Тақырыбы: «Көксерек» Мұхтар Әуезов. (повестен үзінді)
Мақсаты:
Білімділік:Оқушыларды Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» атты повесінің үзіндісімен таныстыру, үзіндінің өзекті түйінін ашуға жағдай жасау;
Тәрбиелік:Топпен шығармашылық жұмыс істеуге баули отырып, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: топтау, сұрақ-жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд суреттер, карточкалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, сабаққа зер салыңдар.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Оқушылардан «Қалам » әдісін пайдалана отырып тусінгендерін сұрау.
Үй тапсырмасын пысықтау: Сөзжұмбақ шешу:
Оқиға қай күні болды?
«Балмұздақ»әңгімесінің авторы кім?
Шығарма желісі қай шығармаға ұқсас келеді?
Осы әңгіме көркем шығарманың қай түріне жатады?
Балалар шындығында не тауып алды?
Балмұздақты кім жемеді?
«Абай жолы» романының авторы кім?
Шығарманы телевизордан тамашалау қалай аталады?
Сөзжұмбақ шешу арқылы «Көксерек», жаңа сабақтың тақырыбын шығарып алу.
1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2.Жаңа сабаққа даярлық. Автор туралы сөз: қысқаша өмірбаяны, шығармашылығы.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897жылы 28 қыркүйекте туған. 1908жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910жылы Семей қалалық 5 кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасынын жазады.
М. Әуезов – ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының академигі. Филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері.
Достарыңызбен бөлісу: |