Сабақтың тақырыбы: Туған қалам – Павлодар
Мақсаты:
Білімділік: Мәтін бойынша оқушылардың өткен грамматикалық тапсырмаларды қайталай отырып (зат есім, зат есімнің түрленуі ) тақырып бойынша оқушылардың оқылым, тілдесім, сөйлесім, жазылым, айтылым әрекеттерін жетелеу.
Дамытушылық: Өз шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелік: Елге, тілге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интербелсенді тақта, слайд, қиықшалар, жетондар.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет, музыка.
Сабақтың түрі: дамыту сабағы
Сабақтың әдісі: топтық, сұрақ-жауап, іздендіру, ой шақыру, көрнекілік әдістері.
Сабақтың барысы:
І.Қызығушылықты ояту.
Ұйымдастыру кезеңі.
1.Амандасу.
2.Кезекшімен сұхбат.
Оқушылардың көңіл – күйін, сабаққа белсенділігін арттыру үшін бәріміз бір-бірімізге жылы сөздер, тілектер айтамыз.
1.Балалар,біз өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық ?
Б: Біз өткен сабақта Қазақстанның қалалары туралы әңгімелеп, әдемі, үлкен ғимараттармен, жаңа сөздермен таныстық.
Ойшақыру стратегиясы. Балалар, әр адамның өзінің туған қаласы болады. Біздің қаламыз қай қала?
Б: Павлодар!
«Павлодар» дегенде қандай ойлар келеді? Өз ойларыңды ортаға салыңдар.
( ақ қағаз, фломастерлер) (топпен жұмыс).
«Павлодар»
Осы сөздермен бір-бір сөйлем құрастырыңдар. (Ауызша)
Дұрыс. Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы
« Туған қалам – Павлодар »
ІІ. Мағынаны ашу.
Мәтінмен жұмыс. : « Туған қалам – Павлодар »
1). Сөздік жұмысы.
Мәдениет – культура
жоғары оқу орны – высшее учебное заведение
ғалым – ученый
белгілі, атақты - известный
Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрау.
2). Мәтінді түсініп оқы.
3). Мәтінге 5 сұрақтар қой.
4) .Тапсырма (дәптермен жұмыс). Мәтіннен зат есімдерді теріп жаз.
5).Тапсырма (дәптермен жұмыс). Зат есімдерге көптік жалғауларын жалға: (дұрыс нұсқасын тап )
Көше – Ұлт –
Мектеп - Өзен –
Үй – Саябақ -
Тұрғын - Қала -
Қандай көптік жалғауларын білеміз?
6). Қазақ тілінде неше септік бар?
Тапсырма. Өзіңе ұнаған сөзді септе.
7).Тапсырма (дәптермен жұмыс). Берілген сөздерге тәуелдік жалғауларын жалға:
Менің қала..., оның көше.., сіздің үй..., біздің өзен..., олардың мектеб..., сендердің үйлер... .
Б! Сонымен қандай жалғауларды білеміз?
Б: Септік жалғаулары, көптік жалғаулары, тәуелдік жалғаулары
Тапсырма (интербелсенді тақта)
Үйге, қалам, өзенмен, мұражайлар, көшесі, жазушылар.
***Сергіту сәті.
Слайд көрсету «Павлодар» туралы.
IV. Ішіне – сыртына
(Ішіне – сыртына стратегисы)
Есіл өзенінің бойында, әдемі, ескі, жас қала, ауыл емес, Кенжекөл, Павлодар, Ертіс өзені, Баянауыл, Семей, театрлар, Ш.Айманов, мұражайлар
Қарама – қайшылық стратегиясы.
қала- көп -
оң жағалау- шыққан -
бұрын - бастау-
кең жер
*** Шашылған сөздерден сөйлем құру:
1.Әдемі, Павлодар, қала, өте.
2. Орналасқан, жағасында, Ертіс , өзенінің.
3.Шыққан, Ертіс, атақты, өңірінен, адамдар, көп
V.Рефлексия.
Балалар, бүгінгі сабақтан өздеріңе не алдыңдар?
Автор орындығы (әр оқушы өзіне не алғанын әңгімелейді).
Бағалау. ( жетондарды санау)
VI. Үй тапсырмасы. «Туған қалам - Павлодар»
ІІІ. Сурет салу
ІІ.Тест құру
І. Реферат жазу.
Туған қалам – Павлодар
Менің туған қалам – Павлодар. Ол Ертіс өзенінің бойында орналасқан.
Қалада көп мұражайлар, кинотеатрлар, кітапханалар, мәдениет үйлері бар.Павлодар қаласында жоғары оқу орындары, колледждер, мектептер бар. Онда көптеген оқушылар, студенттер білім алады.
Павлодар көп ұлтты қала.
Павлодар жерінен көптеген ғалымдар, жазушылар, суретшілер, ақындар шыққан. Көшелер сол адамдардың атымен аталған. Мысалы: Сәтбаев, Айманов, Торайғыров, Бектуров, Жаяу Мұса көшелері.Ол көшелер тұзу, әдемі, кең.
Қалада Қалижан Беккожин, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Қаныш Сәтбаев белгілі адамдардың ескерткіштері де бар.
Біздің қаламыз өте әдемі. Ол жылдан – жылға көркейіп келеді. Мен өз қаламды сүйемін!
Сөздік :
мәдениет - культура
жоғары оқу орындары – высшие учебные заведения
ғалым - ученый
белгілі - известный
Туған қалам - Павлодар»
Павлодар қаласы Ертіс өзені бойында орналасқан. Ол 1861 жылдан бастап қала болды, 1938 жылдан бері облыс орталығы болды. Қалада орталық саябақ, балалар темір жолы, Жеңіс саябағы тұрғындар игілігіне қызмет етеді.
Қала аумағында бірнеше мұражай: тарихи-өлкетану мұражайы, Бұқар жырау мұражайы, Багаев атындағы, Майра Шамсүтдинова атындағы мұражайлар жұмыс істейді.
Кинотеатрлар, кітапханалар, мәдениет үйлері, «Достық үйі», «Шаңырақ» есігі көрермендерге ашық.Қазақ және орыс театрлары халыққа рухани нәр береді.
Павлодар қаласында жоғары оқу орындары, мектептер балаларға білім береді.Қалада Сәтбаев, Шөкин, Кутузов, Абай, Жаяу Мұса көшелері бар. Ол көшелер кең, түзу, әдемі.
Қазақ халқының көптеген ғалымдары мен өнер қайраткерлері Павлодар қаласында дүниеге келген. Павлодардан шыққанын мақтан етеміз ! (109)
Сөздік:
Орталық – центральный
Тұрғындар – жители
Тарихи-өлкетану мұражайы – историко – краеведческий музей
Рухани нәр – духовная пища
Көрермен - зритель
Павлодар қаласы
Павлодар әдемі, таза қала. Павлодарда Сәтбаев, Шөкин, Кутузов, Абай, Жаяу Мұса көшелері бар. Ол көшелер кең, түзу, әдемі.
Қалада көптеген ескерткіштер бар. Мысалы: Қаныш Сәтбаев, Қалижан Беккожин, Сұлтанмахмұт Торайғыров. Бұл адамдар Павлодар облысының атақты ғалым, ақындары. Жоғары оқу орындары, мектептер, балабақшалар, ауруханалар, дәріханалар, көп кинотеатрлар, екі театр, мұражайлар,зауыттар бар
Біздің қала күннен-күнге көркейіп келеді. Қаланың дамуына облыс әкімі Ерлан Мұхтарұлы Арын және қала әкімі Қайыргелді Оразалинов көп үлес қосуда.Әр павлодарлықтар өз қаласын мақтан тұтады.
Сөздік:
Кең - просторный
Түзу - прямые
Ескерткіштер – памятники
Ғалым – ученый
Ақын – поэт
Күннен-күнге көркейіп – с каждым днем хорошеет
Үлес қосу – внесли вклад
Мақтан тұтады - гордится
Павлодар қаласы
Павлодар өте әдемі қала.Ол еліміздің ірі өнеркәсіпті, өнері мен мәдениеті дамыган үлкен қалаларының қатарында тұр.Ертіс озенінің жагасы да көркем.Театр , мұражай, кітапхана, «Достык» үйі, Естай атындағы қалалық мәдениет сарайы, «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығы бар.
Павлодар – ең әдемі әрі таза қала! Мен оны мақтан етемін.
Сөздік:
Өнер – искусство
Мәдениеті – культура
Дамыған – развитый
Мәдениет сарайы – Дворец культуры
Халық шығармашылығы орталығы – центр народного творчества
Мақтан етемін - горжусь
Павлодар қаласы
Біздің облысымыздың орталығы - Павлодар қаласы. Павлодар өте әдемі қала. Көшелері түзу, ағаш, гүлдер көп. Ертіс өзенінің жағасына орналасқан шаһарда мәдени орындар, оқу орындары, стадион, «Астана» мұз сарайы, жүзу бассейндері, шаңғы базасы бар. Маған Павлодар қаласы өте ұнайды.
Сөздік:
Облысымыздың орталығы – областной центр
Түзу – прямые
Өзенінің жағасына – на набережной
Мәдени – культурные
Мұз сарайы – ледовый дворец
Жүзу - плавать
«Туған қалам - Павлодар»
Менің туған жерім – Павлодар қаласы.Ол өте көркем, таза, сұлу әрі өндірісті.Сонысымен де туған қалам маған ұнайды.Мұнда жылдан - жылға жаңа ғимараттар бой көтеріп, қаламыз үлкейіп, өркендеп келеді.Біз осындай әсем қаламызды көздің қарашағындай сақтауға міндеттіміз.
«Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» демекші мен үшін әлемде Павлодардан асқан керемет қала жоқ. Осында тұрып жатқаныма ризамын.
Сөздік:
Көркем – красивый
Өндірісті –
Сонысымен – этим
Мұнда – здесь
Жылдан – жылға - из года в год
Ғимараттар – здания
Көркейіп - расцветает
Көздің қарашығындай – как зеницу ока, (как зрачок глаз)
Туған қала
Кең байтақ, жасыл өлке, шексіз далаң,
Тұр мұндалап төріңде әсем қалам.
Жалындаған жастықты Ту ғып ұстап,
Мен кезінде өзіңде арман қуғам.
Мұнаралар аспанмен таласқандай,
Зәулім үйлер түрленіп жарасқандай.
Ерке Ертіс толқыны сәуле ойнатып,
Сылаң қағып, жағаға сыр ашқандай.
Қандай сұлу, қараңдаршы, сәнді алаң,
Көркіңе массатанам жүз құбылған.
Сезімдерді серпілтіп салқын самал,
Коңіл толқып жүректен жыр туғызған.
Жылда гүлдеп, жасарған туған қалам,
Қалайша бүгінгі күн үнсіз қалам!
Балалық асқарында тұрсам – дағы,
Саяңда сайрап өскен мен бір балаң!
Уәсила Сержанова
Мәтінмен жұмыс. : « Туған қалам – Павлодар »
1). Мәтінді түсініп оқы.
2).Таныс емес сөздермен жұмыс.
3). Мәтінге сұрақтар қой.
4).Мәтіннен зат есімдерді теріп жаз.
5). Зат есімдерге көптік жалғауларын жалға: (дұрыс нұсқасын тап )
Көше – Ұлт –
Мектеп - Өзен –
Үй – Саябақ -
Тұрғын - Қала -
Қандай көптік жалғауларын білеміз?
6). Қазақ тілінде неше септік бар?
Өзіңе ұнаған сөзді септе.
7).Берілген сөздерге тәуелдік жалғауларын жалға:
Менің қала..., оның көше.., сіздің үй..., біздің өзен..., олардың мектеб..., сендердің үйлер... .
8). Септік жалғаулары, көптік жалғаулары, тәуелдік жалғаулары
Ішіне_–_сыртына'>Үйге, қалам, өзенмен, мұражайлар, көшесі, жазушылар.
9). Ішіне – сыртына
Ішіне – сыртына стратегисы
Есіл өзенінің бойында, әдемі, ескі, жас қала, ауыл емес, Кенжекөл, Павлодар, Ертіс өзені, Баянауыл, Алматы, театрлар, Жаяу Мұса, Алатау , ескерткіштері
10).Қарама – қайшылық стратегиясы.
Қала-
Оң жағалау-
Шыққан -
Бұрын-
Бастау-
Түзу –
Кең –
Көп –
Тапсырма: шашылған сөздерден сөйлем құру:
1.Әдемі, Павлодар, қала, өте.
2.Орналасқан, жағасында, Ертіс , өзенінің.
3.Шыққан, Ертіс, атақты, өңірінен, адамдар, көп .
Сәттілік тілеймін! Бақытты бол!
Мақсатыңа жет! Ақылды бол!
Мерекең құтты болсын!
Ақылды бол!
Мерекең құтты болсын!
Оқуда озат бол!
Әрқашан алда бол! Мақсатыңа жет!
Ақылды бол!
Мерекең құтты болсын!
Еңбекте жемісті бол!
Қиындыққа төзе біл!
Мақсатыңа жет!
Келер ырысың мол болсын!
Денің сау болсын!
Бақытты бол! Денің сау болсын!
Бақытты бол!
Мақсатыңа жет!
Ақылды бол!
Мерекең құтты болсын!
Мақсатыңа жет!
Ақылды бол!
Мерекең құтты болсын!
Сәттілік тілеймін!
Оқуда озат бол!
Әрқашан алда бол!
Еңбекте жемісті бол!
Қиындыққа төзе біл!
Мақсатыңа жет!
Келер ырысың мол болсын!
Денің сау болсын!
Бақытты бол!
Мақсатыңа жет!
Ақылды бол!
Мерекең құтты болсын!
Достарыңызбен бөлісу: |