Мақсаты:
Білімділік: Студенттердің информатика пәнінен алған білімдерін сарапқа салу.
Дамытушылық: Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, ой – өрісін, белсенділігін дамытып, білімге құштарлығын арттыру.
Тәрбиелік: Өз білімдеріне деген сенімділіктерін нығайту, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.
Түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: слайд, компьютер, плакат.
Өтілу барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сайысқа шақыру
ІІ. Сайысты өткізу программасымен танысу
А) Топтармен таныстыру
Б) Әділқазылар алқасымен таныстыру
В) Сайысты өткізу
Г) Әділқазылар алқасының қорытынды жариялауы
Д) Марапаттау
Жоспары:
1. Бәйге жарысы
2. Жеті жұрттың тілін біл ( полиглот)
3. «Жүйрік болсаң, озып көр»
4. Қандай құрылғы?
5. Суреттер сөйлейді (Компьютерде сурет салу)
6. Сөз тапқанға қолқа жоқ.(Әр топ өз топтарының бірінші әрпінен келетін информатикалық сөздер айтады)
7. Microsoft Office Excel бағдарламасымен жұмыс.
Барысы:
Жүргізуші: Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиялық жолдауы – егемендіктің кілтін ұстар жастардың жарқын болашағына апарар үлкен сүрлеу. ХХІ ғасырдың білімді, ойлы ұрпақтары, осы жоспарды болашақта іске асырушы, еліміздің экономикасына үлес қосушы жастар деп білемін. Қазақстан болашағы – білімді ұрпағында. Ендеше, болашаққа бүгін де өз үлестеріңді қосып, еңбек еткелі отырған, сол еңбектерін, осы уақытқа дейін информатика пәнінен алған білімдерін ұшқыр ойларымен, шешендік тілмен өрнектеп ортаға салғалы отыр. Сонымен сайысқа қатысушылар, бүгінгі “Жас информатиктер» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Сайыста әрбір айналымнан сүрінбей, ойланып, нақты жауап берген топ қана “Жас информатиктер” атына ие болады. Ойын 7 айналымнан тұрады.
Тойлап маржандай боп өлеңдесіп
Достарым отырсың ба елеңдесіп
Ата - салт, баба дәстүр жолыменен
Алайық біз әуелі сәлемдесіп
Ал, келіңдер, келіңдер!
Біріңе - бірің еріңдер,
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер – дей отырып ортаға сайысқа қатысушы топтарды шақырайық!
1 - ші топ Компьютер тобы
2 - ші топ Принтер тобы
Жүргізуші: Ойынымыз 7 айналымнан тұрады:
1. Бәйге жарысы
2. Жеті жұрттың тілін біл ( полиглот)
3. «Жүйрік болсаң, озып көр»
4. Қандай құрылғы?
5. Суреттер сөйлейді (Компьютерде сурет салу)
6. Сөз тапқанға қолқа жоқ.(Әр топ өз топтарының бірінші әрпінен келетін информатикалық сөздер айтады)
7. Microsoft Office Excel бағдарламасымен жұмыс.
Ендеше сайысқа қатысушы топтар өздерін таныстырып өтсе:
Топтарды таныстыру:
1 топ – «Компьютер»
Ұраны: Тетікті бассаң алаңсыз,
Жазамыз қалам - қағазсыз.
2 топ - «Принтер»
Ұраны: Компьютермен енеміз,
Қағазға басып береміз
Жүргізуші:
Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл - деп, бүгінгі сайысымыздың барысын зерделеп, әділ бағасын беретін әділ - қазы алқасымен таныс болайық.
Жүргізуші:
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жана ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда – дей отырып, Бәйге кезеңін бастаймыз.
Студенттер берілген сұрақтарға тез жауап беруі керек, әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан алады. Жауап жоқ болса, «келесі» деп айтуы керек.
1. Бәйге жарысы: 1) Лездік сұрақтары «Принтер» тобына:
1. Белгілі бір атпен сақталатын ақпараттар жиыны. (файл)
2. Windows - та өшірілген файлдар қайда жіберіледі? (себет)
3. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым (информатика)
4. Компьютердің басты бөлігі, миы (процессор)
5. Алгоритм атауы кімнің есімімен байланысты? / араб математигі Әл - Хорезми/
6. Монитор мен адамның арақашықтығы неше см? (60 - 70)
7. 1М байтта қанша К байт бар? (1024).
8. Буып - түйілген файл (архив)
9. Енгізу пернесі? (enter)
10. Экранда жыпылықтап тұратын тік сызықша (курсор)
11. Пернетақтада қанша функционалдық перне бар? (12)
12. Сол жақтан бір символды өшіру үшін қандай перне қолданылады? (Backspace)
13. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (сканер)
14. Paint қандай редактор (графикалық)
15. Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы? (CD - ROM)
2) Лездік сұрақтары «Компьютер» тобына:
1. Файлдар жиыны. (папка)
2. Мәтінмен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office - тің құрамына кіретін программа. (MS Word)
3. Вирустың кері әсерін жоятын программа. (антивирус)
4. Сандардың аталу және жазылу әдісін не деп атайды? (санау жүйесі)
5. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал? (компьютер)
6. Қандай архиватор бағдарламалары бар? (Win RAR, WinZip)
7. Windows сөзінің аудармасы (терезе)
8. Сегіз биттен тұратын өлшем бірлік (байт)
9. Компьютерлік алфавит символдарының кез келген тізбегі (мәтін)
10. Мазмұндық мәні бойынша топтасқан тізбектелген қатар. (абзац)
11. Оң жақтан бір символды өшіру үшін қандай перне қолданылады? (Delete)
12. Дүниежүзілік ғаламдық тор. (интернет)
13. ЭЕМ - нің дамуы неше буыннан тұрады? (5)
14. Word Pad қандай редактор? (мәтіндік редактор)
15. Әр түрлі амалдар бойынша мәтіндік құжаттардың көркемделуін қалай атайды? (пішімдеу)
4. Жүргізуші:
Келді кезек полиглотты шешуге
Жауаптарын үш тілде де беруге
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз
15 ұпай шәкірт саған несібе.
Келесі кезең «Полиглот». Бұл кезеңнің ерекшелігі оқушылар берілген сұрақтарға қазақша, орысша, ағылшынша жауап береді. Егер 3 тілде айтса, 15 ұпай алады.
Компьютер тобына қойылатын сұрақтар:
1. Белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобын не дейміз? ( ақпарат, информация, information)
2. Сақталған құжатты ашу командасы? /Файл – ашу, файл - открыть, file - open/
3. Windows – дегеніміз не? /ОЖ, операционная система, Operation system/
4. Компьютерде берілетін командаларды жарық қаламымен басқаруға негізделген құрылғы
/ Тышқан, мышь, Mouse/
5. Қажет емес символды алып тастау пернесі - (өшіру, удалить, delete)
Принтер тобына қойылатын сұрақтар:
1. Өшіргенді жинаған, уақытша сақтаған. (себет - корзина - basket)
2. Экрандағы төрт бұрышты аймақ. Ол не? (терезе - окно - windows)
3. Оның жұмысы үшін аздаған ғана жад қажет, өте кішкентай мәтіндік редактор. (кітапша - блокнот - notebook)
4. Бір сарайда тұрады екен, Бес атаның балалары.Қыдырмашы біреуі,
Бір күн бар да, бір күн жоқ (пернетақта - клавиатура - keyboard)
5. Биологияда паразит,Көзге зорға көрінер.Информатикада өлшем бірлік,
Ақпаратты өлшер. (бит - бит - bit)
Келесі айналым
3. Жүйрік болсаң, озып көр:
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
- Екі топ тор көздегі сұрақтарға балдық жүйеде таңдап, жауап беру арқылы ұпай алады. Егер жауабы дұрыс болса, сол таңдаған ұпайды алады.
Компьютер 20 – Дербес компьютердің минимум тізімін ата /жүйелік блок, монитор, пернетақта/
Принтер 20 – Компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы (пернетақта)
Компьютер 30 – Түрлі түсті графика, дыбыс, фильмдер, өлшемді жылжымалы объектілер (бейне ақпарат)
Принтер 30 – Принтердің түрлері /бүріккіш, лазерлік, матрицалық/
Компьютер 40 – Компьютердің атасы /Чарлз Бэббидж/
Принтер 40 – Компьютерде орналастырылған барлық жүйелерді, программаларды басқарады және компьютер мен адам арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. /Операциялық жүйе/
4. Келесі айналым «Қандай құрылғы?» Экранда берілген төртбұрыштың кез - келген біреуін алып тастап астында қандай құрылғы екенін атау керек.
Компьютер тобына
1. Принтер
2. Флеш карта
3. Монитор
Принтер тобына
1. Пернетақта
2. Тышқан
3. Аналық жад
5. Келесі айналым «Суреттер сөйлейді» сайысы. Бұл айналымда Әр топ компьютерге “Менің елім” тақырыбында сурет салады. Суретті қорғайды. екі топ өз ойларын айтады.
6. «Сөз тапқанға қолқа жоқ». Бұл айналымда әр топ өз топтарының бірінші әрпінен келетін информатикалық сөздер айту керек. Әр дұрыс сөзге 5 ұпай беріледі.
Ендеше Компьютер тобы «К» әрпінен келетін информатикалық сөздер айтады:
(компьютер, картридж, клавиатура, ксерокс, Кбайт, калькулятор, компакт - диск, курсор, копировать, контур, курсив)
Келесі кезекте Принтер тобы «П» әрпінен келетін информатикалық сөздер айтады:
(принтер, плоттер, пернетақта, процессор, пішімдеу, паскаль, пробел, пуск, проводник, программа)
7. Microsoft Office Excel бағдарламасымен жұмыс.
Жүргізуші:
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты
Білім мен тапқырлықты көрсеткен
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты – деп“Жас информатиктерді” анықтау үшін әділқазылар алқасына сөз береміз. Оқушыларды марапаттау.
Жүргізуші:
Қорытындылау: “Қазақстанның болашағы – білімді ұрпағында” демекші бүгінгі алған біліміміз ертеңгі байлығымыз, елімізге тигізер үлесіміз. Сондықтан да, білім алудан, оқып - үйренуден жалықпайық демекпін!
Зейін қойып тамашалағандарыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |