СабақТЫҢ Әзірлемесі пән: «Электрлік өлшемдер»



бет1/4
Дата25.08.2017
өлшемі0,52 Mb.
#27796
түріСабақ
  1   2   3   4
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
КМҚК «ЭЛЕКТРОТЕХНИКА КОЛЛЕДЖІ»






«Бекітемін»

Директордың ОӨЖ орынбасары

Молдиярова А.Г. ____________

«_____» 04. 2016_____________




АШЫҚ САБАҚТЫҢ ӘЗІРЛЕМЕСІ
Пән: «Электрлік өлшемдер»

Тақырыбы: Үш фазалы токтағы актив және реактив қуатты өлшеу





«Келісілген»

Электрлі-энергетикалық

бағыттағы ПЦК меңгерушісі

Рахимжанова М.Т. ________





СЕМЕЙ 2016

САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ № 15

Топ: ТОРЭ-325

Мерзімі: 27.04.2016


Пән:_Электрлік өлшемдер____________________

Сабақтын тақырыбы: Үш фазалы токтағы актив және реактив қуатты өлшеу




Сабықтың мақсаты

Білімділік: Оқушыларға электр тізбегінің үш фазалы жүйесі туралы толық мағлұмат беріп, бір фазалы жүйеден артықшылықтарын, қолдану аймағын, тізбекті жалғау түрлерін,үш фазалық токтағы актив және реактивті қуатты өлшеуді меңгерту

Тәрбиелік: Оқушылардың техникалық сауаттылығын арттыру және пәнге, таңдаған мамандығына қызығушылығын, алдарына қойған мақсаттарын талдай білуге тәрбиелеу. Сабақ барысында оқушыларды ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, жауапкершілікке және қоршаған ортада өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Электр тізбегінің үш фазалы жүйесінде фазалық және желілік кернеулердің айырмашылықтарын, фазалардың түсін ажырата білуге ,үш фазалық токтағы актив және реактив қуатты қалай өлшенетіндігін көрсету және дамыту. Сонымен қатар жалпы оқушылардың сөздік қорын, шығармашылығын дамыту


Сабақтың типі:___аралас______________

Сабақтың түрі:____лекция___________

Пәнаралық байланыс

  1. Электротехника теория негіздері - «Үш фазалық жүйе»

  1. Электрлік машиналар- «Синхронды және асинхронды машиналардың жұмыс принциптері»

  1. Техникалық механика- «Кинематика», «Динамика,»

  1. Сызу - «Электрлік схемалар».











Сабақтың жабдықтары:

Көрнекіліктер: презентация «Үш фазалы токтағы актив және реактив қуатты өлшеу», ваттметрлер,макет «Электр санағыштар,механикалық» ,

«Электр санағыштар,электрондық» «Өлшеуіш аспаптар»_

Үлестірме материалдар: тірек конспектісі (16 ),есептер (7)

Техникалық жабдықтары: компьютер, интерактивті тақта__________________

Негізгі әдебиет:Малиновский В.Н. «Электрлік өлшемдер», Малиновский В.Н., Семенов В.Ф. Цепляев К.Н. «Электрлік өлшемдер»

Қосымша әдебиет:Авдеев В.Я.Антонюк Е.М.Душин Е.М. «Метрология негіздері және электрлік өлшемдер»
«Білім беру реформасының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған, еліміздің азаматының әлемнің кез- келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілуі».

Н.Ә.Назарбаев Жолдауы

Сабақ барысы





Сабақ кезеңдері

Жұмыстың түрі

Уақыт мөлшері

I


Ұйымдастыру кезеңі

  • Студенттермен сәлемдесу

  • Студенттерді тізім бойынша түгендеу

  • Сабақтың мақсаты, жоспарымен, өткізілу тәртібімен таныстыру

2 минут

II


Өткен тақырыпты қайталау

1. Тақтада көрсетілген сұрақтарға жауап беру.

- Электросанағыш құрылысы (механикалық санағыштар)

- Электросанағыш құрылысы (цифрлық санағыщ)

- Электр өлшегіштерді атап көрсет (Амперметр,вольтметр,мультиметр)

- Цифрлық аспаптар дегеніміз не?

- Тура және жанама өлшеу

- Трансформаторлар

- Шунттар деп ...

- Өлшеу құралдарының анықтамалары


2.Автоматтандырылған жаттығу


Макетпен жұмыс жасау


Тақтада көрсетілген сұрақтарға жауап беру

көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қою



15 минут

III

Жаңа тақырыпты меңгеру

Сабақ жоспары:




55 минут



1 бөлім. Айнымалы электр тогының үш фазалы жүйесі

2 бөлім. Токтың қуатын және энергиясын өлшеу құралдары

3 бөлім Үш фазалы тізбектің қуаты

- актив қуат

- реактив қуат

- толық қуат

4 бөлім.Актив қуатты өлшеу,реактивті қуатты өлшеу

5 бөлім.Актив,реактив.толық қуатты өлшеуге есеп шығару



Оқушылардың баяндамалары

Компьютерлік презентация


Оқушылардың баяндамалары

Компьютерлік презентация


Мұғалімнің түсіндіруі

Компьютерлік презентация

Мұғалімнің түсіндіруі

Тақтамен жұмыс



IV



Жаңа сабақты бекіту

Тест орындау


Үлестірмелі есептер

«easy Quizzy» бағдарламасында тест орындау

«Тізбектегі токты,актив,реактив,толық қуатты табу»



15 минут

V

Сабақты қорытындылау


Оқушылардың білімін бағалау, рефлексия бойынша жұмыс

2 минут

VI

Үйге тапсырма беру


Авдеев В.Я.Антонюк Е.М.Душин Е.М. «Метрология негіздері және электрлік өлшемдер» 111-115 беттер

1 минут










Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

    1. Сәлемдесу

    2. Оқушыларды түгендеу

    3. Сабақтың мақсатын ашу


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.Тақтада көрсетілген сұрақтарға жауап беру.

- Электросанағыш құрылысы (механикалық санағыштар)

- Электросанағыш құрылысы (цифрлық санағыщ)

- Электр өлшегіштерді атап көрсет (Амперметр,вольтметр,мультиметр)

- Цифрлық аспаптар дегеніміз не?

- Тура және жанама өлшеу

- Трансформаторлар

- Шунттар деп ...

- Өлшеу құралдарының анықтамалары

2.Автоматтандырылған жаттығу (көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қою)

Трансформаторды алғаш рет 1878 жылы орыс ғалымы ... ойлап тапты.


Күнделікті тұрмыста жарықтандыруға қолданылатын тоқ күші ... болады
Айнымалы бірфазалы тоқтың энергиясы ..... мен өлшенеді
.... атауы француз ғалымы А.Ампердің құрметіне аталған

ІІІ. Жаңа тақырып:

1 бөлім

1. Айнымалы электр тогының үш фазалы жүйесі (Оқушының баяндамасы )

Оқытушының түсіндіруі:

Бірдей жиіліктегі синусоидалы электр қозғаушы күш әсер ететін үш электр тізбегінен тұратын, бір-біріне фаза бойынша 1200 –қа ығысқан және бір қоректендіру көзінен қосылған жүйені үш фазалық жүйе деп атаймыз.



  • Үш фазалық жүйе симметриялы, өйткені ЭҚК – өзара тең болады. Үш фазалы жүйенің жекелеген бөліктері фаза деп аталады.

  • Үш фазалық жүйенің бір фазалық жүйеге қарағанда бірқатар артықшылықтары бар:

  1. Жүйе аса үнемді, үш фазалық генератор бір фазалыққа қарағанда қарапайым және арзан, қосқыш сымдары аз, сымдардағы қуаттың шығындары аз.

  2. Генератордың орамаларын жұлдыз бойынша қосқанда кернеуді – фазалық немесе сызықты таңдаудың мүмкіндігі бар.

  3. Үш фазалық ток айналатын магнит өрісін тудырады. Айналатын магнит өрістерін қолдану принципіне өнеркәсіпте ең көп тараған үш фазалық асинхронды электр қозғалтқыштарының әсері негізделген.

Үш фазалық токты алу. Айнымалы токтың үш фазалық жүйесін орыс инженері М.О.Доливо-Добровольский 1891 жылы жасаған.

Қарапайым үш фазалық генератордың құрылғысы бір фазалық генератордың құрылысына ұқсас, тек оның зәкірінде бір емес, үш бірдей орама (фаза) бар, олар кеңістікте бірдей 2π/3=1200 бұрыш жасай тақалып орналасады. Фазалардың басын А,В,С әріптерімен ал соңын x, y, z, әріптерімен таңбалайды.

Зәкір айналғанда, генератордың орамаларында бірдей жиіліктегі және тең амплитудағы, фазасы бойынша тең бұрышқа орналасқан 2π/3=1200 немесе периодтың 1/3 –не тақап орналасқан ЭҚК индукцияланады.

ЭҚК-дің мұндай жүйесі симметриялы деп аталады.






А фазасында пайда болатын ЭҚК:

еА=Emsinωt

В фазасында:

еВ= Emsin(ωt - 2π/3)

С фазасында:

еС= Emsin(ωt +2π/3)


3-фазаның басын латын әріптері А,В,С – әріптерімен белгілейді.

3-фазаның соңын х, y, z – әріптерімен белгілейді.


Бірінші фазаның түсі А-х - сары;

Екінші фазаның түсі В- y – жасыл;

Үшінші фазаның түсі С- z – қызыл.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет