Пәннің аты
|
Уақыты:17,05,2016ж
|
Кабинет:5
|
Мұғалім: сексенбаева Г
|
Сабақтың атауы
|
И. Крылов. Ат пен есек
|
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Сабақтың жабыдығы
Түрі
|
Мақсаты: И.Крылов шығармасындағы негізгі ойын түсіну, өз ойын қалыптастыру, ойын еркін жеткізу,
Міндеттері: Сабақтың дұрыс құрылған мақсатын, міндеттерін, нәтижесін тауып, ретімен орналастыру; Ы.Алтынсарин, И.Крылов туралы деректерді қайталап, толықтыру; cұрақты дұрыс қою; шығарманың әсерлі жерлерін талдау;
Нәтижесі: сурет салу/ кейіпкерге хат жазу/ тілек айту (таңдау бойынша)
|
|
Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
|
Қызығушылықты ояту
|
Елестету арқылы әңгіме құрау.
-Шығарманың кейіпкерлерін атаңдар
-Ат өзінің істеген қылығына неге өкінді?
-Жазушы қандай мәселені көтерді?
Берілген сурет бойынша әңгімелеу
|
|
Мағынаны тану
|
Өлеңді оқу, топпен ақылдасу, сұрақтарға жауап беру Сурет
Дайындалған парақтар, фломастерлер
Түсіну
Шығарманың негізгі идеясы неде?
-Бұл шығарма неге мысал өлең деп аталады?
-өз сөзіңмен айт... Ой-толғау, пікір алмасу, топ ішінен 1 пікір сынып ортасына салынады
Шығармадан өзіңе қатты әсер еткен жерін ата.
-Мұндай адамдар өмірде кездесе ме?
Жолдасың осындай болса не істер едіңдер?
Жеке жұмыс.
Берілген параққа 2 мүмкіндік жазып, көршісімен бөлісу Дайындалған парақтар, фломастерлер
Неге «Ат құлақ салып, қарамады, Ойланып тереңірек бара алмады...»?
тәкаппарлық керекті\керексіз қасиет пе? Интерактивті тақтамен жұмыс (ұнаған\ұнамаған+\- жерлерін көрсету,салыстыру)
Слайд. Интерактивті тақта
Үзіліс жаттығу :әр топ мимика арқылы адамның 1мінезін көрсетеді. Басқа балалар шешу керек: бұл қандай адам?
|
|
Ой толғаныс
|
Оқушылар 3топқа бөлінеді 1. «тәкаппар адамға осыны айтқым келеді...» ауызша тілек дайындау
2.шығарма бойынша сызба не сурет салу.
3.Өзімшіл атқа хат жазу 1.практикалық жаттығуларды жақсы көретіндер
2.сурет салуды жақсы көретіндер
3.жалғыз жұмыс істеуді жақсы көретіндер Таңдаған топ бойынша түсті парақтар, қағаз беттері, бояу, қарындаштар, фломастерлер
|
|
Үйге тапсырма
|
Мазмұнын айту
|
|
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
|
Кері байланыс
|
Білім ағашы
|
Жазады.
|
|
Пәннің аты
|
Уақыты:18,05,2016ж
|
Кабинет:5
|
Мұғалім:Сексенбаева Г
|
Сабақтың атауы
|
Э. Распе. Жарты ат. Балық құрсағында
|
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Сабақтың жабыдығы
Түрі
|
Мақсаты: Оқушыны Эрих Распенің «Жарты ат», «Балық құрсағында» қияли әңгімесін түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, қиалдағы аттың екіге бөлініп қалуы, балықтың ішінде еркін әрлі – бері жүруі, яғни қиялдан шыққан әңгімесі арқылы баланы қиялдай білуге баулу, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту. Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.
|
|
Психологиялық ахуал
|
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. - Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр. - Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Есек атқа қандай өтініш айтады?
Ат өзінің істеген қылығына неге өкінді?
Мысалдан қандай ой түюге болады?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:
Ат пен Есек қандай адамдардың рөлінде деп ойлайсың?
Біздің арамызда осындай адамдар болуы мүмкін бе?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.
Ү. Жаңа сабақ: кіріспе.
Эрих Распе – неміс жазушысы. Ол ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген. Жазушы өзінің ғажайып әңгімелерін Мюнхаузен деген әзілкеш адамның басынан кешкен оқиғалары негізінде жазып шыққан. Оның әңгімелері таңғажайып оқиғаларға толы.
- Атыңыздың жартысы сол жерде жайылып жүр, - дейді сарбазым. - ... Соқ өтірікті! Сенбесеңдер, төмендегі әңгімені оқып көріңдер. Оқулықпен жұмыс. Әңгімелерді түсініп жалғастырып оқу.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру:
Мюнхаузен қандай елдерде болды?
Мюнхаузеннің хикаялары мен қазақтың халық шығармасы «Қырық өтіріктің» арасында ұқсастық бар ма?
