Атмосфера Оқу мақсаты:7.3.2. Атмосфера неден тұрады? 7.3.2.1. Қазіргі заманғы атмосфераның зерттеу жұмыстары. 7.3.2.2.Атмосфера құрылымы.
Сабақтың мақсаты:атмосфера құрылымының ерекшеліктерін және оның Жер бетіндегі тіршілікке әсерін анықтау.
Атмосфера — Жер ғаламшарын қоршап тұрған ауа қабықшасы. Атмосфераның ішкі қабаты гидросфераны және ішінара жер қыртысын жабады. Сыртқы қабаты ғарыш кеңістігінің Жер төңірегіндегі бөлігімен шектеседі. Азот — 78%, оттегі — 21%, инертті газдар (аргон) — 0,94%, көмірқышқыл газы -0,03% — атмосфера ауасының негізгі т. б. газдары, сондай-ақ ауа құрамына су булары мен қоспалар (тозаң, мұз кристалдары, теңіз тұздары) — 0,03% кіреді. Жер ғаламшары өзара байланысқан қабықшалардан тұрады, олардың өзара әрекеттесуін атмосфера ауасының құрамы арқылы көрсетуге болады. Азот — атмосфераның негізгі газы және оттегі бөлетін өсімдіктердің тіршілігін қолдау үшін қажет.
Қазіргі замандағы атмосфераны зерттеу жұмыстары Адамзат ауа мұхитына ежелден-ақ қызығушылық танытқан. Атмосфераның алғашқы зерттеулеріне жеке бақылауды жатқызуға болады. Олар арқылы адамдар ауа райы өзгеруінің «хабаршыларын» құрастырған. Мысалы: жазғы түнде мол шық түссе немесе таңертең күн шыққаннан кейін жоғалатын қалың тұман тұрса, ауа райы ашық болады. Кейінірек адамдар термометр, барометр, флюгер секілді алғашқы метеорологиялық аспаптарды ойлап тапты. Артынан адамдар мәліметтерді жинап талдауды және ауа райы болжамын жасауды үйренді.
ТЕРМОМЕТР БАРОМЕТР ФЛЮГЕР Атмосфераның құрылымы Ауа температурасы, қысымы және құрамына қарай Жер атмосферасы тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера және экзосфера қабаттарына бөлінеді. Көрші қабықшалар арасындағы атмосфераның аралық аймақтарын тропоүзіліс, стратоүзіліс және мезоүзіліс деп атайды. Атмосфера қабаттары бір-бірінен температура және басқа да шарттарымен ерекшеленеді. Тропосфера деп аталатын атмосфераның төменгі бөлігі — қасиеттері мен құбылыстары жағынан ең алуан түрлі қабат. Тропосфера полюстердің үстінде 8-9 км, қоңыржай ендіктерде 10-12 км, экваторда 16-18 км биіктікке дейін созылып жатыр.
Тропосфера деп аталатын атмосфераның төменгі бөлігі — қасиеттері мен құбылыстары жағынан ең алуан түрлі қабат. Тропосфера полюстердің үстінде 8-9 км, қоңыржай ендіктерде 10-12 км, экваторда 16-18 км биіктікке дейін созылып жатыр. Одан жоғарыда 50-55 км биіктікке дейін стратосфера орналасқан. Стратосферада ауаның 20% -ы бар, ауа сұйылтылған, су буы жоқ дерлік. Сондықтан бұлттар мен жауын-шашындар пайда болмайды. Мезосфера — атмосфераның 50 — 80 километр биіктіктегі ортаңғы қабаты. Стратосфера (мезосфера асты) мен ионосфера (мезосфера үсті) қабаттарының аралығында. Мезосферада жоғарылаған сайын температура төмендей береді: 50 километр биіктікте 70°С шамасында Термосфера -80 және 800 км биіктіктер арасында орналасқан. 100 км биіктікте температура шамамен 0°-ңа тең, 150-200 км қабатта 500°-қа дейін жетеді,. Жоғарғы термосферада температура 2000°-ңа дейін жетеді. Экзосфера– Жер атмосферасының шеткі, ең жоғары қабаты. Ең төмен шегі Жер бетінен 500 – 1000 км биіктіктен өтеді, жоғарышегі айқын анықталмаған. Экзосферада ауа тығыздығы өте төмен,
Қазіргі таңда Жердің ауа қабықшасын зерттеу — Дүниежүзілік метеорология ұйымы (ДМҰ) жетекшілігімен жүзеге асырылады. Оған Ұлыбритания, Қытай, Ресей, АҚШ, Франция секілді елдер кіреді. Дүниежүзілік метеорология ұйымы мен Жаһандық климатты бақылау жүйесінің арқасында метеорологтер атмосфераның ластануына (атмосферадағы көмірқышқыл газ мөлшері, озон қабатының бұзылуы), орман өрттері мен жанартау атқылауларына, техногенді апаттарға мониторинг жүргізе алады.
1-тапсырма Атмосфераның Жер бетіндегі тіршілікке әсері қандай?(қысқаша өз ойыңыз) 2-тапсырма Көрші қабықша арасындағы атмосфераның аралық аймақтары қалай аталады?Қысқаша мәлімет келтіріңіз.