Сабақтың аты Қозғалыс материяның ажырамас бөлігі Жалпы мақсаты



бет86/215
Дата07.02.2022
өлшемі5,17 Mb.
#83076
түріСабақ
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   215
Байланысты:
9 физ ҚМЖ

Негізгі бөлімі
Мағананы тану

Жаңа сабақтың тақырыбын дәптерге жазу.
Жаңа сабақ бойынша екі топқа сұрақтар беріліп, оқушылар жеке және топпен оқи отырып,түсіну. Берілген тапсырма бойынша әр топ өз білімдерін көрсетеді.
І топқа
1.Еркін және еріксіз тербелістер туралы түсінік
2. Еркін және еріксіз тербелістердің айырмашылығы қандай?
ІІ топқа
1.Резонанс құбылысы туралы тусінік
2. Резонанс құбылысының пайдалы және зиянды жақтары
Тәжірибелер және тірек сызбалар арқылы түсіндіру.
Еркін тербелістер деп дене тепе-теңдік күйінен шығарылғаннан соң сыртқы күштің әрекетінсіз болатын тербелістерді айтады.
Еркін тербелістердің жиілігін жүйенің меншікті тербеліс жиілігі деп атайды.
Еріксіз тербелістер дегеніміз – сыртқы периодты күштің әрекетінен болатын тербелістер.

Мәжбүр етуші күштің тербеліс жиілігі мен тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі дәл келген кездегі еріксіз тербелістер амплитудаларының кенет арту құбылысы резонанс деп аталады.


Тәжірибе:

Зарядтың, ток күшінің, кернеудің периодты түрде өзгеруін электромагниттік тербелістер деп атаймыз.Электромагниттік тербелістерді тербелмелі контурда алуға болады.


Электромагниттік тербелістерді алуға болатын қондырғы:

Электромагниттік тербелістердің периоды Томсон формуласы арқылы анықталады:


Тербелмелі контурдағы өтетін процестер серіппелі маятниктегі құбылыстарға ұқсас:

Конденсатор мен индуктивті катушкадан тұратын тізбекте конденсатордың алма-кезек разрядталуы кезінде электромагниттік тербелістер пайда болады


Деңгейлік тапсырмалар


І деңгей
а) Массасы 20г жүк серіппенің әсерінен жиілігі 2Гц болатын тербеліс жасайды. 
Серіппенің қатаңдығын табыңдар.
ә) Математикалық маятниктің тербеліс периодын 4 есе азайту үшін оның 
ұзындығын неше есе қысқарту керек?
ІІ деңгей
а) Жібінің ұзындығы 0,8 м-ге тең математикалық маятниктің периодын және 
меншікті жиілігін анықта.
ә) Жібінің ұзындығы 100 см маятник 30 с-та 15 тербеліс жасады. Үдеудің мәні неге 
тең?
ІІІ деңгей
а) Маятник жер бетінде 2с периодпен тербеледі. Бұл маятниктің Ай бетіндегі тербеліс периоды қандай? Ай бетіндегі еркін түсу үдеуі жер бетіндегіге қарағанда 6 есе аз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   215




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет