Сабақтың жоспары: Дидактика пәні, негізгі ұғымдары. Дидактиканың негізгі міндеттері


Оқушының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған сараланған оқыту



бет20/20
Дата06.02.2022
өлшемі71,89 Kb.
#79990
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Дидактиканың негізгі ұғымдары

Оқушының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған сараланған оқыту.

Қазіргі таңда мұғалімдер алдында білім жүйесін, заман талабына сай үйлестіре, жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап білімге бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Бұл мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру деген сөз. Мұғалімнің білім беруі мен оқытудың қазіргі замандағы әдістері негізгі жеті модульге бөлінеді:
Ұсынылып отырған осы курстың негізгі бағдарламасы - мұғалімнің білім беруі мен оқытудағы әдістерін өзгертудегі жаңа бастама, яғни бұл бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту теориясының негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлануын дамытуда олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделген. Мұғалімнің білім беруі мен оқытудың қазіргі замандағы әдістері негізгі жеті модульге бөлінеді:
- Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
-Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
- Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
- Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
-Талантты және дарынды балаларды оқыту.
- Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.
- Білім берудегі басқару және көшбасшылық.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру – бұл модуль талантты  және дарынды балаларды оқыту тақырыбымен тығыз байланысты, себебі екі модуль де оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған сараланған оқытуға қатысты болып отыр. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу балалар дамуында оқудың қолжетімділігі дәрежесін анықтайтын кезеңдеріне қатысты «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулімен тығыз байланысты. Әртүрлі жастағы балаларға байқалатын метасана (тұлғаның өзін-өзі тануы және өз когнитивтік үдерістері мен стратегиясын қарастыру) деңгейіне, балалардың жас шамасына бейімделген сындарлы диалогті ынталандыру стратегиясы да әр жастағы балалар мүмкіндігіне сай беріледі.


Үйге тапсырма:

  1. Дәрісті түсініп оқу, конспектілеу.

  2. https://www.youtube.com/watch?v=zvJr-wilznw&ab_channel=pkai – бейнесабақтағы бақылау сұрақтарына жауап жазыңыз. (WORD форматында теріліп, канвас платформасына салынады)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет