Жылу балансының теңдеуін қолдану арқылы есеп шығару алгоритмі: 1. Қандай денелерде ішкі энергия азаятынын, ал қандай денелерде артатынын тағайындау. 2. Жылу алмасу кезінде қандай агрегаттық түрленулер өтетінін анықтап алу.
3. Энергиясы артатын денелер үшін теңдеу құру (Qалған.=…)
4. Энергиясы азаятын денелер үшін теңдеу құру (Qберген.= …)
5. Алынған қосындыларды теңестіру.
Осы алгоритмді негізге ала отырып, есеп шығару.
500С температурадағы және 100С температурадағы суларды араластырған кезде, қоспаның температурасы 200С болуы үшін, суық судың массасын ыстық судың массасынан қанша есе артық алу қажет?
90 0С температурадағы және 10 0С температурадағы массалары қанша ыстық су мен суық суды араластырған кезде, 30 0С температурадағы массасы 100 кг су алуға болады?
1000С-қа дейін қызып тұрған массасы су массасына тең мыс денені суға түсіреді. Жылулық тепе-теңдік 300С температурада орнады. Судың бастапқы температурасын анықтаңдар. Судың меншікті жылу сыйымдылығы 4200Дж/кг*0С; мыс 360 Дж/кг*0С.
Жылу сыйымдылығын ескермеуге болатын калориметрде
-10°С температурадағы массасы 0,5 кг мұз бар. Калориметрге 100°С температурадағы массасы қандай буды жіберген кезде, пайда болған судың температурасы 20°С болады?