Жүру барысын алдын ала үйлестіру
Алғашқы сөз (кезең)
Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі
Соңы(бекіту)
|
Сәлемдесу.
Шаттық шеңбері.
«Гүл-дүние көркі» десек қателеспейміз. Гүлдердің де біздер сияқты жаны бар. Ол адамға үлкен пайда келтіреді. Кейбір гүлдер қоршаған ортаға жағымды энергия бөледі.Әр адамның өзінің сүйікті гүлі болады. Мерекелерді ,туған күндерде, жақсылықта гүл сыйлау –үлкен құрметтің белгісі. Сондықтан бүгінгі тәрбие сағатымыз гүлдер әлеміне арналады.
Қазір сіздердің алдарыңызға бір топ гүлдерді шақырамыз
Бәйшешек:
Көктемнің көрікті гүлдерінің бірі-бәйшешек. Кейде оны қарғалдақ деп те атайды. Биіктігі 15 см, ерте көктемде науырыз айының бас кезінде көктеп бүршік жарады. Мен боламын қырларында текеметтің.
Қызғалдақ - лалагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. «Тюльпан негізінен» түрік сөзі, бас киім деген ұғымды білдіреді.Түріктерде «Тюрбан» деп аталатын қызғалдаққа ұқсас бас киім бар екен. Осы уақытқа дейін қызғалдақтың отаны-Голландия болып саналады.
Інжугүл – бұл да лалагүлділер тұқымдасына жатады. Інжугүлдің хош иісі, көз қуантар әдемі гүлдер кез келген адамды толғандырмай қоймайды. Май айының алғашқы күндері бүкіл Париж іжугүлге малынып кететін көрінеді.
Тұңғиық - су өсімдігі. Бір қасиеті бұл өсімдіктің тез өскіштігі, үш күн сайын жаңа жапырақ шығарады. Оның гүлі ақ, алқызыл,күлгін көк, қан қызыл болады. Қазақстанда аз мөлщерде жайық өзені маңайында кездеседі.
Қалампыр гүлі - Еуропа еліненен тараған. Олардың бір, екі, үш жылдық түрлері болады. Гүлдері ақ, қызғылт, күлгін. Қалампыр гүлі-ерлік пен өрлікті уағыздайтын гүл. Сондықтан оны көбіне ер азаматтарға сыйлап жатады.
Бақытгүл – ерекше гүлдейтін өсімдік. Негізінен ол Қытай Жапон елдерінен тараған. Бұл гүлді қалыңдыққа сыйлайды. Адамдар кейде оны ең жақын адамдарына сыйлап жатады. Гүл түстері сан алуан. Халық арасында «Бақыттылық белгісі» есебінде танымал гүл.
|