Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы
А.Меңдалыұлы атындағы орта мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Бектурганова Айтгул Сыдиыковна
Мақсаты: Болашақ ұрпақты аталы сөздерге құлақ асып жүруге тәрбиелеу. Бабаларымыздың айтып кеткен сөздерінің мағыналарын ашып түсіндіру.
Көп жасаған қария
Ақылы теңіз-дария.
Көп өнеге сөзі бар
Сөзі – соқпақ, өзі нәр.
Ата салты – ардақты,
Әрбір сөзі – салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң
Тістерсің бір күн бармақты.
Бабалар сөзі - кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен-билерден, ақын-жыраулар мен сал-серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы.
Мың жылда бір-ақ көрінетін кометалардай сыры да, сезімі де терең, тұңғиық дана тұлғаларымыз фәни өмірден баз кешіп, бақилық болып жатыр. Әйтсе де, Баубек пен Бауыржан батырлығы, Әлия мен Мәншүк ерлігі, Қаныш пен Әлкей білімі, Мұхтар мен Ғабит, Ғабидендердің үні, Дінмұхаммедтің парасаты – бүгінгі ұрпаққа өнеге. Олардың даналық болжамы, ғибрат аларлық сөздері мен пайымдаулары бүгінде халықпен қайта қауышып, жүрегімізден орын алуда.
Біздің ата-бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлықтай тамаша тәлім-тәрбие берерліктей өсиет сөздер бар.
- Үйде кім, елде кім қадірлі?
- Ата, үйде ана, елде бастық қадірлі – депті жігіт.
- Жоқ балам, үйде қонақ, қарт, бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі. Қонақты қадірлеуді бәрі біледі. Бала үйдің патшасы, балалы үй базар, баласыз үй қу мазар, - депті қарт.
- Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
- Ата, жоқты бар, ашты тоқ ететін мейірімді әке, - депті жігіт.
- Жоқ балам, әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Жоқты бар, ашты тоқ ететін ол – ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.
Ана – үйдегі бақ, әке отыратын - тақ. Ана ақылды болса үйдің қуанышы, әкенің жұбанышы – депті қарт.
- Ендігі кезекте біз ненің жақсы, ненің жаман екендігімен, қасиетті ұғымдармен танысуымыз керек. Бұл бөлім сайыс түрінде өтеді. Қонақтар мен оқушылар болып сайысқа түсеміз. Сұрақтарға жауап беру кезегін алдымен қонақтарға береміз, соңынан оқушылар толықтырады.
Жерден ауыр не бар?
Судан терең не бар?
Оттан ыстық не бар?
Көктен биік не бар?
(Қонақтар жауабы сұралады)
Жерден ауыр дегенім – ақыл, білім,
Судан терең дегенім – оқу, ғылым.
Оттан ыстық дегенім – адамның өмірі.
Көктен биік дегенім – тәккапардың көңілі
Достарыңызбен бөлісу: |