Сабақтың мақсат ы: Қозғалыс дағдысын қалыптастыру. Студенттерге жоғары моральды төзімділік пен сапаларын тәрбиелеу



бет2/30
Дата11.04.2023
өлшемі119,95 Kb.
#174141
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Практикалық сабақ жоспары 1-курс (2) (1)
ТЕСТ 500 ҚҚЗТ, ДәрістерХФӨПжА-2
1-семестр Практикалық сабақ №2
Сабақ тақырыбы: 1. Жылдамдық. Жүгіру: қалыпты, кібіртіктей жүгіру, жортаңмен, жамбасты көтере, жіліншікті айқастыра жүгіру.
2. Бұрылыстармен жүгіру, қайталамалы жүгіріс
Сабақтың мақсаты: Қозғалыс дағдысын қалыптастыру.Студенттерге жоғары моральды төзімділік пен сапаларын тәрбиелеу.
Өткізілетін орны: Спорт кешені
Күтілетін нәтиже: өзара көмекке, ұжымдық бірлікке және психикалық тұрақтылықты, өз күшіне сенімділікті, мақсаттылықты, батылдық пен табандылықты, бастамашылықты, қайсарлық пен қажырлықты тәрбиелеу.

Сабақ бөлімі

Сабақ мазмұны

Өту саны, уақыты

Әдістемелік, ұйымдастырушылық нұсқалар

Дайын
дық бөлімі

Сапқа тұру, сәлемдесу, сабақ тақырыбымен танысу. Оңға, солға, кері бұрылу. Спорттық жұріспен жүру.
Залды айнала жүгіру.
Жалпы бір орында дене дайындық жаттығуларын жасау.
Саптың бір орнында, қозғалыста орындалатын жаттығулардың дұрыс орындалу әдісін үйрету.
Сапқа дұрыс тұру. Сапта дұрыс бұрылу. Сапта жүру. Сапта жүгіру.
Бір қатардан екі қатарға тұру.
Бір қатардан үш қатарға тұру техникасын үйрету

20

Спор киімі өтілетін сабаққа сәйкес болуы тиіс.
Дұрыс істеуге әрекет жасау.
Жұру және жүгіру кезінде аяқтың ұшымен жүру, демді бір қалымпты алу.
Сап бойымен тұру. Сапта бұрылу кезінде өкше және аяқтың ұшымен бұрылады, сапта жүрген кезінде оң қол көкірекке дейін, сол қол артқа жіберіледі.
Жүгірген кезде саптан шықпайды.

Негізгі бөлімі

Жылдамдық. Жүгіру: қалыпты, кібіртіктей жүгіру, жортаңмен, жамбасты көтере, жіліншікті айқастыра жүгіру.
1. Тура қашықтықта жүгіру техникасын ұйрету
2. Жай жылдамдықпен бір қалыпты жүгіру
3. Жылдамдықты арттыра жүгіру
4. Бөксенің буындарын жоғары көтеріп жүгіру.
Бұрылыстармен жүгіру, қайталамалы жүгіріс 1.Ауыспалы жүгіру
2. Бөксені алға жіберіп сирақты серпіп жүгіру
3. Секіріп қадам жасап жүгіру
4. Бір орнында қолдарымен қозғалу (жүгірген кездегідей)
5. Жылдамдықты арттырып жүгіру

70



Оқытушы көрсетеді, көрсету техникасы сараптаумен жалғасады. Әрбіріне олардың қатесін көсетіп, оны түзету жолдарын айту.
Төрттің үш бөлігін жылдамдықпен жүгіру.
Аяқ жүгіргенде табанының алдыңғы жағы қойылады. Бөксені гаризонтты жағдайға дейін одан жоғары көтеру, денеі артқа еңкейтпеу.
Жаттығуды аяқ қозғалыс жылдамдығының артуымен орындап, ақырында жау жүгіруге өтеді.
Денені арқа шалқайтпау. Жоғары емес, алға секіріп, бұрыш тік емес қиғаш ұстау.
Қозғалысты еркін орындау, үлкен қимылмен жасау.

Қортынды бөлімі

Алаңды айналып жүру, дене қызуын бастапқы қалыпқа келтіру.
Сапа тұрғызу
Сабақ нәтижесін талқылау, бағалау

10

Денені бастапқы қалыпқа келтіру.
Сапта түзу тұру керек.
Саптан шықпау керек.



*ескерту: дене шынықтыру сабағынан босатылған ДКК анықтамалары бар білім алушыларға арналған тапсырма

«Бұрылыстармен жүгіру, қайталамалы жүгіріс»

реферат





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет