Сабақтың жоспары: Дидактика пәні, негізгі ұғымдары. Дидактиканың негізгі міндеттері


)Оқыту мазмұны (ойлар, идеялар, білім, ұғым, ақыл-ой іс-әрекеті тәсілдері, іскерлік, шығармашылық)



бет17/20
Дата06.02.2022
өлшемі71,89 Kb.
#79990
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Дидактиканың негізгі ұғымдары

4)Оқыту мазмұны (ойлар, идеялар, білім, ұғым, ақыл-ой іс-әрекеті тәсілдері, іскерлік, шығармашылық).
Тұлғаны жан-жақты дамытудың және оның базалық мәдениетін қалыптастырудың негізгі құралдарының бірі – білім мазмұны. Білім беру - қоғамдық ұйымдастырылатын және реттелетін, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа әлеуметтік маңызды тәжірибені тұрақты түрде беру процесі. Білім беру үш бірдей процесті қамтиды: тәжірибені меңгерту, жүріс-тұрыс қасиеттерін тәрбиелеу, дене және ақыл-ойын дамыту.
Педагогикалық сөздікте «білім беру мазмұны білімдердің, іскерліктердің және дағдылардың, көзқарастар мен сенімдердің жүйеленген жиынтығы, сонымен қатар оқу-тәрбие жұмыстары нәтижесінде жеткен практикалық дайындықпен танымдық күштердің дамуының белгілі бір деңгейі» деп атап көрсетіледі. Оны білім беру мазмұнының мәнін анықтауды білімдік-бағыттылық тұрғыдан қарастыру деп атауға болады. Бұл жағдайда адамзаттың рухани байлығының бейнесі ретінде білімге негізгі көңіл бөлінеді. Әрине, білім маңызды әлеуметтік құндылық. Сондықтан білімге бағытталған білім беру мазмұнының маңызы бар. Ол тұлғаның әлеуметтенуіне, адамның социумға енуіне көмектеседі. Бірақ, білім мазмұнын білімдік бағыттылық тұрғыдан анықтағанда абсолюттік құндылық білім болады да, адамның өзін көрсетпейді. Адам екінші кезекте қалып қояды. Ол білім мазмұнын идеологизациялау, орта оқушыға бағыттау сияқты басқа да негативті құбылыстарға әкеліп соқтырады. 
Кейінгі жылдары білім беруді ізгілендіру идеясы аясында білім мазмұнының мәнін анықтауға деген тұлғалық бағытталған тұрғыдан қарастыру кең қолдау тауып келе жатыр. Тұлғалық бағытталған білім беру мазмұны тұтас адамды дамытуға бағытталған: табиғи ерекшеліктерін (денсаулығы, ойлау, әрекет ету, сезіну қабілеттері); әлеуметтік қасиеттерін (еңбек адамы, отбасы, азамат болуы); мәдениет субъектісі қасиеттері (еркіндік, ізгілік, рухани, шығармашылық).





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет