Педагогикалық процесс-тәлім-тәрбиелік қарым-қатынастарды ұйымдастырудың тәсілі. Педагогикалық процесті ұйымдастыратын педагог. Педагогикалық процесс- бірнеше элеметтен құрылатын жүйе. Педагогикалық процестің үш құрылымы болады: педагогикалық, әдістемелік, психологиялық. Педагогикалық процестің педагогикалық құрылымы: мақсат-принциптер-мазмұн-әдістер-құралдар-түрлер.
Мақсат-ұстаз бен шәкірт арасындағы педагогикалық қатынастардың нәтижесі. Принциптер мақсатқа жету жолдарын анықтайды. Мазмұн-мақсатқа жету жолында оқушыларға берілетін тұлғалар тәжірбиесінің бөлігі. Әдістер- мұғалім мен оқушының мазмұнды жетілдіру- қабылдуға арналған іс-әрекеттері. Құралдар- мазмұнмен жұмыс жасайтын материалдық тәсілдер мен әдістер.
Педагогикалық процестің әдістемелік жүесін жасау үшін мақсат бірнеше міндеттерге бөлінеді. Әрбір міндет ұстаз бен шәкірт іс-әрекеттерінің кезеңдерін анықтайды. Мысылы, сабақтың әдістемелік құрылымы: сабаққа дайындалуы, сабақты өткізу, сабақты талдау; экскурсияның әдістемелік құрылымы: дайындық, керекті жерге бару, бақылау, көргенді бекіту, нәтижені талдау.
Педагогикалық процестің психикалық құрылымы: танымдық процестер (қабылдау, ойлау, есте сақтау, ақпарат сіңіру), оқуға қызығушылық (оқуға қызығуды, қабілетті, ынтаны айқындау), қуат (көтеріңкі не түсіңкі дене мен жан күш-қуаты, белсенділік, еңбекқорлық не шаршау динамикасы).
Оқыту адамның қызметінің бір ғана түрі, ол екі жақты сипатта болады. Ол мұғалім мен оқушылар арасында оқудың мақсат- міндеттерін жүзеге асыруға байланысты бір мезгілде өзара қарым-қатынастыары мен оқу әрекеттерінен тұрады. Оқу әрекеті дегенде: мұғалімдер тарапынан білім беру қызметіне басшылық болса, оқу- бұл оқушылар тарапынан білімдерді белсенді түрде меңгеруі, таным әрекеті. Мұғалім оқушыларға білім беруде қаншалықты белсенділік танытқанымен, егерде ондай белсенділік оқушылар тарапынан қолдау таппаса оқыту нәтижелі болмайды. Сондықтан, белгілі бір мақсатқа бағытталған мұндай өзара қарым-қатынаста біржақты көзқарас болмауы тиіс. Оқыту процесі тек мұғалім мен оқушылар арасындағы оқу әрекетінен құралмайды, сонымен бірге оқытудың басқа да элементтері бар. Олар мыналар:
Оқытудың мақсаттылығы. Мұнда мұғалімнің оқылатын тақырыптың мақсат-міндеттерін айқын қарастыруы көзделеді.
Оқытудың мазмұны. Жас ұрпақты ғылымның жетістіктерін меңгеруді, білімдерін дамытуды міндеттейді.
Оқыту формалары мен тәсілдері. Оқыту мазмұнын қандай амал- тәсілдермен, нақтылы практикалық жолдармен меңгеруді баяндайды.
Оқыту нәтижесін талдау және бағалау. Мұғалімнің және оқушының оқу әрекетінің құрылымын бірлесе отыра сараптама жұмыстарын жүргізуі, оқушылардың оқу әрекетінің сапасына көзқарасын білдіріп, бағалап және білім деңгейін тексеріп отыруы. Оқушылардың өзін-өзі қадағалап, тексеріп отыруы.