Сабақтың көрнекілігі: а түрлі сызбалар Оқыту әдісі: Практикалық жұмыс Сабақтың барысы: Ұйымдастыру



бет55/60
Дата27.05.2018
өлшемі6,22 Mb.
#41001
түріСабақ
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60

4. Есептер шығару

  1. Тік бұрышты үшбұрыштың тік бұрышының биссектрисасы гипотенузаны 1:3 қатынаста бөледі. Гипотенузаны биіктік қандай қатынаста бөледі. Жауабы: 9:1

  2. АВС үшбұрышының ВС қабырғасына орта перпендикуляр АС қабырғасын Д нүктесінде қияды. Егер ВД=5 см, АС=8,5 см болса, онда АД мен СД-ны табыңдар. Жауабы: АД=3,5 см, СД=5 см

  3. АВ=АС=10 см, ВС=16 см болатын АВС тең бүйірлі үшбұрыштың медианаларының қиылысу нүктесінен ВС қабырғасына дейінгі қашықтықты табыңдар. Жауабы: 2,5 см

  4. Қабырғалары 25, 25, 14 см-ге тең болатын үшбұрыштың медианаларының қиылысу нүктесінен үшбұрыштың төбелеріне дейінгі қашықтықтарды табыңдар. Жауабы: 16 см,

  5. Тең бүйірлі үшбұрыштың медианаларының қиылысу нүктесіне дейінгі қашықтықтар 25, 14 және 25 см-ге тең. Үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар. Жауабы: 48 см,

Үйге:

Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.

Сабақ №__65__

Күні:______

Сынып:_11___


Тақырып: Қайталау. Стереометрия аксиомалары және олардың кейбір қарапайым салдар.Түзулер мен жазықтықтардың параллельдігі.

Мақсаты:

а)қарапайым математикалық ұйғарымдарды дәлелдеу үшін аксиома,оның салдарын және паралель және айқас түзулер шардың белгілерін,түзу мен жазықтықтың паралельдік белгісін қолдана білу дағдысын қайталау.

б)Оқушыларға сызба салуда ұқыптылыққа, сауаттылыққа, яғни эстетикалық тәрбие беру;

в)Оқушылардың абстрактылы ойлау қабілетін дамыту;



Типі: Қайталау сабақ.

Сабақтың көрнекілігі:а)түрлі сызбалар

Оқыту әдісі: Практикалық жұмыс

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

А)оқушының сабаққа қатысы

Б)психологиялық дайындығы, зейінін шоғырландыру

2. Қайталау (сұрақтар)

1) Стереометрия нені зерттейді?

2) С тобындағы аксиомаларды тұжырымдап айтыңдар.

3) Нүктелердің жазықтықтағы түзуге қатысты орналасуының негізгі қасиетін тұжырымдап беріңдер.

4) Нүктелердің кеңістіктегі жазықтыққа қатысты орналасуының негізгі қасиетін тұжырымдап беріңдер.

5) Кеңістікте қандай түзулер айқас түзулер деп аталады?

6) Кеңістіктегі қандай түзулер параллель түзулер деп аталады?

7)Кеңістіктегі өзара параллель үш түзу туралы теореманы түсіндіріп беріңдер.

8) Кеңістікте түзу мен жазықтық қалай орналасуы мүмкін

9) Түзу мен жазықтық қандай жағдайда параллель болады.

10) Түзу мен жазықтықтың параллельдік белгісін тұжырымда.

3. Есептер шығару

№1 есеп.


АВСДА¹В¹С¹Д¹ кубы берілген, К€ВВ¹.

Салыңдар:

а) А¹К түзуінің α жазықтығымен қиылысу нүктесін

б) С¹К түзуінің α жазықтығымен қиылысу нүктесін

в) α жазықтығымен А¹К¹С¹ жазықтықтығының қиылысу сызығын

№2 есеп.


МАВС тетраэдрінің әрбір қыры 6 см. Д€МВ, Е€МС, F€АВ, АF=FB, P€MA

  1. а)МАВ және М FС; б) МСF және АВС жазықтықтарының қиылысу сызығын атаңдар.

  2. С F және АВС-ның ауданын

  3. АВС жазықтығы мен ДЕ түзуінің қиылысу нүктесін қалай салатынын түсіндір.

№3 есеп.


АВСДА¹В¹С¹Д¹ кубы берілген, Р€ВВ¹, В¹Р€РВ.

  1. АВС жазықтығы мен Д¹Р түзуінің қиылысу нүктесін қалай салатынын түсіндір

  2. АД¹Р жазықтығымен АВВ¹ жазықтықтығының қиылысу сызығын қалай салады.

  3. АР және АД¹ кесінділерінің қзындығын есепте, егер АВ=а.



4. Бекіту

5. Үй тапсырмасы:Қайталау.

Есеп: Үшбұрыштың бір қабырғасы 13 см, ал оған қарсы жатқан бұрыш 120º, ал оның қалған екі қабырғасының қосындысы 15 см. Үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар.

Сабақ №__66__

Күні:______

Сынып:_11___


Тақырыбы: Көпжақтар. Айналу денелері

Мақсаты:

1.Көпжақтар және айналу денелерін, олардың элементтерін қайталау, есептер шығару.

2. Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

3.Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.



Типі: Қайталау сабақ.

Сабақтың көрнекілігі:түрлі сызбалар

Оқыту әдісі: Практикалық жұмыс

Сабақтың барысы:



1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушының сабаққа қатысы б) психологиялық дайындығы, зейінін шоғырландыру



2. Қайталау (сұрақтар)

  1. Көпжақтарды, олардың түрлерін, элементтерін атаңдар. (куб, параллелепипед, әртүрлі призмалар, пирамида)

  2. Көпжақтардың бүйір бетінің аудандары, толық бетінің аудандары, көлемдері.

  3. Айналу денелерін, олардың түрлерін, элементтерін атаңдар. (конус, цилиндр, шар, сфера)

  4. Айналу денелерінің бүйір бетінің аудандары, толық бетінің аудандары, көлемдері

3. Есептер шығару

1.АВСDА1В1С1D1 тік параллелепипед табанында ромб, ромб қабырғасы а-ға тең, ВАD=600. В1D диагоналі табан жазықтығымен 450 жасаса, толық бетінің ауданын табыңыз.



Ж: а2(4+)

2. Дұрыс үшбұрышты пирамиданың табанының қабырғасы 4, бүйір қыры табан жазықтығымен 450 бұрыш жасайды. Пирамидаға іштей сызылған конустың бүйір бетінің ауданын табыңыз.

Ж: 4

3. Кубтың диагоналі 3-ке тең. Кубтың толық бетінің ауданын табыңыз. Ж: 18

4. Цилиндрдің осіне параллель қимасының диоганалы 9 және табанымен 600 бұрыш жасайды. Егер табанында 1200 доға қиылыса, цилиндрдің толық бетін табыңыз. Ж: 54

5. Конус жасаушысы 5 см, табанының радиуысы 4 см. Толық бетінің ауданын табыңыз.

Ж: 36 см3

6. Сфераның бетінің ауданы 324 м2 Сфераның радиусының ұзындығын табыңыз.



Ж: 9м


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет