Танымдық іс-әрекет сезімдік қабылдаудың, теориялық ойлаудың және практикалық іс-әрекеттің бірлігі. Оқу іс -әрекетінің мазмұндық, процессуалдық және мотивтік компоненттерін атап айтуға болады. Оқу әрекеттерін сыртқы және ішкі әрекеттер деп бөлуге болады.
Сыртқы әрекеттер: заттық әрекеттер (жазу, сызу, сурет салу т.б.), перцепвтивтік әрекеттер (тыңдау, бақылау, көру), символдық әрекеттер (сөйлеу, сөз).
Ішкі әрекеттер: мнемикалық әрекеттер (есте сақтау, реттеу және ұйымдастыру), қиял әрекеттері, ойлау әрекеттері (танымдық іс- әрекеттері формалары: материлдық, сөйлеу және ақыл-ой).
Танудың негізгі құралы - ойлау. Ойлау операциялары: синтез, анализ, салыстыру, жіктеу, қорыту және т.б.
Оқудың маңызды компоненті – мотив. Оқу іс-әрекетінің мотивтерінің бір-бірімен өзара байланысқан үш тобын көрсетуге болады.
Оң немесе теріс эмоциялар, тұлғаның эмоционалдық жағдайларының негізіндегі тікелей қозғаушы мотивтер: мазмұнның жаңалығы, жарқындығы, сыртқы атрибуттардың тартымдылығы; сабақты қызықты өткізу; мұғалім тұлғасының тартымдылығы; мақтау, марапаттау алғысы келуі, төмен баға алудан, жазадан қорқуы және т.б..
Перспективті қозғаушымотивтернегізінде оқыту пәнінің, жалпы білімнің әлеуметтік мәнін түсіну жатады. Мысалы, пәннің болашақта таңдаған мамандығын меңгерудегі маңызын түсіну.
Интеллектуалдық қозғаушы мотив түбінде тану процесінің өзінен қанағат алу жатады: білімге деген қызығушылық, оқу-танымдық есептерді шешу процесінің өзінен қанағат алу және т.б. Интеллектуалдық қозғаушы мотивтердің ішінде танымдық қызығушылықтар мен қажеттіліктер ерекше орын алады. Г.И.Щукина танымдық қызығушылықтардың үш деңгейін көрсетеді. Танымдық қызығушылықтың төменгі элементарлық деңгейі нақты фактілерге, сипаттама түріндегі білімдерге, үлгі бойынша әрекеттерге көңіл бөлумен сипатталады. Екінші деңгейде тәуелділіктерге, себеп-салдар байланыстарына, оларды өзінше табуға деген қызығушылықтар байқалады. Танымдық қызығушылықтың жоғары деңгейінде терең теориялық проблемаларға, білімді игерудегі шығармашылық іс-әрекетке деген қызығушылық пайда болады.
Оқыту процесінің логикасы және игеру процесінің құрылымы. Оқыту процесінің логикасын және білімді игеру процесінің құрылымын «нақты аңғарудан абстрактілік ойлауға және одан практикаға көшу» схемасына сәйкес бірлікте қарастыруға болады.
Нақты аңғару – түйсік, қабылдау.
Абстрактілік ойлау –ұғыну, мәнін түсіну.
Практика – білімді, іскерлікті, дағдыны практикада қолдану.
Мұғалімнің оқытушылық іс-әрекеті оқыту процесінің негізгі компоненттерінің бірі. Мұғалімнің оқытушылық іс-әрекетінің мәні өсіп келе жатқан ұрпақтың интеллектуалдық, адамгершілік және дене қабілеттерін дамытуға арналған білім мазмұнын меңгертуге бағытталған оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін басқару. Мұғалім тарапынан педагогикалық басшылық сабақтағы өзінің және оқушылардың іс-әрекетін жоспарлаудан және ұйымдастырудан, оқушылардың білімдерді және іс-әрекет әдістерін меңгеруге бағытталған белсенді және саналы іс-әрекеттерін ынталандырудан, олардың оқу әрекеттері мен білімділігі сапасын бақылаудан, оқыту нәтижелерін талдау мен оқушының тұлғалық дамуын болжамдаудан құралады.
Тәрбие беру міндеттері білім беру мекемелерінде оқушылармен оқу уакытынан тыс жүргізілетін оқыту процесі мен тәрбие жұмыстары процесінде шешіледі. Мұғалім мен оқушылардың бұл саладағы қызметтерінің әрқайсысының өздерінің айырмашылықтары мен өздерінің ерекшеліктері болады, алайда олар өзара бөлінбестей байланысты, олар бір тұтас оқу-тәрбие процесін кұрайды.
Оқыту — жеке адамның қалыптасуының және бірінші кезекте, ақыл-ойы мен жалпы білімін дамытудың маңызды кұралы. Білім мен ақыл-ойдың дамуы көптеген жолдармен және әрқилы түрде (радио тыңдау, газет оқу, музейге бару және т. б.) бастап өздігінен білім алуға дейін жүзеге асырылады, алайда оқытудан тыс білім алу көбіне - көп тұрақты емес, жүйесіз түрде жүреді.
Оқыту процесі әрқашанда мұғалімнің басшылығымен өтеді.
Бірақ сонымен бірге білім алу, іскерлік және дағдылану процестері —оқушының өзінің қызметі. Оны оқу деп атап жүр. Хабарлама теориясы тарапынан алып қарағанда оқу дегенді хабарды кайта өңдеу процесі деп түсінуге болады, оның жаңа хабарды табуға мүмкіндік беретін әрекеттер жасау үшін пайдаланылуы мүмкін. Ал оқыту ұғымы оқушыларды біліммен, іскерлік және дағдымен қаруландыру, олардың, таным және шығармашылық қабілеттерін дамыту жөніндегі мұғалімнің қызметіне жатады.
Мұғалімнің жұмыс жүйесі оқудың ішкі механизмдерін білуіне, оқу процесінің барысында өздері қабылдап алған барлық білім, түсініктерін оқушылардың сана-сезімдеріне қандай әрекет-әсер ететінін түсінуіне негізделген кезде ғана тиімді болуы мүмкін.
Мектептің оқыту процесіндегі жүйелілік оқу жоспары мен оқу программаларында анықталған. Сондықтан программаның талабына сай оқуды жүйелі түрде жүргізу мынаны көздейді:
а) Оқу жылы бойынша әрбір оқу пәндерінің материалын логикалық ретімен орналастыру;
ә) Материалды мұғалім жүйелі де ретімен баяндау;
б) Ең қажетті міндет оқушылар жаңа білімдер мен бұрынғылардың логикалық байланысын түсінуі тиіс;
в) Меңгерілетін деректі материалдар мен қорытынды топшылаулар оқушылар санасында логикалық түрде орналасуы тиіс;
г) Мұғалімдер мезгіл-мезгіл өткен материалды жинақтап, қорытындылап отырады. Ол балалардың тақырыптық жеке бөлімдерін қалай түсінгендерін, есте қалғандарын анықтайды.
Жыл аяғында оқушылар пән бойынша не оқығанын, әр бөлімдерден не ұғынғандарын, тақырыптың бөлімдері бір-бірімен қалай байланысқандығын айтып беруге тиіс.
Осылай оқушылар санасында білімдер бір жүйеге түседі, білімнің ең негізділері мен мазмұндылары баса, бөле, асты сызылып көрсетіледі.