1.Өтілген тақырып бойынша оқушылардың өздерінің дайындап келген тұсаукесерін талдату;
2.Әр тақырыпта берілген ережені мысалмен дәлелдету;
3. Оқушылардың тиісті тапсырмаларды орындаудағы қателерін келесі топ оқушыларына тапқызу;
4. Топ оқушыларының жұмысын келесі топ оқушыларына бағалату;
5. Ілулі тұрған бағалау парағына оқушылардың өздерінің бағалауы бойынша бағалары қойылады.
|
1. Оқушылар өз топтарында кезек-кезек жауап береді.
2.Тиісті анықтамаларды мысалмен талдап, өз сөздерімен дәлелдейді.
3.Топ оқушылары бірін -бірі бағалайды.
Топтарға жалпы сұрақтар қойылады. Оқушылар жарысып топтарына смайликтер (градусниктер) жинап алулары керек. Сұрақтар түстерге байланысты қойылады.
Сұрақтар. (кубизм)
Жылулық қозғалыс дегеніміз не?
Ішкі энергия дегеніміз не?
Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері қандай?
Жылу өткізгіштік дегеніміз не?
Конвекция дегеніміз не?
Сәулелік жылу алмасы дегеніміз не?
Жылу мөлшері , оның өлшем бірлігі қандай?
Денені қыздырғанда бөлініп шығатын жылу мөлшерін қандай формуламен есептейміз?
Меншікті жылу сыйымдылығы дегеніміз не?
Отын жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшері қандай?
Отынның меншікті жану жылуы дегеніміз не?
Энергияның сақталу және түрлену заңы қалай тұжырымдалады?
1-топ (3 мин)
Тақырыпқа байланысты бір есеп шығару.
|