Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, Сабақтың пәнаралық байланысы: Химия



бет13/20
Дата31.12.2019
өлшемі3,68 Mb.
#55026
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
.

Н+ қоймасын толтыру. Электрондар тасымалдау тізбегі. Реакцияның бастапқы заты ретінде алынған глюкоза ферменттердің жәрдемімен толық ыдырайды (глюкозаның оттекті ыдырауын еске түсіріңдер). Осы кезде бөлінген энергия АТФ синтезіне қатысқанымен, оның негізгі бөлігі электрондармен толықтырылған тасымалдаушы молекулалар НАД - Н + Н+ және ФАД - Н2 түрінде жинақталады. Бұл молекулалар гликолиз бен лимон қышқылы айналымының өнімі екенін өткен сабақтан білесіңдер. Тасымалдаушы молекулалар 57-суреттен көріп отырғанымыздай сутектің атомдарын электрондар тасымалдау тізбегіне  береді де, қайтадан сутектің жаңа атомдарын тасымалдауға дайын тұрады. Бұл процесс үздіксіз жүріп жатады. Сутек атомдары митохондрияның ішкі мембранасына өтіп, ферменттердің әсерінен тотығып электрондарын жоғалтады: Н+-Н0—

Бұл тотығудың нәтижесінде пайда болған сутектің электрондары мен катиондарын Н+-ті тасымалдайтын молекулалар қосып алып мембрананың ішкі жағына өткізеді (57-сурет). Олар сол жерде оттекпен қосылады (митохондрияға молекула күйіндегі оттек сыртқы ортадан үздіксіз келіп тұрады):2О2—-О2—4



Митохондрияның сыртқы мембранасына Н+, ал ішкі жағына теріс зарядты бөлшектер, яғни аниондар жинақталады. Демек, мембрананың сыртқы және ішкі жағында қарама-қарсы зарядталған бөлшектердің саны арта түседі. Олардың санының артуына байланысты арасындағы потенциал айырмашылығы да артады.

56-сурет. Лимон қышқылының айналымы

Мембрананың кейбір жерлерінде АТФ-ті синтездейтін фермент молекулалары орналасқан. Ол ферменттің молекуласында Н+ катиондары өте алатын каналдар болады. Мембрананың сыртындағы катиондардың Н+ потенциал айырмашылығы шамадан тыс көбейіп кетеді. Осы уақытта электр өрісінің күшімен оң зарядталған бөлшектер Н+ АДФ ферменттерінің каналдары арқылы мембрананың ішкі жағына өтеді де, оттекпен әрекеттеседі, нәтижесінде су молекуласы түзіледі: 4Н+ + О22О

Электрон тасымалдаушы тізбек мембрананың ішкі қабатында, ал Н+ қойма (акцептор) ішкі және сыртқы мембраналар арасында болады. Н+ иондарының қоймаға толуына байланысты энергия жи­нақ­талып, АТФ синтезіне жұмсалады. Мысалы, 57-суретте бейнеленгендей мембрананың түтік­шелері арқылы сырттан іш жағына Н+ иондары өтеді. Олардың энергиясы АДФ пен Фн-тың қо­сы­луына жұмсалады. Бұл реакцияның нәтижесінде АТФ молекуласы синтезделеді. Осы жолмен АТФ синтезделген сайын Н+ қоймасында жиналған энергия азая береді. НАД - Н және ФАД - Н2-дан электрон тасымалдау тізбегі арқылы келген электрондардың есебінен қойма үнемі Н+ ионымен толықтырылып, жұмсалған энергия өз қалпына келеді.

ІІІ. Сызба карточкалармен талдау жұмыстары.

ІV




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет