Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, Сабақтың пәнаралық байланысы: Химия



бет10/20
Дата31.12.2019
өлшемі3,68 Mb.
#55026
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20

Қызметі. Өсімдіктердің жасуша қабықшасымен салыстырғаңда жануарлар жасуша қабықшасының диаметрі өте жұқа — I мкм, сондықтан да тірек қызметін атқара алмайды. Жасушаның қабықшасы ұсақ ("А"— ангстрем өлшемімен өлшенетін) шұрықтардан (поралардан) тұрады. айналадағы ортаның арасында үздіксіз зат айналым әрекеті жүреді. Зат айналым әрекетін реттеуде гликокаликс қабатының атқаратын рөлі зор.

Плазмалық жарғақша. Цитоплазмамен жанасып жататын жасушаның астыңғы қабатын плазмалық жарғақша (латьшша.—

Гл икокаликс (полисахаридтер)

моле кулас ы н ын, екі қабаты

Ақуыздар


Цитоплазма


Плазма жарғақшасының құрылысы. (Электрондық микроскоп арқылы түсірілген фотосуреті).

"мембрана'— өң, жұқа қабықша) дейді. Плазмалық жарғақша — ақуыз 60٪ бен липидтерден 40٪ тұратын, қалыңдығы 10 нм жұқа қабықша, липидтер мқ қалқып жүреді.Ақуыз бен липид молекулаларының жылжымалылығы плазма жарғақшасын үнемі қозғалысқа келтіріп отырады.

Қызметі: 1. Жасушадағы заттарды сыртқы ортадан бөліп түратын тосқауыл және жарғақшаның шала өткізгіштік қасиеті болады; 2. Жасуша жарғақшасының шұрықтары (поралары) арқылы өтетін ортамен үздіксіз зат алмасады. Жарғақша арқылы жасушаға су молекулалары, суда еріген заттар, мысалы, оттегі (О2), азот (N2), {С02), т. б. өтеді;

3. Ыдырау өнімінің зиянды қалдықтары жарғақша арқылы сыртқы ортаға шығарылады; 4. Плазмалық жарғақшаның негізгі қызметінің бірі — заттарды тасымаддау. Екі жасушаның жарғақшасы қатпарлары немесе өсінділері арқылы берік байланысады . жасушаның жарғақшасы тегіс болмайды, бірінің ойығына екіншісітн өсіндісі кіріп жатады және екі жасушаның жарғақшалары өзекшелер арқылы байланысқан. Осы өзекшелердің бойымен бір жасушадан екінші жасушаға қоректі зат­тар, иондар, көмірсулар және басқа қосылыстар жеткізіледі.

Көптеген металдардың, хлоридтердін және басқа да молек-дың мөлшері жағынан су молекуласьшан кіші болса да олардың жасушаға өтуі баяу және нашар болады. молекулаларды жарғақша арқылы тасымалдайтын ерекше ферменттерді тасымалдаушы ақуыздар дел.атайды.

Эндоцитоз: Фагоцитоз және пиноцитоз.

Фагоцитоз – жасуша мембранасы арқылы ірілеу түйіршіктің өтуі. лизосомадағы гидролиздеуші ферменттермен қорытылады.Пиноцитоз- жасуша мембранасы арқылы су тамшылары өтеді. Ашқан И.И Мечников.

Экзоцитоз- Эндоцитозға қарама- қарсы процес.

ІІІ.Сұрақтар беру

ІV. Үйге§12

V. 1.РНҚ- мол-сы қандай нуклеотидтерден тұрады?

2. РНҚ-ның құрамына қандай нуклеотидтер кіреді?

3. РНҚ-ның ДНҚ-дан қандай айырмашылықтары бар.

4. Ташымалдаушы РНҚ-ң құрылысы және қызметі қандай?

5.Ақпараттық РНҚ-ң құрылысы және қызметі қандай?

6.Рибосомалық РНҚ-ң құрылысы және қызметі қандай?

7. РНҚ-ң мол-ң І,ІІ,ІІІ реттік құрылысытары туралы баянда.

Биология 10-сынып

Cабақтытың тақырыбы ЦИТОПЛАЗМА ЖӘНЕ ОНЫҢ ОРГАНОИДТАРЫ. ЭНДОПЛАЗМАЛЫҚ ТОР

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды жасуша қабықшасы оның атқаратын қызметтерімен таныстыру.

2.Дүниетанымынын арттыра отырып,оқу материалдарын толық меңгеру

қабілетін дамыту.

3.Ұйымшылдыққа тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, Сызбанұсқа

Сабақтың пәнаралық байланысы: Химия.

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап,баяндау, кесте толтыру. .

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІІІ. Бекіту

ІV. Үйге тапсырма беру.

V. Үй тапсырмасын тексеру
ІІ.Цитоплазманық құрылысы. Цитоплазма — плазмалык жасу­ша арқылы бөлінген жасушаның қоймалжың ішкі ортасы болып, табылады. Ол агза тіршілігіне қажетті органоидтар гиалоплазма және қалып (матрица) деп аталатын массадан түрады.

Гиалоплазма (грекше. hyalos — әйнек немесе плазма) цитоп-лазманын, негізгі түссіз күрделі қоймалжың (коллоидты) жүйесі, яғни цитоплазманың түпнегізі (матрикс).

Гиалоплазманың құрамына еріген ақуыз (гликолиздің ферменттері, көптеген АТФ — ағзалар және т. б.), еріген РНҚ, полиса-харидтер, липидтер болады. Гиалоплазма арқылы аминқыш-қылдары, май кышқылдары, АТФ-ты тасымалдаушылар, нуклео-тидтер, қанттар және бейорганикалық иондар тасымалданады. Ги­алоплазманын

қылдылығын бірқалыпты ұстайды және осмостьщ (біржақты диф­фузия) қасиетін анықтайды.



қызметі. 1. Цитоплазма; эндоплазмалық тор, рибосомалар, митохондриялар, пластидтер, гольджи жиынтыгы, ли-зосомалар, жасуша орталығы, вакуольдер және қосындылардың жұмысын реттеп отырады.

2. Цитоплазма жасушаның жұмысын реттеп түратын ферменттерге, ферменттер жүйесіне бай, олар зат алмасуды 1тездетеді.

Эндоплазмалық тордын, құрылысы. Бүл — органоид цитоп­лазманын ішінде бір-бірімен тығыз байланысқан түтікшелердің (каналшалар), вакуольдердін, цистерналардың жиынтығынан түратын күрделі жарғақшалар жүйесі. Эндоплазмалық тордың: а) түй-іршікті; ә) тегіс бетті екі түрі болады.

Эндоплазмалық тордың қызметтері. 1. Түйіршікті эндоплаз-малық тордың жарғақшасына рибосомалар орналасады . Сон-дықтан бұл тордың жарғақшасы протеолиттік ферменттер мен ақуыздың синтезделу әрекетіне қатысады. Рибосомада синтезделген ақуыз молекулалары эндоплазмалық тордың қуысына түсіп, ол арқылы акуыз молекуласын жасушаның қажетті жеріне тасиды. Ғалымдардың дәлелдеуі бойьшша, эндоплазмалық тордың шұрыктары ядроның жарғақшаларымен тікелей байланысқан. Сон-дыктан ядроның қабықшасы эндоплазмалық тордың бір белігі бо-лып табылады. 2. Тегіс бетті эндоплазмалық тор липидтердің, гликогеннің, т. б. заттардың синтезделу әрекеттеріне қатысады және олардың тасымалдануын жүзеге асырады



3. эндоплазмалық тор өзекшелерінің ішінде май тамшылары, түйіршіктер және ақуыз кристалдары болады. Бүл тордың өзекшелері әр түрлі молекулаларды ядродан цито­плазманын, шеткі аймақтарына немесе керісінше, цитоплазмадан ядроға тасымалдау қызметін атқарады.

1 — бос ориаласқан рибосомалар

2қуыстар

3— жарғақшаға бекінген рибосомалар

1

. Мынадай тізбектің ЦГТГГЦАТ... өзін-өзі көшіруі нөтижесінде түзілген ДНК тізбегіндегі нуклеотидтердін орналасу реті кандай болады?



8. Зертханада дезоксирибонуклеин кышкылының тізбектерінің бірі зерттелді. Оның мынадай ретпен: ТАЦГАЦЦАТТАЦГА-АТЦЦАА орналаскан 20 мономерден тұратыны анықталды. Осы белікке сай келетін ДНҚ-нын екінші тізбегінің кұрамы туралы не айтуға болады?

9. Мынадай нуклеотидтерге ГЦАТТАЦГАТ... сәйкес келетін ДНҚ нуклеотидтерінің орналасу ретін жазындар.

10. ДНК молекуласының бір тізбегінің бөлігі АЦТГААЦГАТЦ нуклеотидтерінен тұрады. ДНК-ньін екінші тізбегінде осыған комплементарлы бөліктегі нуклеотидтердің орналасу реті кандай?

Биология 10-сынып

Cабақтытың тақырыбы Қорытынды. Тест жұмысы.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды өткен тақырыптарды қорытып білім деңгейін білу..

2.Дүниетанымынын арттыра отырып,есте сақтау қабілетін дамыту.

3.Ұйымшылдыққа ,еңбекке тәрбиелеу.

Сабақтың дидақтикалық матермалы:тест парақтары

Сабақтың пәнаралық байланысы: Химия.

Сабақтың әдісі: Сұраққа жауап беру, . .

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Тест жұмыстары.

ІІІ. Бағалау

Биология 10-сынып . І тоқсан

Тест сұрақтары I нұсқа

1. Цитология ғылымы нені зерттейді?

а) жасушаларды; ә) ұлпаларды; б) өсімдіктерді; в) вирустарды.

2. Өсімдіктерде қандай көмірсулар кездеседі?

а) гликоген; ә) липид; б) нәруыз; в) крахмал, жасұнық (клетчатка).

3. Тұңғыш рет 1736 жылы қандай ғалым бидай ұнынан желімгіктелген нәруыз алды?

а) Р.Воклен; ә) В.Браконно; б) Ч.Дарвин; в) Я.Беккори.

4. Аминқышқылдарының орын ауыстыруы организмге қалай әсер етеді?

а) организм қызметі артады; ә) организмде ауру пайда болады;

б) организмге ешкандай әсері жок;в) организм қызметі баяулайды.

5. ДНК полимерінің мономері қандай заттардан тұрады?

а) нуклеотид ; ә) аминқышқылы б) нуклеин кышкьілы; в) ферменттер.

6. Ферменттер қандай қызмет аткарады?

а) тасымалдау; б) катализаторлық ә) акпараттық в) энергиялык.

7. Аминқышкылының құрамына қандай топтар кіреді? :

а) СООН, NH2; ә) СООН, NH4;б) СН2ОН, NH2; в) СО2, NH3

8. Нәруыз молекуласының кұрамына қандай аминқышқылы креді?

а) λ-жағдайдағы аминқышқылы; -б) β-жағдайдары аминкышқылы;

в) γ-жағдайдағы аминкышкылы; г) δ-жағдайдағы аминқышқылы.

9. ДНҚ-ның екі еселенуін қандай ғалымдар зерттеді?

а) Дж.Уотсон; ә) Р.Франклин

б) Э.Чаргафф; в) М.Месельсон, Ф.Сталь.

10. Нәруыздың бірінші реттік құрылымында қандай байланыс болады?

а) сутектік; ә)пептидтік; б) дисульфидтік; в) иондық

11. РНК-ның құрамына қандай көмірсу кіреді?

а) пентоза; ә) рибоза; б) полисахарид; в) сахароза.

12. Денатурация кезінде нәруыз:

а) қасиеті өзгереді; б) катализаторға айналады;

ә) тасымалдау кызметін атқарады; в) өзгеріске ұшырайды.

13. Полимерлі молекула неғұрлым алып болса, биологиялық маңыздылығы соғұрлым:

а) артады; ә) жойылады б) кемиді; в) өзгермейді.

14. Улы қасиеті бар нәруыздар қалай аталады?

а) ферменттер; ә)токсиндер;б) гормондар;в) сапалы нәруыздар.

15. РНК кандай мономері бойынша ДНҚ-дан ерекшеленеді?

а) тимин; ә) урацил; б) гуанин; в) цитозин.

16. Протоплазма дегеніміз не?

а) жасушанын ішіндегі сұйыктык; б) ядро;

ә) жасушанын сұйықтығы мен ядро; в) жасуша органоиді.

17. Мына шағын ДНК тізбегінін қайсысы дұрыс?

а) Т А Г Ц Т ә)АТЦ Г б) Т А У Т в) Ц Т У А

│ ││ ││ │ ││ │ │ │ │ │ │ │ │ │

А Т Ц ГА Г Ц Т А У Г Ц А Г Т Ц Г

18. Глюкоза көмірсулардың қай тобына жатады?

а) моносахарид;ә) полисахарид;б) дисахарид;в) гликоген.

19. Жасушада 1 г май ыдырағанда канша энергия бөлінеді?

а)17,7кДж; ә) 38,9 кДж б) 16,5 кДж; в) 18,2 кДж.

20. ДНҚ-ның редупликациясына қандай фермент катысады?

а) лигаза; ә) ДНҚ-полимераза; б) РНҚ-полимераза; в) амилаза.

21.Барлық амин қышқылдары үшін молекуланың қандай бөлігі ортақ.

А. амин топтары В. радикал және амин тобы С. амин жєне карбоксил топтары. Д.радикал

22. Белоктың жиналатын жеріне аминқышқылдарын тасымалдайтын молекулалар:

А.ДНК В. көмірсулар С. т-РНК Д. а-РНК

23. Липидтердің клеткада атқармайтын функциясы:

А. тұқым қуалау ақпаратын сақтаушы В. Энергетикалық

С. Құрылымдық Д. қор жинаушы

24.ДНК молекуласына тиісті келтірілген дәлелдердің қайсысы дұрыс емес:

А. ДНҚ екі тізбекті спираль В. ДНҚ бір нуклеотидтен тұрады

С. ДНҚ-ның құрамына дезоксирибоза кіреді Д. ДНҚ-ның құрамына тимин кіреді

25.Жасушаның бейорганикалық заттарын ата.

А) көмірсулар ә) нәруыздар б. Тұздар в. липидтер

Биология 10-сынып . І тоқсан



Тест сұрақтары. ІІнұсқа

1. Нәруыздың неше реттік құрылымы бар?

а) 4; б) 2;ә) 3; в)5.

2. Жасуша теориясын ашуда қандай ғалымдар еңбек сіңірді?

а) Р.Гук; ә)Т.Шванн, М.Шлейден; б) А.Левенгук; в) Г.Пуркине.

3. Нуклеотидтер құрамындағы азотты негіз, көмірсу жене фосфат топтары арасындағы байланыс қалай аталады?

а) сутектік; ә) коваленттік; б) металдық; в)иондық.

4. ДНК үзінділерін біріктіретін фермент калай аталады?

А)ДHK-пoлимepaзa; ә)лигаза; б) РНҚ-полимераза; в) амилаза.

5. Жасушадағы судың мөлшері кандай?

а) 1,0%-1,5%; ә) 1,0%-2,0%; б) 70%—80%; в) 0,2%—2,0%.

6. Қандай нуклеотид екі сақинадан тұрады?

а)А-Ц ; ә)Ц-Т; б)Г-Ц; в)А-Г.

7. Организмде ион түрінде кездесетін элементтерді атандар.

а) О, С, Н, N; ә) К, С1, Na, Mg; б) Zn, Cu, Mn, Со; в) Р, S, Si, Mo.

8. Ферменттердің кұрамына нәруыздан басқа қандай заттар кіреді?

а) көмірсулар; ә) липидтер; б) металдар, витаминдер; в) су, тұздар.

9. Өсімдіктерде тіректік қызмет атқаратын полисахарид:

а) крахмал; ә) липид; б) нәруыз;В) жасұнық (клетчатка).

10. Нәруыз молекуласы қанша аминқышкылынан тұрады?

а) 200; ә) 40; б) 20; в) 30.

11. Жануарлар организміндегі көмірсу қалай аталады?

а) гликоген; ә) липид; б) нәруыз;В) жасұнық (клетчатка).

12. Нәруыз полимерінің мономері қандай заттар?

а) аминқышқылдары; ә) нуклеин қышкылдары;

б) липидтер; г) көмірсулар.

13. ДНҚ-ның қос тізбекті екендігін кім дәлелдеді?

а) Р.Франклин; б) Дж.Уотсон, Ф.Крик;

ә) Н.Месельсон, Ф.Сталь; в) Ә.Чаргафф.

14. Амидтік байланыс түрі калай аталады?

а) сутектік; ә) дисульфидтік;б) сульфидтік; в) пептидтік.

15. Бұлшык ет нәруызы калай аталады?

а) гемоглобин; ә) миозин; б)альбумин; в) валин.

16. Көмірсулардың 1 грамм молекуласы ыдырағанда қанша кДж энергия бөлінеді?

А)17,6 кДж; ә) 20,5 кДж; б) 18,5 кДж; в) 7,6 кДж.

17. Нәруыз кұрамындағы аминкышқылдарының пептидтік байланыспен байланысқанын қандай ғалым аныктады?

а) Г.Сведберг; ә) Э.Фишер; б) К.Полинг; в) А.Браконно.

18. Жасуша кұрамына қандай органикалык косылыстар кіреді?

а) липид, көмірсу, нөруыз; ә) су;

б) минералды тұздар; в) К+, Na+, Ca2+.

19. ДНҚ-ның екі еселенуі жөнінде қай болжам дұрыс?

а) бытыраңкы екі еселену; ә) жартылай сактала еселену;

б) сактала екі еселену; в) жартылай екі еселену.

20. Нәруыздың екінші реттік құрылымында —NH—, —СО— топ-тарының арасында қандай байланыс?

а) пептидтік; б) сутектік; ә) амидтік; в) дисульфидтік.

21. Егер а - РНК кодоны ЦГА тұрса, т - РНК антикодоны қандай болғаны:

А. ТГУ В. ГЦУ С. АУГ Д. ГЦА

22. Нуклеотидтердің құрлысын қандай схема арқылы көрсетуге болады:

А.азот негізі-қант-фосфор қышқылы В. азот негізі-АТФ-қант С. қант-фосфор қышқылы-амин қышқылы Д. азот негізі-фосфор қышқылы

23. Нуклеотидтердің құрамына қандай заттар кіреді?

А. Липидтер В. Сулар С. азотты негіздер Д. Амин қышқылдары

24. Мына төменде келтірілген мысалдың қайсысы дұрыс емес:

А. ДНК - ң қанты дезоксирибоза

В. ДНК молекуласында аденин гуанинмен жұп түзеді

С. урацил РНҚ - ң құрамына енеді Д. ДНҚ қос тізбекті құрылым

25.Бір ақуыздың синтезі туралы мағлұмат ядроның қай құрлымында болады

a. ДНҚ молекуласы ә. нуклеотид триплеті б. Ген в. РНҚ молекуласы



.

Биология 10-сынып

Cабақтытың тақырыбы. Прокариоттар.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды микробиология ғылымының даму кезеңдерімен және прокаридтар құрылысымен таныстыру.

2.Дүниетанымынын арттыра отырып,оқу материалдарын толық меңгеру

қабілетін дамыту.

3.Ұйымшылдыққа тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, сызбанұсқа,портреттер

Сабақтың пәнаралық байланысы:тарих.

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап,баяндау, кесте толтыру. .

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІІІ. Бекіту

ІV. Үйге тапсырма беру.



  1. Үй тапсырмасын тексеру

  2. Бағалау.

І. Амандасу,сабаққа әзірлеу,сабақ мақсатымен таныстыру.

ІІ. Микроорганизмдердің ашылуы нидерландтық табиғат зерттеуші Антони ван Левенгуктің есімімен тікелей байланысты. Ол алғаш рет 150—300 есе үлкейтіп көрсететін микроскопты құрастырған. Осы микроскоппен Левенгук жай көзге көрінбейтін ұсақ организмдерді, тағамдағы зең саңырауқұлактарын көріп, олардын пішіндерін, қозғалыстарын сипаттап жазды. Бірақ бұл организмдердің табиғаттан алатын орнын, әрекеттерінің сырын аша алмады





Антони ван Левенгук (1632-1723)

Нидерландтьщ табиғат зерттеуші, ғылыми микроскопияның негізін калаушылардың бірі

XVIII ғасырда швед табиғат зерттеушісі К.Линней тірі «Табиғат жүйесін» жасағанда микроорганизмдерді кіргізбей, оны берекесіз жәндіктер тобына жатқызған. Алайда сол кездің өзінде микроорга­низмдер туралы мәліметтер жинакталып, соның негізінде микробио­логия ғылымы қалыптаса бастаған еді. Микробиология ғылымының одан әрі дамуы орыс табиғат зерттеушісі М.М.Тереховскийдің жүргізген тәжірибелеріне негізделген. Ол адамның микроорганизмдерді күнделікті тұрмыста пайдалану мүмкіндігін дәлелдеді. Осындай деректі материалдардың негізінде 1775 жылы М.М.Тереховский Страсбург университетінде микроорганизмдер туралы еңбегін қорғады

XIX ғасырдың екінші жартысында ғылым мен техниканың каркындап дамуына байланысты микробиология ғылымы біраз табыстарга кол жеткізді. Әсіресе француз ғалымы Л.Пастердің зерттеулері бойынша, ашу процестері микроорганизмдердің іс-өрекеттеріне тікелей байланысты екендігі дәлелденді.

Осыдан кейін сүт қышқылды ашу, спиртті ашу процестерін жүзеге асыратын бактерияларды тауып, оларды жеке бөліп алып өсіру кеңінен етек алды.

Л.Пастер ашу процестеріне оттектің міндетті түрде катысатынын, оттексіз ашу процесі жүрмейтінін дәлелдеді


Луи Пастер (1822-1895)

Микробиологияны дербес рылым ретінде дамытуға негіз салған француз ғалымы. 1862 жылдан бастап Париж ғылым академиясының мүшесі, Нобель сыйлығының лауреаты

1861 жылы ол ашудың басқа түрі — май қышқылды ашу процесін тапты және мұндай ашудың оттексіз жүретіндігін анықтады. Сонымен Л.Пастер микроорганизмдердің екі тобын, яғни аэробты (оттекті ортада) және анаэробты (оттексіз ортада ) топтарын ашты. Л.Пастер еңбегінің нәтижесі азық-түлікті сақтау, түрлі ашу процестерінің технологиясын жақсарту, медицинада ортаны залалсыздандыру жөне т.б. мақсаттар үшін пайдаланылады. Сонымен қатар ол жұқпалы аурулардың қоздырғыштары микроорганизмдер екенін анықтап, олармен күресудің жолдарын көрсетті. Топалаң және құтыру ауруларына қарсы вакциналар жасап, оларды іс жүзінде қолдануды ұсынды.






Илья Ильич Мечников (1845-1916)

Биологияның әр түрлі саласына үлкен үлес қосқан көрнекті орыс ғалымы. Петербург ғылым академиясының құрметті мүшесі, Нобель сыйлығының лауреаты. 1883 жылы фагоцитоз күбылысын ашты. Көп жасушалы организмдердің шығу тегі туралы теорияны жасады
Микробиология ғылымының әрі қарай дамуына орыс ғалымы И.И.Мечников зор үлес қосты. Ол микробиологияға көптеген жаңалықтар енгізді. Соның ішінде иммунитет жөне бактериология жайындағы еңбегінің практикалық та, теориялық та құндылығы ерекше болды. Ол еңбектерінің қорытындысын «Фагоцитоз және оның иммунитеттегі рөлі» деген атпен жариялады. осы енбегінің негізінде жұқпалы ауруларды емдеуге қолданылатын антибиотиктерді алудың ғылыми теориялык негізі — «антагонизм» туралы ілім қалыптасты.




Сергей Николаевич Виноградский

(1856-1953)

Орыс микробиологі, микробиологияның негізін қалаушылардың бірі. 188 7 жылы хемоавтотрофты микро-организмдерді және хемосинтез күбы-лысын ашты. 1893 жылы ең бірінші топырактан азот бекітуші бактерия­ларды бөліп алды
Микробиология ғылымының дамуына үлес коскан ғалымдардың бірі — С.Н.Виноградский. Ол күкіртті бактерияларды зерттеді. Нәтижесінде олардың өздерінің тіршілігі барысында күкіртсутекті күкірт кышкылына дейін тотықтыратынын ашты. Күкіртті бакте-риялар тотығу реакциялары кезіндегі энергияны пайдаланып, ауадан кемірқышкыл газын сіңіреді де, органикалык заттарды синтездейді.

Осындай күрделі механизмді процесті С.Н.Виноградский хемосинтез деп атады.

Бактериялар — ашытқы бактериялары, шіріткіш бактериялар жөне паразит бактериялар болып үш топка бөлінеді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет