Кіріспе
(3 мин). Сыныпты сабаққа ұйымдастыру
(ынтымақтастық атмосфера орнату)
Шаттық шеңберін құрады: «Сен әдемі сөздерді білесің бе?»
2. Оқушыларды топқа бөлу. Топ басшысын сайлау. Бағалау парағын толтыруды ескерту.
Гүлдердің аттары бойынша балалар үш топқа бөлінеді: «Бәйшешек», «Қоңыраугүл», «Жауқазын»
Білу (7 мин)
Үй тапсырмасын тексеру
1. Өткен материалды қайталау.
Мұғалімнің әрекеті
Сұрақтар қойылады.
Оқушылардың шығарып келген өлеңдерін тыңдайды.
Сұрақтар қояды:
- Ләлігүл қайда өседі?
- Ләйлігүл қашан өседі?
- Өзің гүл өсіресің бе?
- Кім гүлді жақсы көреді?, неліктен?
- Гүлді кімге сыйлауға болады?
- Неліктен сен гүлді
анаңа сыйлағың келеді?
Оқушылардың әрекеті:
Балалар шығарып келген өлеңдерін оқиды.
Сұрақтарға жауап беруге тырысады, Өз ойларын айтады.
Түсіну
(10 минут)
Ой қозғау
1. Тақтадағы суреттер бойынша жұмыс жүргізу.
Балалар суреттегі заттардың қасиеттерін айтады: Алма - қызыл, тәтті, дөңгелек. Гүл - әдемі, хош иісті, сары. Доп - дөңгелек, жұмсақ, жасыл.
Мұғалімнің әрекеті:
Жаңа тақырыппен таныстыру:
- Бұл сөздер заттың несін білдіреді?
- Бұл сөздерге қандай сұрақтар қойып тұрмыз? (қандай?)
Осылайша заттың сынын білдіретін сөздермен танысады.
- Мына бала не істеп тұр?
- Қай қолын көтеріп тұр? (- Қолын көтеріп тұр. Оң қолын көтеріп тұр - деп жауап береді балалар)
Осылайша «қай?»- деген сұрақпен таныстырады
Мұғалімнің әрекеті:
Сұрақ қою:
- Қазір қандай жыл мезгілі?
Дәптердегі сызбаны толтыруды ұсынады.
Мысал келтіреді: қай үй?
- шеткі үй.
2. «Көктем сәні» ертегісімен таныстыру
Мұғалімнің әрекеті:
Б. Өмірбаев жайында қысқаша мәлімет береді.
Жұппен жұмысты қадағалайды.
- Арыстан аңдарға қандай сұрақ қойды?
- Ендеше көктем сәні неде?
3. Оқулықпен жұмыс.
Жұппен орындайды
Балалар өздері оқиды.
Бір - біріне мазмұнын айтып береді (жұппен).
Сұрақтарға жауап береді
Балалар «Көктем қандай мезгіл?» дәптердегі сызбаны толтырады
Сергіту сәті
(2 мин)
Музыка ырғағымен билеп, сергіп алады
Қолдану
(10 мин)
1. Дәптермен жұмыс
Ертегі ішінен қарамен жазылған сөздерді зат есіммен бірге теріп жазу.
Мұғалімнің әрекеті:
Заттың сынын білдіретін сөздерді қаншалықты түсінгендерін байқайды.
Балалардың дұрыс отыруын, жазу ережесін сақтауды қадағалайды.
Талдау
(3мин)
Эдвард де Бононың «Ойлаудың алты қалпағы» әдісі бойынша «Көктем» тақырыбын талдау
(жұппен жұмыс)
Мұғалім тиісті ережелермен таныстырады. Оқушыларға бағыт - бағдар беріп отырады.
Оқушының әрекеті:
Жұптар өз қалпақтарының белгілері бойынша сөйлеуге тырысады. «Көк қалпақ» киген оқушы әр жұптың дәлелдерін бағалайды.
Жинақтау
(4 мин)
Семантикалық карта толтыру.
(сөз таптарына байланысты)
Мұғалім кестемен жұмыс істеуді қайталап, ескертеді.
Балалар сөз топтарына байланысты кестені толтырады. Сұрақтар мен сөздерді сәйкестендіреді
Оқушылар өзін - өзі «бағдаршам»әдісі бойынша
(жасыл, сары, қызыл түсті дөңгелектер арқылы) бағалайды.
Бағалау
(2 мин)
Бүгінгі сабақ сендерге түсінікті болды ма?
Оқушылар қаншалықты түсінгендерін көрсетіп, тиісті түсті дөңгелектерін көтереді.
Топ басшысы топтағы оқушыларды бағалайды.
Мұғалім әр оқушыны жеке бағалайды.
Рефлексия
(2 мин)
Мұғалім сұрақтар қояды: Бүгінгі жасаған жұмыстарың, алған білімдерің өмірде қажет пе?
Топпен жұмыс жасаған ұнады ма?
Топ ішінде бір - біріңе көмектестіңдер ме?
Білім ағашын гүлдендіру
Үй жұмысы
(2 мин)
Ертегінің мазмұндау. Ережені білу.
Мұғалім әрекеті:
Тапсырманы түсіндіреді. Дарынды оқушыларға шығармашылық жұмыстар тапсырылады: Көктем туралы шығарма жазу, өлең шығару.
|