Мюнхаузеннің хикаялары мен қазақтың халық шығармасы «Қырық өтіріктің» таңғажайып қызықтарды кесте бойынша жазып, салыстыр. Не байқағаныңды айт. «Қырық өтіріктің» Мюнхаузеннің хикаяларында ҮІІ. Қорыту. Осыған ұқсас тағы қандай әңгімелерді оқыдың?
Ортаға сала ғой.
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
1. түсініп оқу, әңгімелеу.
2. Бағалау.
|
|
Қызығушылықты ояту
|
|
Сергіту сәті
|
|
Ой толғаныс
|
|
Үйге тапсырма
|
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
|
Кері байланыс
|
Білім ағашы
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
|
Пәннің аты:әдебиеттік оқу
|
Уақыты:19,05,2016
|
Кабинет:5
|
Мұғалім: Сексенбаева Г
|
Сабақтың атауы
|
Д. Родари. Телефонмен айтылған ертегілер: Ғажайып жаңбыр. Шоколадтан жасалған жол
|
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Сабақтың жабыдығы
Түрі
|
Мақсаты: Оқушыны итальян жазушысы Джанни Родаридің «Телефонмен айтылған ертегілер» атты қызықты шығармаларынан «Ғажайып жаңбыр», «Шоколадтан салынған жол», «Алисаның арманы» алынған қызықты оқиғаларды түсініп оқуға үйрету, байланыстырып сөйлеуін, тіл байлығын жетілдіру дамыту. Түрі: аралас сабақ. Көрнекілігі: суреттер, кесте. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.
|
|
Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
|
Қызығушылықты ояту
|
1. Эрих Распе өзінің ғажайып әңгімелерін Мюнхаузен деген әзілкеш адамның басынан кешкен оқиғалары жайында не айтқан? Мюнхаузен қандай елдерде болды? Мюнхаузеннің хикаялары мен қазақтың халық шығармасы «Қырық өтіріктің» арасында ұқсастық бар ма?
|
|
Мағынаны тану
|
1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2.Жаңа сабаққа даярлық.
Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Джанни родари – итальян жазушысы. Родаридің балаларға арналған «Чиполлиноның бастан кешкендері», «Телефонмен айтылған ертегілер» атты қызықты шығармаларымен танысайық. 2. Оқулықпен жұмыс. Кластағы оқушыларды үш топқа бөліп, үш тақырыпты жеке әр қайсысы оқып, іштерінен бір оқушы шығып әңгімелеуі керек. Пьомбиноға қандай жаңбыр жауды?
Кәмпиттен жауған жаңбырды көргенде балалар не істеді?
Алиса туралы ертегіні оқып отырған кезде сен нені армандадың? Алисаның ішкі ойын тауып оқы.
|
|
Ой толғаныс
|
Әңгімені оқығанда көз алдыңа нені елестете аласың?
Ағайынды үш жігіт қыдырып жүріп неге кезікті?
Әңгімеде сені не қызықтырды?
Барлық бала қызығып оқитын Джанни Родаридің қандай кітаптары барын білесің? Алисаның арманы осы оқулықтан оқыған қай әңгімеге ұқсайды?
Егер Алиса қауашықтың ішінен шыға алмаса, не болар еді деп ойлайсың?
Өзіңнің осы арман-қиялыңды әңгімелеп жазып көр.
|
|
Үйге тапсырма
|
Мазмұндау
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
|
Кері байланыс
|
Білім ағашы
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
|
Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Р. Киплинг. Киттің жұтқыншағы неге мұндай?
|
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Сабақтың жабыдығы
Түрі
|
Мақсаты: Оқушыны ағылшын жазушысы Редьярд Киплингтің «Киттің жұтқыншағы неге мұндай?» әңгімесін түсініп оқуға үйрету, өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту. Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер.
|
|
Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
|
Қызығушылықты ояту
|
1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2.Жаңа сабаққа даярлық.
Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Ағылшын жазушысы Редьярд Киплинг (1865 – 1936) балаларға арнап көптеген әңгімелер жазған. Солардың ішіндегі ең қызықтысы – жануарлар туралы әңгімелер. Оның «Джунгли» атты кітабындағы Маугли туралы мультфильмді бәрің көрген боларсыңдар. Редьярд Киплинг «Киттің жұтқыншағы неге мұндай?» әңгімесін түсініп оқып көрелік.
2. Оқулықпен жұмыс. Дұрыс, түсініп, жалғастырып оқу.
3. Сөздік жұмыс. Жұтқыншақ – ауыз қуысын өңешпен жалғастыратын тамақ өтетін жол. Бағзыда – ертеде, көне заманда. Ергенек – есік. Тақа – мүлде.
4. Бұл қашан болған оқиға?
Ертеде не болыпты?
Ол кит не істейді екен?
Соңында бір күні не болды?
Кит жұтып қоймас үшін Шабақ қайда тығылып жүрді?
Ол Китке қандай ұсыныс айтады?
Киттің неліктен мазасы кетті?
|
|
Мағынаны тану
|
|
Ой толғаныс
|
1. Мәтінде Китті неге сүтқоректі деп атайды?Мәнін түсіндір. Тапқыр, өжет адам өз қалай жетіп алды?
2. Кит жейтін балықтардың аттарын жаз. (шортан, шорағай, табан, сазан, бекіре, жайын, уылдырық). Тапқыр адам Киттің өңешіне тор қойып жатып айтқан сиқырлы сөзді тауып, жазып ал. Бұл тор сүзгіні неліктен қойғанын айт. («Өңешіне дөйдің, тор сүзгіні қойдым!»).
|
|
Үйге тапсырма
|
Мазмұндау
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
|
Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Құмырадағы балақан (жапон ертегісі)
|
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Сабақтың жабыдығы
Түрі
|
Мақсаты: Оқушыны жапон ертегісі «Құмырадағы балақан» атты ертегісін түсініп оқуға үйрету, байланыстырып сөйлеуін, тіл байлығын дамыту, ертегінің тәрбиелік мәнін ашу. Түрі: аралас сабақ. Көрнекілігі: суреттер.
|
|
Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
|
Қызығушылықты ояту
|
Ү. Жаңа сабақ: жапон ертегісі «Құмырадағы балақан» атты ертегісін түсініп оқып көрелік. Не жайлы екен?
Оқулықпен жұмыс. Түсініп, жалғастырып,дұрыс оқу.
«Жүрген аяққа жөргем ілінеді» деген мақал нені білдіреді? Ертегінің соңында балақанның Тародан өтінген сөзін тауып оқы. ҮІ.Түсінгендерін тексеру:
Таро кім? Таро жол шетінен не тауып алады?
«Қыдыр, көбірек қыдыра түс, мен бұдан да зорайып өсемін» деген сөз не мағына білдіреді екен?
Таро құмырадағы балақаннан қалай құтылды?
ҮІІ. Қорыту. Ертегіні өз ойыңмен аяқтап шық.
|
|
Мағынаны тану
|
|
Ой толғаныс
|
Денесі бар, сөзі жоқ,
Аяғы жоқ жүреді.
Күнді, түнді өлшейді,
Екі тілді жүрегі
Шешуін кім біледі?
(Сағат)
Сырт-сырт етіп соғады,
Кеудесінде жүрегі,
Өзі тілсіз сөйлейді,
Өзі жансыз жүреді.
(Сағат)
Жүруден бір талмайтын,
Күн мен түннен қалмайтын.
(Сағат)
Жаңылмайды есептен,
Аяғы жоқ жүреді.
Сөйлей тұғын тілі жоқ,
Уақытыңды біледі.
Күндіз-түні жүргенмен,
Қызымайды жүрегі,
Су ішіп, жем жемейді,
Сықырлайды жүрегі.
(Сағат)
|
|
Үйге тапсырма
|
Мазмұндау
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасы
|
|
Кері байланыс
|
Универсалды кері байланыс
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
|
Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Сауысқанның ұясы (ағылшын ертегісі)
|
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Сабақтың жабыдығы
Түрі
|
Мақсаты: Оқушыны ағылшынның «Сауысқанның ұясы» атты ертегісін түсініп оқуға үйрету, ертегінің тәрбиелік мәнін ашу, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту. Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.
|
|
Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
1. Адам баласы да, ұшқан құста нені аңсайды?
Қытай императоры әнші құс сайрау үшін қандай жағдай жасады? Құс қай жерге келгенде тамылжытып ән сала бастайды?
Оның себебі не екен?
Император қандай жарлық берді? Онысы дұрыс па?
|
|
Мағынаны тану
|
1. Сынып оқушыларын топқа бөлу.
Балаларды туған айлары бойынша бөлу, яғни жазда немесе көктемде, қыста немесе күзде туғандарды т.с.с. бөлуге болады.
2. Ертегі мәтінін алдын ала компьютерге теріп, бөліктерге бөліп, топқа үлестіріп беруге болады. Әр топ өзінің оқығаны бойынша түсінгенін топ ішінде талдайды, сонан соң топ ішінен біреуі оқығандарын қысқаша баяндап береді.
3. Ертегі бойынша мынадай тапсырмалар беріледі: Ертегіде қандай жолдар қайталанып келіп отырады? Тауып оқы. Тырна да, Қарға да, Шымшық та, Қарлығаш та, Торғай да неге үшып кетті? Мына сызбаны толтыра отырып, сауысқанның мінез құлқына сипаттама бер. Ол үшін мәтінді мұқият оқып, сауысқанның мінез-құлқын ашуға пайдаланылған автор сөздерін тауып, жазып шығыңдар. Теріп жазған сөздерінен немесе сөйлемдеріңнен сауысқанның қандай мінезін байқауға болады? ҮІ.Түсінгендерін тексеру:
Сауысқан құстардан не үшін көмек сұрады?
Сауысқанның қандай сөзі құстарға ұнамады?
Сауысқанның ұясы неліктен сыйықсыз болып қалды?
Ертегіден өзіңе қандай ой түйдің?
Ертегіде саған не (кім) ұнады? Неліктен ұнады?
|
|
Ой толғаныс
|
|
Үйге тапсырма
|
Мазмұндау
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |