Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын қайталау



Дата05.01.2017
өлшемі15,49 Kb.
#6401
түріСабақ
Пәні:ана тілі Уақыты:

Тақырыбы: Өрмекші,құмырсқа,қарлығаш. Жіңішке дауысты дыбыстар.

Мақсаты:а)Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыра отырып,сөздік қорларын дамыту.ә)Оқушылардың жіңішке дауысты дыбыстар жайлы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік жасау.б)Оқушыларды табиғатты аялауға,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: сюжетті суреттер,тірек-сызбалар.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын қайталау.

Мазмұнды суреттер бойынша сөйлемдер құрату.



ІІ. Жаңа сабақ.

а)Кіріспе әңгіме. Жұмбақтар жасыру. 1)Торын құрып қояды, Шыбындарды жояды. 2) Құйқылжытып дала күйін, Үй ішіне салады үйін.

ә)Оқулықпен жұмыс. 28 – жаттығу. 1)Мұғалім мәтінді мәнерлеп оқып,түсіндіру. 2)Оқушылардың рөлге бөліп оқуы. 3)Мәтін мазмұнына байланысты сұрақтар қою. – Әңгіме сендерде ұнады ма? – Өрмекші неге өрмек тоқып жүр? – Құмырсқа не істеп жүр? – Қарлығаш неге шөп жинайды?

б)Сөздік жұмыс. Өрмек-өрмекшінің құрған торы. Түйір-ұсақталған бөлік.

в)Сергіту сәті.

г)Дәптермен жұмыс. 29 – жаттығу. Мақал-мәтелдерді оқып,мәтін мазмұнына сай келетінін көшіріп жазу. Еңбек-ер атандырады.

30 – жаттығу.Тор көздердің орындарына тиісті әріптерді қойып,көшіріп жаз. Жүзім,өрмекші,көкек.

ІҮ.Жаңа сабақты бекіту. Мәтінді түсініп оқу,жіңішке дауысты дыбыстарды жаттау

Ү. Үйге тапсырма.

«Өрмекші,құмырсқа,қарлығаш» мәтінін түсініп оқу. 30-аттығу,23-бет

ҮІ. Қорытынды. Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет