Қыздар туралы тақпақтар.
Инабатты, ақылды
Көркіне көз тоймайды,
Сыныпта ол белсенді,
Мейірбектің көршісі.
Ұқыпты да, әдепті,
Сабырлы да, байсалды
Тәртіпті әркез сақтайтын
Парасаттың көршісі.
Қылығы бар қызға тән,
Еркетайы сыныптың
Мінезі де көрікті
Жубаныштың көршісі
Анасының еркесі,
Ылғи күліп жүреді
Қамқор болар әрқашан
Ерболаттың көршісі
Үлгі болар кішіге,
Бәріне көмек береді.
Нұрасылдың көршісі
Күлімсіреп жүреді
Таза ұстайды дәптерін,
Жазуы оның тамаша,
Бәріне ол үлгерер
Табылдының көршісі
Білгісі келер барлығын
Сұрағы көп сантүрлі,
Сыныбымыздың кенжесі
Нұрдаулеттің көршісі.
Сабаққа ол мұқият,
Білімді де сабырлы
Дайындықпен жүретін
Адинаның көршісі.
Көршісімен бөлісер,
Қолындағы барымен,
Рахымның ол көршісі
Кім екенін табайық.
Өзі әркез сабырлы,
Ренжітпейді ешкімді,
Әділжанның көршісі
Тату жүрер бәрімен
-Оқушылар көршілеріне өз сыйлықтарын табыстайды.
-Ойын: «Вальс»
Мұғалім:
Атамның алып күрегін,
Ауланың қарын күредім.
Әжеме мен құдықтан,
Су әкеліп беремін.
Еденді де жуамын,
Шаң - тозаңды қуамын.
Анама көмек болсын деп,
Іні-бөпемді бағамын.
Әкемді ренжітпейін деп,
Айтқан тілін аламын,
Мен ақылды баламын.
- Анаңа қалай көмектесесің?
- Үйге қонақ келгенді ұнатасың ба?
- Дастархан басында өзіңді қалай ұстайсың?
- Үйдегі ініңе, қарындасыңа қалай көмектесесің?
«Ана жүрегі» биі. Оқушылар аналарына сыйлықтарын табыстайды.
Қорытынды
Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз туралы, ең ақылды, қамқор әкеміз туралы, ең қайырымды ата-әжеміз, ең сүйкімді іні-қарындас, аға-әпкеміз туралы әңгімелестік.Біз оларды жақсы көруді, сыйлауды үйрендік. Олардың бізге тек жақсылық тілейтінін білдік. Отбасындағылар әрқашан тату болып, оның әр мүшесі бір-біріне жаны ашып, құрметтеуі тиіс.Ата-аналарың, жақын адамдарың, туыстарың сендердің нағыз адам болып өскендеріңді қалайды. Сендерді жақсы көретін адамдардың сенімі мен еңбегін ақтауға тырысайык.Отбасы - ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.
Тақырыбы : Ана- біздің күніміз.
Мақсаты :
8 наурыз мейрамы туралы түсінік беру,анаға деген мейірімді,сүйіспеншілікті арттыру,сауатты ,анық оқи алуға машықтандыру:
Оқушылардың ізгілік,инабаттылық,сыйластық,адамгершілік сияқты қасиеттерге тәрбиелеу:
Сахна мәдениетіне тәрбиелеу.
Көрнекі -құралдары :
шармен,гүлмен безендіріледі.Тақырып жазылған плакаттың ортасында үлкен күннің бейнесі,ойынға қажетті заттар.»Менің анам осындай ...»атты балалардың аналарын бейнелеген сурет көрмесі ,аналарына арнап жасаған ашық хаттары.
І. Ұйымдастыру кезеңі ./залға әуенмен оқушылар кіреді /
1- ші жүргізуші:Құрметті асыл аналар,қыз қызғалдақтар,қадірлі ұстаздар!
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8 наурыз әжелер ,аналар,қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.!
2-ші жүргізуші: Сіздерге әлемнің нұрын ,өмірдің гүлін ,көктемнің шуағын тілейміз .Мына жарық дүниенің мәні де,сәні де сіздерсіздер.
ші жүргізуші: Бүгінгі 8наурыз аналар мерекесіне арналған «Ана біздің күніміз»атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз..Барлық өнеріміз аналар сіздер үшін.
ші жүргізуші: Бүгінгі мейрамда көктемдей көтеріңкі көңіл сыйлайтын оқушыларымыздың аналарға арналған олең шуақтарын қабыл алыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |