Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Бұйрық рай+айын,(-ейін)+деп едім. Мезгіл үстеу


-тапсырма. Лексикалық минимуммен танысыңыз



бет4/5
Дата03.02.2023
өлшемі2,66 Mb.
#167352
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Саба ты грамматикалы та ырыбы Б йры рай айын,(-ейін) деп еді

1-тапсырма. Лексикалық минимуммен танысыңыз.

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Әуежай

Аэропорт

Тіркеу орны

Регистратура

Анықтама бюросы

Справочное бюро

Жолсерік

Проводник

Жолаушы

Пассажир

Жағажай

Пляж

Қонақүй

Гостиница

Төлқұжат

Паспорт

Тапсырыс

Заказ, бронирование

Ел-жер аралау

Путешествовать по странам

Саяхат

Путешествие

Қызықты демалыс

Интересный отпуск, отдых



2-тапсырма. Лингвистикалық импровизация
Сөз Сөз тіркесі Сөйлем
Демалыс Қызықты демалыс Мен еңбек демалысына шықтым.
Әуежай
Шипажай
Жағажай
Қонақүй
Естелік
Теңіз
Тамаша


ЖАЗЫЛЫМ
3-тапсырма. Сөздердің қарама-қарсы мағынасын табыңыз.
1. Естен кетпес демалыс А. Жұмысты көп істеу
2. Ел-жер аралау Ә. Ұмытып қалу
3. Ештеңе істемеу Б. Ешқандай қызықты мәлімет жоқ
4. Жұмысты аяқтамау В. Ешқайда бармау
5. Теңіз жағасы Г. Қызықты демалыс
6. Есте сақтау Ғ. Барлық жұмысты бітіру
7. Мәдениеті, тарихы қызықты Д. Қаланың іші
4-тапсырма. Сізге демалыста қажет болатын заттардың астын сызыңыз.

1. Көзілдірік 7. Сусын


2. Сөмке 8. Төлқұжат
3. Үтік 9. Тіс пастасы, тіс щеткасы
4. Сүлгі 10. Телефон
5. Теледидар 11. Жастық
6. Төлем картасы 12. Киім


Грамматикалық тақырып

Бұйрық рай +айын,-ейін+деп едім





Бір нәрсеге ынталы, ниет еткенін білдіреді.
Қалаға ертең жүрейін деп едім.
Мен сөйлесейін деп едім.




Мағынасы: іс-әркеттің мерзімі, мезгілі,уақыты.
Мезгіл үстеулерге мына сөздер жатады: бүгін, биыл, кеше, былтыр, ерте, ертеден, ежелде, таңертеңнен, күндіз, қазір т.б.
Бұл бағдарлама ертең басталады.
Кеше қызық кино болды.
Кешке маңызды жаңалықтар айтылады.
Сұрақтары: қашан? қашаннан? қай уақытта?



5 -тапсырма.Бұйрық рай+ айын, -ейін+ деп едім конструкциясын жалғаңыз.
1. Ол сізге ........................................................ .......(көрсету)
2. Арай басқа біреуден ..........................................(сұрау)
3. Мен сізді вокзалға жеткізіп ..................................(салу)
4. Мен сізге мекенжайымды жазып ..........................(беру)
5. Ол кешке таман ..................................................... (келу)
6. Студенттер сізге .............................................(көмектесу)
7. Асан саяхатқа ..........................................................(шығу)
8. Менің әріптесім іссапарға .......................................(кету)
9. Демалысқа біз ұшақпен ...........................................(ұшу)
10. Ертең мен жол ........................................................(жүру)


6-тапсырма. Берілген сөздер мен суреттерді байланыстырып сөйлем құраңыз.


Кәдесый үй күнделік сурет хат ғаламтор телефон





ОҚЫЛЫМ
7-тапсырма. Сұхбатты оқыңыз.
Рахман қайнарлары
- Біз отбасымызбен демалсақ деп едік. Шығыс Қазақстанда керемет шипажай бар екен. Сол туралы не айтасыз?
- О-о-о, тамаша таңдау! Рахман қайнарлары деген шипажай бар. Барсаңыз, өкінбейсіз.
- Балалармен баруға бола ма? Қандай жағдай жасалғанын айтыңызшы. Бағасы қанша болады? Биыл шетелге шықпай, туған жеріміздің көрмеген әсем жерлерімен танысайық деп шештік.
- Табылған ақыл! Бұл жерге барсаңыз керемет табиғат аясында демалып қайтасыздар, сонымен бірге емделіп, денсаулықтарыңызды жақсартуға болады. Қазір сізге ғаламтордан көрсетейін. Күте тұрыңызшы.
- Әрине, бармас бұрын барлық мәліметтерді біліп алайын деп едім.
- Ә, міне, таптым! Демалыс орны төрт елдің шекарасымен іргелес жатыр:
Қазақстан, Қытай, Ресей, Моңғолия. Шипажайдың ең құндылығы ондағы емдік қасиеті бар бұлақтардың орналасуында. Ел аузындағы аңызға сенсек, бұл бұлақ суларының шипалық қасиетіне ертеде Рахман есімді аңшы кісі көз жеткізіпті. Ол жаралы маралдың осы суға түсіп қалай емделіп, сауығып шыққанын өз көзімен көрген екен.

  • Иә, -иә, мен де солай деп естігенмін. Жақсы болды. Ал онда көрікті жерлерді аралауға бола ма?

  • Әрине. «Рахман қайнарлары» тек ем алу ғана емес, белсенді демалыс орны. Шипажай қызметкерлері сізге «Радостный» аймағына көкке шығуды, Патшалар жазығына саяхат жасауды, Язовое көлін аралауды ұсынады. Бірақ табиғаттың бұл жердегі сыйы осымен таусылмайды. Белуха тауының бауырын атпен аралап, Равновесие көлінің таңғажайып келбетін тамашалауыңызға болады.

Балық аулауды жақсы көрсеңіз, балаларыңызбен Күршім өзеніне, Бөкен жылғаларына немесе Марқакөлге, Ақ Берелге бара аласыз.

  • Тіпті керемет!

  • Сізге демалыс орнына тапсырыс беруге көмектесейін бе?

  • Әрине, әрине. Міне, құжаттарым. Мен де соны сұрайын деп отыр едім.

Көп рақмет сізге.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет