Оқыту–бұл күрделі процесс.Ол тұлғаға білім беру,тәрбиелеу және ақыл –ойы мен творчестволық қаблетін,демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады.Мұның мәнісі,жеке тұлғаға біртұтас (комплексті) ықпал жасауды көздейді.
8. Оқыту процесінің құрылымы, негізгі кезеңдері Оқыту процесі - тұтас жүйе. Оқыту процесінің тұтастығының принципі оның бірлігін көрсетеді.
Жүйе - тұрақты бірлік пен тұтастықты құрайтын бір-бірімен байланысты элеметтерінің көптігі.
Оқыту процесінің жүйе құраушы түсініктері: оқыту мақсаты, мұғалім іс-әрекеттері, оқушы іс-әрекеттері және нәтиже, айнымалы басқару құралдары. И.Ф. Харламов оқыту процесінің келесі компоненттерін атап көрсетеді: мақсаттық, мотивтік, мазмұндық, іс-әрекеттік, операционалдық, эмоционалды жігерлік, бақылаушы-реттеуші және бақылаушы-нәтижелік компоненттер.
1-сурет- Оқыту процесінің құрылымдық моделі
Дидактикалық әдебиеттерде «звено», «фаза», «кезең» терминдері қолданылады. Педагогикалық әдебиеттерде келесі оқыту циклдері аталып көрсетіледі. (Цикл - оқыту процестерінің белгілі бір актілерінің жиынтығы, оқудың микронәтижесі.)
1. Бастапқы цикл мазмұны оқу материалдарының жалпы схемасын және оларды қолдану әдістерін меңгеру. Оқытудың бастапқы циклінде оқу материалының практиканың маңыздылығын және негізгі идеясын сезіну және түсіну, оқу материалдарын қайта айтып беру және оларды практикада қолдану жолдарын меңгеру міндеттері шешіледі.
2. Екінші циклдің мақсаты - игерген білімдерді нақтылау, оларды қолдану әдістерін толық меңгеру.
3. Үшінші циклдің мақсаты - игерілген білімдерді жүйелі қорыту, білімдерді күнделікті өмірде мұғалімнің көмегімен және өзіндік қолдану.
4. Қорытынды циклде – алдыңғы циклдердің нәтижелері тексеріледі, білімдегі кемшіліктер анықталады, оқу пәнін меңгерудегі алда тұрған жұмыстар белгіленеді.