға қандай сұрақ қойды?


- Ендеше көктем сәні неде?
3. Оқулықпен жұмыс.
Жұппен орындайды

Балалар өздері оқиды.


Бір - біріне мазмұнын айтып береді (жұппен).
Сұрақтарға жауап береді

Балалар «Көктем қандай мезгіл?» дәптердегі сызбаны толтырады


Сергіту сәті
(2 мин)

Музыка ырғағымен билеп, сергіп алады


Қолдану
(10 мин)

1. Дәптермен жұмыс


Ертегі ішінен қарамен жазылған сөздерді зат есіммен бірге теріп жазу.
Мұғалімнің әрекеті:
Заттың сынын білдіретін сөздерді қаншалықты түсінгендерін байқайды.
Балалардың дұрыс отыруын, жазу ережесін сақтауды қадағалайды.
Талдау
(3мин)

Эдвард де Бононың «Ойлаудың алты қалпағы» әдісі бойынша «Көктем» тақырыбын талдау


(жұппен жұмыс)

Мұғалім тиісті ережелермен таныстырады. Оқушыларға бағыт - бағдар беріп отырады.


Оқушының әрекеті:
Жұптар өз қалпақтарының белгілері бойынша сөйлеуге тырысады. «Көк қалпақ» киген оқушы әр жұптың дәлелдерін бағалайды.
Жинақтау
(4 мин)
Семантикалық карта толтыру.
(сөз таптарына байланысты)

Мұғалім кестемен жұмыс істеуді қайталап, ескертеді.


Балалар сөз топтарына байланысты кестені толтырады. Сұрақтар мен сөздерді сәйкестендіреді
Оқушылар өзін - өзі «бағдаршам»әдісі бойынша
(жасыл, сары, қызыл түсті дөңгелектер арқылы) бағалайды.

Бағалау
(2 мин)
Бүгінгі сабақ сендерге түсінікті болды ма?
Оқушылар қаншалықты түсінгендерін көрсетіп, тиісті түсті дөңгелектерін көтереді.
Топ басшысы топтағы оқушыларды бағалайды.

Мұғалім әр оқушыны жеке бағалайды.


Рефлексия
(2 мин)
Мұғалім сұрақтар қояды: Бүгінгі жасаған жұмыстарың, алған білімдерің өмірде қажет пе?
Топпен жұмыс жасаған ұнады ма?
Топ ішінде бір - біріңе көмектестіңдер ме?

Білім ағашын гүлдендіру


Үй жұмысы
(2 мин)
Ертегінің мазмұндау. Ережені білу.
Мұғалім әрекеті:
Тапсырманы түсіндіреді. Дарынды оқушыларға шығармашылық жұмыстар тапсырылады: Көктем туралы шығарма жазу, өлең шығару.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Сергіту сәті

Ой толғаныс

Үйге тапсырма

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Каталог: uploads -> doc -> 1130
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1130 -> Сабақтың тақырыбы: Алкендер. Алкендердің құрылысы, гомологтық қатары Мақсаты
1130 -> Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы «Жануарлар әлемі» Білім беру саласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет