Бақыт менде,
Бақыт сенде,
Бейбітшілік, бейбітшілік.
Бейбітшілік менде
Бейбітшілік сенде
Бейбітшілік барлық жерде.
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
I. Өткенді пысықтау: 1. Үй тапсырмасына не берілді?
1 - топ. Төлеген Айбергенов кім?
2 - топ. Оның қандай шығармаларын білесіңдер?
3 - топ. Өлеңді тізбектеп жатқа айту.
2. Тапсырмалар беру:
1 - топ. «Еңбек»туралы мақал - мәтелдер айтыңдар.
2 - топ. Ребус шешіңдер.
3 - топ. «Адал тер» дегенді қалай түсінесіңдер.
Әр топқа мамандық бойынша ат қою.
1 - топ - Мұғалім. 2 - топ - Дәрігер. 3 - топ - Биші.
III. Жаңа сабаққа көшу кезеңі:
1 - топ. Мамандық иесі болу үшін не істеу керек?
2 - топ. Еңбек деген не?
3 - топ. Мамандық деген не?
IY. Жаңа сабақ: 1. Балалар біз бүгін ақын Өтепберген Ақыпбекұлының «Мен таңдайтын мамандық» атты өлеңімен танысамыз.
Ақын туралы түсінік беру. (Дәптерге күн ретін, тақырыпты жаздырту.)
2. Бұл өлең мамандық туралы, мүмкін сендердің де таңдап жүрген мамандықтарың осы өлең жолдарынан кездесіп қалар, оқып көрейік.
3. Өлеңді мәнерлеп оқу.
4. Іштей оқу. 5. Әр шумақты оқушыларға оқыту
Мен таңдайтын мамандық...
Ай - һой, ғажап қандай бұл!
Ал, қане, кәсіп таңдай біл:
Аламын қандай мамандық,
Алдымда толған таңдау тұр.
Әлемге ән боп жалғанар,
Әйгілі небір тарландар.
Әуелей ұшқан аққудың
Әсерлі үнін салған дәл
Әміре менен Күләштай,
Әнші болсам не арман бар?
Кәсіпкер болсам егер де,
Бар әлемді кезем де:
Бар пайданы ойламай,
Барымды берем мен елге.
Велосипед мініп, одан да
Вело - спортшы болам ба?
Вело жарыс жолында
Великпен желден озам да.
Геолог болып тегі мен,
Гүл жайнаған өңірден:
Гуілдеп күн - түн тынбайтын,
Газдың ашам кенін мен.
Ғалымның жолы ғажайып!
Ғибрат сабақ алайық,
Ғұмыр бойы ізденіп,
Ғанибет ашу - жаңалық.
Ғылымға құмар қалпыммен,
Ғарышкер болам, бәлкім, мен:
Ғұмырлы қазақ елінің,
Ғарышқа жаяр сатын кең...
Ес көретін өз елі,
Ер мінезді, беделді:
Ел мен елді дос етер,
Елші болғым келеді...
Әр шумаққа тоқталып, слайд бойынша түсінік беру
5. Өлеңге сатылай кешенді талдау жасату.
Авторы:
Тақырыбы:
Жанр түрі:
Идеясы:
Шумақ:
Тармақ:
Буын саны:
Ұйқас түрі:
Түсіндірме сөздік:
6. Сергіту сәті.
Y. Бекіту.
1 - топ. Өлеңде қандай мамандықтардың аты аталды?
2топ. Осы мамандықтарға тағы қандай мамандық түрін қосасыңдар?
3 - топ. Өлеңде өз таңдаған мамандығың бар ма екен? Сол мамандық жайлы білетін тақпақтар айтып көрейік.
5. Ой қозғау.
1 - топ. Бірінші болып көмекке келетін мамандық түрін жұмбақтап бір - бірінен сұрайды.
2 - топ. Мамандық түрін олардың құралдары арқылы табайық.
Тарағы бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (шаштараз)
- Қалағы бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (Құрылысшы)
- Ожауы бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (Аспаз)
- Күрегі бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (Диқан)
3 - топ. Мамандықтар туралы жұмбақтар айту.
YII. Сабақты қорытындылау: 1. Топтастыру стратегиясын құру. 17Оқушылар өз таңдаған мамандықтарын жазады.
YII. Үйге тапсырма беру: 1. Өлеңді мәнерлеп оқу.
2. Таңдаған мамандық туралы шығарма жазу.
YIII. Бағалау.