Сабақтың атауы Төле бидің төрелігі Мақсаты Күтілетін нәтиже Сабақтың жабыдығы



бет13/98
Дата01.04.2017
өлшемі8,96 Mb.
#12984
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   98



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Қ.Жармағанбетов Ормандағы оқиға

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

Білімділігі: ормандағы оқиға ертегісінің мазмұнын түсіндіріп, мәнін ашу.Орманның адам өміріндегі маңыздылығын әңгімелеу. 
Дамытушылығы: оқушылардың шығармашылықпен ойлана білуін,байланыстыра сөйлеу тілін, сөздік қорларын дамыту. 
Тәрбиелігі: орман байлықтарын қорғай білуге, ертегідегі негізгі ой, адам бойындағы жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу 
Түрі: жаңа білімді меңгерту. 
Әдісі: «Ой қозғау» стратегиясы, семантикалық карта,шығармашылық тапсырма. 
Көрнекілігі: Табиғаттағы ағаштар суреті, қима қағаздар 

Психологиялық ахуал

Қане, достым, тексерші,
Дайынсың ба сабаққа?
Орнында ма, бүтін бе,
Дәптер, қалам, кітабың?
Тұрма күнделік алдыңда,
Қолыңда ма қаламың?

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Ертегілер:
Қиял - ғажайып ертегісі
Шыншыл ертегілер
Жан - жануарлар ертегісі
Әдеби ертегілер
- Әдеби ертегі дегеніміз қандай ертегі?

- Қайың,қараағаш, тобылғы жайлы не білесіздер?


-Орман дегеніміз не?
- Ендеше қазір сіздер алдарыңыздағы плакаттың ортасын сызықпен бөліп, бір жағына табиғаттағы осы ағаштарды суреттеп жазасыздар. 1- топ: Қайың 
2-топ: Қараағаш
3-топ: Тобылғы
Топ жұмысын тыңдау

Мағынаны тану

 «Ормандағы оқиға» тақырыбына назар аударайық. 
-Халық ауыз әдебиетінің қай жанр түріне жатады? 
Ертегі – халқымыздың ертеден келе жатқан мәдени мұраларының бірі, ауыз әдебиеті. Ертегі арқылы халқымыздың тарихын, тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын, нанымын, дүниетанушылық көзқарастарын білеміз. 
ә) Ертегі авторы Қайнекей Жармағанбетов (1918-1974) қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданында өмірге келген. Оның «Заман біздікі», «Адам туралы аңыз» т.б. өлең жинақтары, «Әнші азамат» повесі бар. 
б) Ертегі мазмұнынан түсінік беру. 
4. «Ой қозғау» стратегиясы. 
1) Ағаштардың бір-біріне ренжісуіне не себеп болды? 
2)Тобылғы қайыңға қандай әңгіме айтты? 
3) Ол қарағашқа қандай әңгіме айтты? 
5. Дәптерге ағаш аттарын жазу. Сөздік жұмысы. 
Қосақ- сауу үшін ұзын арқанмен мойындарынан бір-біріне тақап қосақтай байланған қой немесе ешкілер тобы. 
6. Мәтінмен жұмыс. 
а) Ертегіні рөлге бөліп оқу. 
ә) Ертегідегі негізгі ойды табу. Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер. 
б) Тобылғының іс-әрекетіне баға беру. 
в) Ертегіні сахналау. 

Ой толғаныс

Кестемен жұмыс. 

Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді? 


Орманда ағаштар көп. 
Өсімдіктер, жануарлар 
тіршілік етеді. Орман ағаш, халық байлығы, тынығу орны,қорғаныш.Еліміздегі 
Орманды алқаптар: Қостанай,Павлодар,Көкшетау. Орманды жерлердің 
қазіргі жағдайлары. 

Семантикалық карта. 


Ағаш аттары 
Орта жағдайы 
Қайың 
Сексеуіл 
Қарағаш 
Бұта немесе кішкене ағаш түріндегі өсімдіктің бір туысы.Діндері қисық,жиі бұтақталған. 


Жарықты жақсы көретін, 


тез өсетін,қабығы ақ түсті, 
көп жылдық өсімдік. 

Құрғақшылыққа төзімді, 
тамыры тереңге келетін, 
отынға пайдаланатын ағаш түрі. 

Шығармашылық тапсырма. Ертегі ойлап жазу. 


- Орман иелері жануарлар түрін таңдап алайық. 
- Ол не? (кім?) 
- Ол қандай? 
- Нені? (Кімді? ) кездестірді? 
- Не айтты? 
- Қандай жауап болды? 
- Әрі қарай не болды? 
- Оқиға немен аяқталды?

Үйге тапсырма

Мазмұнын айту

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ж.Әлмашев Қауын мен Қарбыз

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

Білімділігі: Оқушылар ертегінің мазмұнын меңгереді. Ертегі мазмұны мен таныса отырып негізгі ойды, идеяны ұғынады. Өз ойларын, пікірлерін еркін айтуға машықтанады.
Тәрбиелігі: Оқушыларды достыққа, бірлікке, туған елін сүюге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Ертегідегі кездесетін оралымды сөз мағынасын ұғындыру арқылы ойлау қабілеттерін байқағыштығын жетілдіреді. Сабаққа деген Қызығушылықтарын дамыту.
Түрі: Жаңа білім беру
Көрнекілігі: Слайд, суреттер
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиялары, проблемалық сұрақтар мен тапсырмалар

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,



Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

1. Сөзжұмбақты шешейік:
1. Қырандар ішіндегі ең ірі бітімі мығым, жылдам ұшатын құс қалай аталады?
2. Бетінде төбе көп кездесетін жазықты қандай жазық деп атаймыз?
3. Қолтырауын сөзінің орысшасы
4. Қарағандыдан алынатын жанғыш пайдалы қазба
5. Сөз мағынасын өзгертетін қосымша не деп аталады?
6. Бірнеше сандарды көбейткен кезде, көршілес екі көбейткіштерді олардың көбейтіндісімен ауыстырса немесе жақшалардың орнын өзгертсе көбейтіндінің мәні өзгермейді. Бұл көбейтіндінің қандай қасиеті деп аталады?
7. Ең кіші уақыт бірлігі.
Жұмбақ шешейік:
Іші жұмсақ, сырты қатты, Домаланған ала бас
Етті - секер, сүті - тәтті. Дәмді шырын даяр ас
Қарбыз Қауын

Мағынаны тану

Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не?
Халық арасында ауызша шығарылып, ұрпақтан ұрпаққа жеткен шығармалар халық ауыз әдебиеті деп аталады.
Ертегі аңыз
батырлар жыры бесік жыры
жаңылтпаш айтыс
Соның ішінде біз бүгін ертегімен танысамыз.
Кейбір ертегінің шығарушы авторы белгілі болғандықтан, оны әдеби ертегі деп атайды.
- Бүгінгі ертегінің авторы Жолтай Әлмашев.
Топтастыру әдісі:
3. Сурет бойынша жаңа сабақты түсіндіру.
Оқулықпен жұмыс.
Оқушыларды рөлге бөліп оқыту.
Мәтін астындағы сұраққа жауап беру.
Жоспар құру.
Жоспар.
1. Қауын мен қарбыздың достығы.
2. Қауын мен Қарбыздың шешімі.
3. Атайдың Қауынды тауып алуы.
4. Қарбыздың мұңы, жалғызсырауы.
5. Баланың Қарбызды тауып алуы.
6. Атаның дәндерді егуі.
7. Көпті көрген ата.
Дәптермен жұмыс.
Сөздік жұмысы.
- Балалар олай болса мен сендерге Қарбыз бен Қауын туралы қысқаша мәлімет берейін
Қауын - қауынның ең алғаш пайда болған мекенін дәл басып айту қиын. Дегенмен, қауынның отаны - Египет деп тұжырым жасаған. Жер бетіндегі мемлекеттер Қауындар Египеттен тараған дейді. Ал «Арабтар»ортағасырларда қауынды Жерге түскен «Жұмақтың жемісі»ретінде таныған. Қауын көбінесе Италияндардың сүйікті тағамдары болған. Тарихшылардың айтуынша Рим Императоры Клавдий Альбин таңғы асқа 10 қауынды бірден жеген екен.
Қауынның құрамында қант, А, Р, С дәрумендері глюкоза бар. Қауын жаздың аптапты ыстық күндері шөлді жақсы басады.
Қарбыз – қарбыздың отаны – Африка. дәлірек айтсақ Оңтүстік Африка саналадыюҚарбыздың сол Африкадан бүкіл әлемнің түкпір - түкпіріне таралған. Қарбыздың Қытайдағы мәртебесі өте жоғары. Себебі, күні бүгінге дейін қытайлықтар қыркүйек айында «Қарбыз мерекесін» атап өтеді екен. Қарбыздың құрамында фруктоза, В1, В2, С дәрумендері, азотты заттар бар.
- Енді балалар қайтадан сабағымызға көшейік. Олай болса бүгінгі қауын мен қарбыздың достығына арнап бірлік, достық туралы кім мақал мәтел біледі екен?
Жаяудың шаңы шықпас
Жалғыздың үні шықпас.

Ой толғаныс

тратегия«Кубизм»
1. Ертегіні кім жазған? Ж. Әлмашев
2. Ертегіде неше кейіпкер бар? Қауын, қарбыз, ата, бала, автор.
3. Қауын кіммен кездесті? Баламен, атамен.
4. Не үшін кездесті? Ен далада өлмеу үшін.
5. Қауынның шыққан мекені? Египет.
6. Достық туралы мақал мәтел айт.
Бес жолды өлең:
Ой толғаныс
1. Не? Қарбыз Қауын
2. Қандай? Тәтті, дәмді Пайдалы, шырынды
3. Не істейді? Өседі, өнеді, шіриді Көбейеді, піседі
4. Сөйлем Біз бақшада қарбыз жинадық Қауын шөлді басады
5. Синоним Көкөніс
«Ұшқыр ой»
1. Дос - егіз, дұшпан -....... сегіз, восемь, эйт.
2. Ағаш тамырымен мықты,
......... досымен мықты. Адам, человек, мэн.
3, Ерегіскен..... болмайды. Дос, друг, фрэнд.
4. Досы жоқ адам
...... жоқ тағам. Тұзы, соль, солд.
5. Жаман жолдастан
Жақсы....... артық. Дұшпан, враг.

АУКЦИОН ойыны фишка ұту


1. Мысал дегеніміз не?
2. Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не?
3. Айтыс дегеніміз не?
4. Ертегі дегеніміз не?
5. Әсірелеу дегеніміз не?
6. Шешендік сөздер дегеніміз не?

Үйге тапсырма

Мазмұнын айту

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет