Сабақтың тақырыбы: Ормандағы аңдар
Мақсаты: Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Олардың үрлерін бір-бірінен ажыратуға үйрету. Аңдарды сипаттауға жаттықтыру, тақпақтар арқылы тілдерін дамыту.Сөздік қорларын байыту, тәрбиешіні тыңдай отырып, өздігінен байланыстыра сөйлем құрауға жетелеу. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін ояту.
Әдіс тәсілдер: а) Түсіндіру
ә) Сұрақ жауап
б) Ойын
Көрнекіліктер: Суреттер, ертегі кейіпкерлері.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Балаларды шаттық шеңберге тұрғызып, қонақтармен амандасу.
Қол алысып, қане біз,
Достасайық бәріміз.
Армысың алтын күнім,
Армысың балабақшам.
Сіздерді көргенімізге қуаныштымыз,
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,
Бәріңізге амандасып,
Басымызды иеміз.
Негізгі бөлім: Ал, балалар қазір жылдың қай мезгілі еске түсіріп жіберейікші!
Қазір жылдың қыс мезгілі.
Қыс айларын атап беріңдерші?
Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Табиғатта қыс мезгілінде табиғатты қандай құбылыстар
болады?
Күн суытады, қар жауады, боран соғады, айналаның бәрін қар
басады. Балалар аққала, доп жасап, шанамен сырғанап
ойнаймыз.
Балалар тыңдаңдаршы, бір дыбыс шығады!
Телевизор қосылып, аңдар балаларды қонаққа шақырады.
Ал, балалар орманға қонаққа барайық па, қандай көлікпен
барамыз? Автобуспен барамыз.
Жолда балаларға сұрақтар қою.
Орманда қандай аңдар тұрады?
Аю, қасқыр, түлкі, қоян.
Балалар аю қыста не істейді, нені жақсы көреді?
Аю қыста ұйықтайды, балды жақсы көреді.
Ал, қасқырдың, түлкінің, қоянның түстері қандай, нені жақсы көреді?
Олар етті, сәбізді жақсы көреді.
Ой, орманның ауасы қандай тамаша!
Тышқан шығады. Тышқан балалармен амандасады.
Тышқан орман аңдары қайда кеткен, балалар аңдарды көреміз деп қуанып келіп еді.
Мен сендердің келе жатқандарыңды естіп аңдарды тығып тастадым, менің тапсырмамды орындасаңдар аңдар келеді.
Балалар орманда қандай аңдар өмір сүреді?
Аю, қасқыр, түлкі, қоян өмір сүреді.
Аңдар балалармен амандасып, орындықтарына отырады.
Балалар біз сендерге әртүрлі тапсырмалар дайындап қойдық, ол тапсырмалар әр ағаштың түбінде жасырулы, апайларың сендерге оқып түсіндіріп берсін.
1. Аңдар туралы тақпақ білесіңдерме?
Балалар аңдарға арналған тақпақтарын айтып береді
Ақ қоян ау, ақ қоян,
Ұзын құлақ, сақ қоян.
Қаша берсең орманға,
Қорқағым деп ат қоям.
Түлкі, түлкі қутыңдайсың,
Айналаңнан тың тыңдайсың.
Қанша қулық асырсаңда,
Қасқырдан еш құтылмайсың.
Қасқыр орманда жортады,
Аяздан ол қорқады.
Аспанға қарап ұлиды,
Малды ауылды ториды.
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп алайық
Қалтамызға салайық
Балалар бойымызды жазып сергіту сәтін жасап жіберейік.
Қоян, қоян секеңдейсің,
Мұздан қарғып өтем дейсің
Тайып,құлап түстің,
Не болды ал, үстің?
2. «Ненің баласы» ойыны
Мақсаты: балалардың білімдерін жетілдіру
Барысы: Балаларға суретттерді көрсете отырып, сұрақ қою.
Түлкі баласы - жәутік
Қасқыр баласы - бөлтірік
Аю баласы - қонжық
Қоян баласы - көжек
3. «Не артық» ойыны
Мақсаты: Балаларды орман тұрғындарын үй жануарларынан ажырата білуге дағдыландыру.
Барысы: Бала жабайы жануарлардың ортасынан үй жануарын тауып алуы керек.Аю,қасқыр,түлкі,сиыр т.б.
4. Аңдар туралы қандай ертегі білесіңдер
Балалар:«Үш аю», «Жеті лақ пен қасқыр», «Үйшік», «Бауырсақ»
Балалар сендер өте білімді екенсіңдер, біз сендерге кіщкене қойылым көрсетейік.
Түлкі ағаштар арасынан ірімшік тауып алады. Ол ірімшікке достары да таласады.
Сол кезде оларға ірімшік ті тең бөліп жеу керек екендігін тәрбиеші үйретіп аңдарға ірімшікті бөліп береді. Балалар аңдарға рақмет айтып балабақшаға қайтады. Тәрбиеші, балалар жол қысқарсын ән айтайық.
Қорытынды: Балалар,сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма ? Орманда не көрдік?Кімді кездестірдік?Орманда қандай аңдар тұрады екен? Тағы орманға саяхатқа барамыз ба? Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мақтап мадақтау