Сабақтың көрнекілігі: а түрлі сызбалар Оқыту әдісі: Практикалық жұмыс Сабақтың барысы: Ұйымдастыру



бет23/60
Дата27.05.2018
өлшемі6,22 Mb.
#41001
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   60

Жауабы: 18 см

VІ. Бекіту сұрақтары

1) Шеңбер элементтері: центр, радиус, диаметр, хорда, доға, жанама

2) Шеңбер мен түзудің орналасуы һ > r, h < r, h = r

VІІІ. Бағалау

ІX. Үйге тапсырма:

1. Шеңбердің радиусы 2,5 см-ге тең. Шеңбер хордасы 6 см- ге тең болуы мүмкін бе?

( Д = 5 см, хорда 6 см болуы мүмкін емес)

2. Өзара перпендикуляр хордалар бір-бірін 5 см және 7 см кесінділерге бөледі. О нүктесінен хордаға түсірілген перпендикулярды табыңдар.

3. АВ және СД центрі О болатын шеңбердің диаметрі. Егер СВ = 13 см,

АВ = 16 см болса, АОД үшбұрышының периметрі неге тең болады?

Сабақ №__52__

Күні:______

Сынып:_11___

Сабақтың тақырыбы: Бір есепті шығару сабағы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Планиметрия курсын қайталау және ол есепті әртүрлі тәсілдермен шығару барысында жүйелеу.

Дамытушылық: Ой қорытындылау, логикалық ойлау қабілетін дамытуға жетелеу.

Тәрбиелік: Ұқыптылық пен байқағыштыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің, ақпараттық техниканың дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.


II.Үй тапсырмасын тексеру

Үй есебінің орындалуын тексеру және шығару жолын талдау.


ІII.Қайталау, шолу сұрақтарына жауап алу.

- Пифагор теоремасы

- Герон формуласы

- косинустар теоремасы

- трапеция ауданының формуласы

- үшбұрыштар ұқсастығы


ІII. Есептер шығару

№1. Есеп: Табандары 15 см, 5 см, ал бүйір қабырғасы 8 см және 6 см болатын трапецияның ауданын табыңдар.

4 топқа әртүрлі тәсілдер берілген және есептің шығарылу жоспары көрсетілген карточка беріледі.

1 Пифагор теоремасы





1. ∆ АВH үшбұрышын қарастырамыз. АВ=6 c , AH=x, BH-ны пифагор теоремасы арқылы өрнектейміз.

2. СЕD тік бұрышты үшбұрышын қарасытрамыз. СD=8см, DE=(10-x)см

Пифагор теоремасы арқылы СЕ-ны өрнектейміз.

3. ВН=CE, x-ке қатысты теңдеу құрамыз.

4. Трапецияның біктігін табамыз.

5. Трапецияның ауданын табамыз.




2. Герон формуласы



  1. СЕ││АВ қосымша сызық жүргіземіз.

  2. 2. АВСЕ – параллелограмм.

  3. 3. СЕД үшбұрышын құрастырамыз. Герон формуласы боцынша аудан табамыз.

  4. 4. Үшбұрыштың табаны мен ауданы арқылы биіктігін табамыз.

  5. Трапецияның ауданын табамыз.




3. Үшбұрыштар ұқсастығы



1. АВ, СD қабырғаларының созындысын жүргізіп, АВ∩СD=E нүктесін белгілейміз.

2. АЕD және ВЕС үшбұрыштарын құрастырамыз.

3. Бұл үшбұрыштар ұқсастығымен ВЕ және ЕС табамыз.

4. Герон формуласымен АЕD үшбұрышының ауданын табамыз.

5. Герон формуласымен ВЕС үшбұрышының ауданын табамыз.

6. Трапеция ауданын табамыз


.№4.






  1. ВС және АД параллель түзулерін және ВД қиюшыны қарастырамыз.

  2. 2. ∟ВДН - ∟ДВС, бұдан шығатыны, соs∟BDH=cos∟DBC.

  3. BD=x деп белгілейік.

  4. ВДС үшбұрышын қарастырамыз. ДВС бұрышын косинустар теоремасы бойынша өрнектейміз.

  5. ВДА үшбұрышын қарастырамыз. ВДН бұрышын косинустар теоремасы арқылы өрнектейміз.

  6. х-айнымалыға қатысты теңдеу құрамыз.

  7. Герон формуласымен АВД-үшбұрыш ауданын табамыз.

  8. Герон формуласымен ВСД үшбұрышының ауданын табамыз.

  9. Трапецияның ауданын табамыз.

ІV. Тақтада.

Әр топ жетекшісі өз тәсілімен тақтада шығару керек, және түсіндіруі қажет.



V. Өз бетінше жұмыс.

Есеп: Табандары 10 см, 24 см, ал бүйір қабырғалары 13 см және 15 см трапеция берілген. Трапецияның биіктігін және ауданын табыңдар. (кез келген әдіспен шығаруға болады.) Жұмыстары тексерілініп бағаланады.

VІ.Үйге: АВСД трапециясының бүйір қабырғалары 8 см және 10 см, ВС табаны 2 см. АДС бұрышының биссектрисасы АВ қабырғасының ортасы арқылы өтеді. Трапеция ауданын табыңдар.
VII. Қорытындылау.

Сабақ №__53_

Күні:______

Сынып:_11___
Сабақтың тақырыбы: Жазықтықтар арасындағы бұрыш. Екі жақты бұрыш, оның сызықтық бұрышы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жазықтықтар арасындағы бұрыш, екі жақты бұрыш, оның сызықтық бұрышы туралы білімдерін қайталау

Дамытушылық: Ой қорытындылау, логикалық ойлау қабілетін дамытуға жетелеу.

Тәрбиелік: Ұқыптылық пен байқағыштыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабақ

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің, ақпараттық техниканың дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.
II. Қайталау, шолу сұрақтарына жауап алу


    1. Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш

    2. Жазықтықтар арасындағы бұрыштың анықтамасы

    3. Екіжақты бұрыш (бұрыштың жағы, бұрыштың қыры,) деген не?

    4. Екіжақты бұрыштың сызықтық бұрышы деген не?

    5. Екіжақты бұрыштың өлшеуіші сызықтық бұрыштың қалай таңдап алынғандығына тәуелді болмайтындығы неліктен?


ІII. Есептер шығару
Тақтада есептер шығару: №41, 42,43

Өздіктерінен есептер шығару: №44,45

VII. Қорытындылау.
Үйге: №46, 47


Сабақ №__54_

Күні:______

Сынып:_11___
Сабақтың тақырыбы: Жазықтықтар арасындағы бұрыш. Екі жақты бұрыш, оның сызықтық бұрышы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жазықтықтар арасындағы бұрыш, екі жақты бұрыш, оның сызықтық бұрышы туралы білімдерін қайталау

Дамытушылық: Ой қорытындылау, логикалық ойлау қабілетін дамытуға жетелеу.

Тәрбиелік: Ұқыптылық пен байқағыштыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабақ

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің, ақпараттық техниканың дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.
II. Қайталау, шолу сұрақтарына жауап алу


  1. Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш

  2. Жазықтықтар арасындағы бұрыштың анықтамасы

  3. Екіжақты бұрыш (бұрыштың жағы, бұрыштың қыры,) деген не?

  4. Екіжақты бұрыштың сызықтық бұрышы деген не?

  5. Екіжақты бұрыштың өлшеуіші сызықтық бұрыштың қалай таңдап алынғандығына тәуелді болмайтындығы неліктен?


ІII. Есептер шығару
Тақтада есептер шығару: №48, 49,50

Өздіктерінен есептер шығару: №51, 53

VII. Қорытындылау.
Үйге: №54, 55
№55

Сынып: 11 «б»

Күні: ___________

Сабақтың тақырыбы: Векторларға амалдар қолдану

Сабақтың мақсаттары:


  1. Білімділік: Векторлардың координатасын табу, векторларды қосу және азайту

2.Дамытушылық: Оқушылардың есеп шығару дағдыларын дамыту.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың әдістері:

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу ә) Оқушылар тізімін тексеру б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ Өткен тақырыпты қайталау:



  • Жазықтықтағы векторлар, вектордың координаталары

  • Екі векторды үшбұрыш ережесі бойынша қосу

  • Екі векторды параллелограмм ережесі бойынша қосу

  • a және b векторларының айырымы деп b+х=a теңдігін қанағаттандыратын х векторын айтады

  • Векторларды қосудың қасиеттері

ІІІ Дамыту кезеңі. Есептер шығару:

1.A(2;0;0;), B(0;0;0), C(0;2;0), B1(0;0;2) ABCDA1B1C1D1 кубының төбелері болса, С1 нүктесінің координаталарын табыңыз. Ж: C)(0;2;2)



2. M(2;0;0) H(0;0;0), P(0;4;0), H1(0;0;4) MHPKM1H1P1K1 тікбұрышты параллелепипед төбелері болса, М1 нүктесінің координатасын табыңыз. Ж: (2;0;4)

3.A(2;0;0), B(0;0;0), C(0;2;0), B1(0;0;2) ABCA1B1C1 призмасының төбелері векторының координатасын табыңыз. Ж: (0;0;2)

4. M(0;0;0), P(4;4;0), H(0;4;0), M1(0;0;6) МРНМ1Р1Н1 призманың төбелері. Р1 нүктесінің координатасын табыңыз. Ж: (4;4;6)



5. (1;2;3;) векторын (1;1;0), (1;0;1), (0;1;1) векторлары арқылы жіктеңіз. Ж: +2


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет