Баланың көңілі – далада
Ананың сүті – бал
Баланың тілі – бал
Анасын қарап – қызын ал
Аяғын көріп асын іш
9- оқушы: Ақерке Мамам, маман, ақ мамам
Мен, де өзіңдей ақ балаң
Айтқан тілді аламын,
Жұмсағанда барамын
Ақ төсекке жатқызсаң
Көзімді жұма қаламын!
10- оқушы: Аманбек Аялаған анамыз
Саялаған панамыз
Шынары боп өсеміз
Шырағы боп жанамыз
Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз
11- оқушы: Замира. Ана. Бұл сөз әрбір халықтың тілінде бар. Барлық тілде де бұл қасиетті сөз, нәзік, мейірімді жылы естіледі. Ана дегеніміз - әлемнін жан дүниесі. Ол тіршілік, үлкен тағдыр. «Ана» сөзі біздің елең еткізбей, жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды! Барлығы: Құтты болсын, ардақты ана
Асыл анам, меренең,
Ән: Анашым (бір топ оқушылар)