Тақырыбы: Сөз таптары
Сабақтың мақсаты: 1) 1-2 сыныптардағы сөз таптары бойынша алған білімдерін тиянақтау, түсініктерін кеңейту;
2) саяхат арқылы пәнге деген қызығушылықтарын, шығармашылықтары мен ойлау қабілеттерін арттыру;
3) Саяхат арқылы ұйымшылдыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа дәне әдемілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың типі: Дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі: Саяхат, талдау, сұрақ-жауап, өлең құрастыру т.б.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) зейіндерін аудару;
ә) психологиялық дайындық:
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Балалығым, бақытым – қазақ тілім.
ІІ. Өткенді пысықтау
- Балалар, біз қандай тарауды өттік? (Сөз және оның құрамы)
- Сонымен сөз дегеніміз не?
- Сөз құрамына нелер жатады?
- түбір дегеніміз не?
- Қосымшаның қандай түрлері бар екен?
-өте жақсы, бүгінгі сабақта біз "Сөз таптары" деген үлкен тарауды бастаймыз. Бұл тақырып бізге бұрыннан таныс. Төменгі 1-2 сыныптарда өткен болатынбыз.
ІІІ. Жаңа сабақ
- Балалар, сендер саяхатқа шыққыларың келе ме? Онда біз "Сөз таптары " деген үлкен зәулім үйге саяхатқа шығамыз.
(слайдпен жұмыс)
- Балалар, не көріп тұрмыз? ( Зәулім үй, қақпа, құлып) Біз мына қақпадан өту үшін құлпты ашуымыз керек. Құлпты ашу үшін не керек?
- Әрине, кілт керек.
- Кілт қоржында, осы қоржыннан кілтті алу үшін қоржынның сыртындағы сұрақтарға жауап берейік.
- Өте жақсы, құлыпты ашатын кез де келді. Енді мына құлптың сырытындағы өлеңді оқып, ондағы сөздердің қай сөз табынан жасалып тұрғанын айтсаңдар зәулім үйдің қақпасы ашылады.
І қатар: Зат есімдерді табады (қыс, дала, түс, аяқты, шаңғымен, дөңге)
ІІІ қатар: Етістік табады (келеді, шықтық)
ІІІ қатар: Сан есім мен сын есімді табады ( аппақ, екі)
- Мінекей "Сөз таптары" деген үлкен зәулім үйді көріп тұрмыз. Ал енді бұл үйдің іші қандай екенін білгілерін келе ме? Ол үшін мына жыңылтпашқа жауап берейік және жатқа жылдам айтайық.
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім.
Неше кіші ішік піштім? (8)
(3 оқушы жатқа айтады)
- Жарайсыңдар, міне зәулім уйдің "Зат есім" деп аталатын, бөлмесіне кірдік. Бұл бөлмеде нелер бар? оларға сұрақ қойындаршы. (не?, нелер?)
Келесі бөлмеге өту үшін мына суреттің, кілемнің, еденнің тапсырмаларын орындайық.
- Өте жақсы, енді мына есік арқылы келесі бөлмеге өтеміз. Балалар, бұл қандай бөлме? Бұл бөлмеде не істейміз? "Демаламыз" деген қай сөз табына жатады? Жақсы, демек бұл етістіктің бөлмесі. Келесі бөлменің қандай екенін білгіміз келсе, мына сұрақтарына жауап берейік.
Балалар, бұл бөлмеден не көріп тұрмыз? (сандық)
Осы сандықтың сендерге деген тапсырмасы бар екен.
Достарыңызбен бөлісу: |