ҮІ. Қорытынды бөлім. Сабақты қорытындылау, көрме ұйымдастыру. ҮІІ. Бағалау. Оқушылардың еңбегін мадақтау. Сабақтың тақырыбы: Жөрмеп тігу Білімділік мақсаты:жаңа тақырып жайында білімдерін кеңейту, алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету
Дамытушылық мақсаты: қолдарының икемділік дағдыларын арттыру, сызбамен, шартты белгілермен дұрыс жұмыс жасай білуге үйрету
Тәрбиелік мақсаты:әсемділікке, ұқыптылыққа баулу
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ІІІ. Жаңа сабақ. Бұл - шеттік тігіс. Бұйымның сетінеген шетін басып тұру үшін жөрмеп тігу тәсілін қолданады. Матаның шетінде тігіс солға және оңға қарай қиғаш орналасады. Бұйым өңдеуде шаншым арақашықтықтары мен ұзындықтары бірдей болуы тиіс. Сетінегіш мата шетін тіккенде, шаншым арақашықтығы неғұрлым жиірек орналасса, тігіс соншалықты сапалы болады.
Жөрмеп тігу тәсілін үйрен.
Көзілдірікқап тігу Көзілдірікқап көзілдірік салу үшін қажет. Көзілдірікқап тігу үшін орташа қалыңдықтағы шұға немесе жасанды маталарды таңдап алуға болады.
Егер мата жұқа әрі сетінегіш болса, онда оның астын флизелин (желімі бар синтетикалың материал) материалын жабыстырады.
Көзілдірікқап жасау үшін өлшемі 40 см х 18 см мата керек.
40 см
1. Қатырма қағаздан үлгіқалып дайында.
2. Үлгіқалыпты екіге бүктелген мата бетіне орналастырып, әр тұсынан түйре. Белгілеу үшін үлгіқалыптың сыртқы сызықтарын бормен сыз.
3. Сызық бойымен қиып шық. 2 бөлік шығады.
4. Жеке бөліктерді оң бетіне қаратып, бір-біріне беттестір де, көктеп тік. Бұл - уақытша тігіс.
5. Бөліктердің шетін жөрмеп тігу тәсілімен біріктір.
Жұмыс соңында уақытша тігісті сөгіп таста.
6. Әшекейлеу үшін сөгілмейтін матадан (немесе астына желімқағаз жабыстырылған матадан) гүл қиып ал.
Гүлдің астына осындай пішінді целлофан қойып, ыстық үтікпен үтіктеп жабыстыруға немесе бұйымға бастырмалап тігуге болады. Пішу барысында матаны барынша үнемдеу жет.
Көзілдірікқапты тігіп үйрен.
Көзілдірікқап неше бөліктен тұрады?
Оны қандай матадан тігуге болады? Бұйымның шеті қандай тігіс түрімен біріктіріледі?
Көзілдірікқап тігуде көктеу тігісі не үшін қолданылады?