Психологиялық ахуал
|
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
|
Қызығушылықты ояту
|
.Отанымызға қауіп төнген кезде елін,жерін қорғауға аттанған боздақтар қатарында М.Ғабдуллин де бар еді. Ол осы отты жылдар туралы «Менің майдандас достарым», «Алтын жұлдыз», «Сұрапыл жылдар» т.б. кітаптар жазды. Тау қыраны Төлеген Тоқтаров /1920-1942/ Кеңес Одағының Батыры.Еліміздің еркіндігін ,ар намысын қорғаған ержүрек перзенттеріміздің бірі –Төлеген Тоқтаров. Ол 1920 жылы Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданы Қарақұдық ауылында дүниеге келген.Төлегеннің ата-анасы ашаршылық жылдарының құрбаны болған. Кішкентай кезінен қиындық қыспаған көріп,ол өте пысық әрі өжет болып өседі.Ұлы Отан соғысы басталғанда әскер қатарына алуын өтінген. Төлегеннің өтініші қабылданады.Ерікті түрде ол бастаған лениногорлық бір топ жас жауынгерлер Москва маңындағы Панфилов дивизиясына келіп қосылды.Бұл 1942 жылдың 12 қаңтар болатын.Осылайша Төлеген 275 –полктің автоматшылар ротасының жауынгері болады. Міне осы қаңтар айынан бастап,оның майдандағы өмірі басталады. Өте тапқыр,ержүрек те ақжарқын жас жігіт келген күннен –ақ рота жауынгерлері арасында зор сүйіспеншілікке бөленді.Ол өз әңгімесімен қарулас жолдастарын жеңіске жігерлендіріп,бәрін батыл қимылдауға, қауіпті кезде селт етпеуге шақырды.
«Тау қыраны» мәтінімен таныстырдым.Мазмұнын ашып,неліктен Төлегенді Тау қыранына теңейтінін ұғындыруға жұмыстандым.
Глосарий.Сөздік жұмысы жүргізілді.Бородино, офицер, дивизия, генерал, артиллерия сөздерінің мағынасын түсіндірдім.
Топтағы оқушылар мәтінді бөлімдерге бөліп,ат қойып,негізгі ойды анықтайды. Ой қозғау әдісімен миға шабуыл. Мәтін бойынша кейіпкерлердің көңіл – күйін анықтау.
Топтағы оқушылар мәтінді бөлім бойынша тізбектеп оқиды.
Әр топқа М.Ғабдуллиннің жазған естелігінен үзінді беріледі.
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |