Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілердің дамуы.
Сабақтың мақсаты: Бунақденелілердің көбею және даму
ерекшеліктерін оқып үйрену.
Білімділігі:Білім маңыздылығын түсініп,қажетті іс-әрекетті
белсене және өз бетінше орындауға,тапсырмаларды өзі
таңдап,іздеп табуға, құр мәлімет алумен шектелмей,
сабақ барысында өз пікірін ашық айтып,сұқбат жүргізу-
ге, рухани және әлеуметтік жағынан білімдерін көтеру.
Дамутышылығы: Баланың дүниетанымын кеңейтіп ,рухани
өсуіне,жеке тұлға ретінде өзіндік пікірін
қалыптастыруға жағдай жасау.
Тәрбиелілігі:Табиғатты сүюге және қорғауға,туған елін ,жерін
сүюге ,адамгершілікке, еңбекке,ұқыптылыққа,
жан-жануарларды аялап күтуге тәрбиелеу.
Көрнеклілігі. Үлестірмелер, плакат,жәндіктер жинақтамасы,кубик.
Сабақтың түрі.Аралас сабақ..
Пән аралық байланысы.Маңғыстау жануарлар дүниесі .Авторы: Г.А. Бейсенова,Ж.Ж. Мамаева. А.В.Кривогуз Е.К.Искалиев. Биология 7-сынып оқулығы. Авторы: Қ.Қайым ,Р.Сәтімбеков ,Ә.Әметов.Қ.Қожантаев.
Валеология .Авторы А.С.Әділханов География,Биология, Экология орта мектепте журналы.Геометрия.
Сабақтың әдісі. Түсіндіру, сұрақ жауап,биологиялық диктант,кесте, кубизм стратегиясы,СТО стратегияларының түрлері
тест сұрақтары.
Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезең.
а)Оқушыларды түгендеу.
ә)Керекті құралдарын реттеу
б)Үй тапсырма сұрау.
Оқушыларға бүгінгі сабағымыздың ерекше сабақ болатындығын
айтамын.Сонымен бүгінгі сабағымызды жарыс түрінде өткізбекші
мін.Оқушыларды екі топқа бөлемін «Инелік»және «Көбелек» тобы деп.Әр топтан екі оқушыдан үй тапсырмасын сұраймын.Әр сұрақтың жай және күрделілігіне байланысты ұпай сандарын қойамын.Әр топ өзінің ягни инеліктің және көбелектің суретін салып сабақтың соңында көрсету керек екенін айтамын.
Қосымша ,сабақ соңында әр топ өзіне байланысты бір-бір шумақ тақпақ айту керек екенін де ескертемін.Әділ қазы алқасы Биология пәні мұғалімі Аманбева Нағима оқушылардың алған ұпай сандарын белгілеп отырады.
1 бөлім Үй тапсырма ( 2-ші және 3-ші тапсырмаға шыққан оқушыларға,қосымша бір-бір сұрақтан қойылады.Егер білсе 5 ұпай ,білмесе 4 ұпай қойылады. Үй тапсырмасын бөлімдерге бөліп сұраймын)
1 Көбеюдің биологиялық мәні және көбеюдің түрлері.(5)
2 Жыныссыз көбею(4)
3 Жынысты көбею (4)
4 Көпжасушалы жануарлардың көбеюі (5)
2бөлім Өткен сабақты қорыту«Менен сұрақ-Сізден жылдам жауап»
1 Көбею дегеніміз не?(5)
2 Көбеюдің қандай түрлері бар? (4)
3 Зигота дегеніміз не?(5)
4 Дара жыныс қалай белгіленеді?(4)
5 Гамета дегеніміз не?(4)
6 Қос жынысты қалай белгіленеді ?(4)
Байланысы.Оқушылар,бүгін үй тапсырмасына жақсы дайындықпен келген екенсіңдер.Біздер табиғаттағы көпжасушалы жануарлардың көбеюі жөнінде таныстық..(суреттер шығады.) Ал олай болса,мына өсімдіктердің арасындағы қандай жәндіктер екен
(тақтаға суреттер шығады көбелек, инелік дәуіт,
қыңыз.т.б.)оқушылар олардың қандай жәндіктер екенін айтады.Оқушылар біздер «Өсімдіктердің тозаңдануы»деген тақырыпты өткенімізде бұл жәндіктерді ,қандай жәндіктер деп атаған едік.(оқушылар бунақденелілер дейді.)Олай болса бүгін бунақденелілердің көбеюі жөнінде танысайық .(бунақденелілердің суреттері тақтаға шығады)
Демек, бүгінгі жаңа сабағымыз
47 Бунақденелілердің дамуы .
Жаңа сабақ
Бунақденелілердің дамуы үш түрлі жолмен өтеді.Олар:тура даму,(қанатсыз бунақденелілер)шала түрленіп даму,(инелік,дәуіт,
шегіртке,бұзаубас, бит, қандала) және толық түрленіп даму(қоңыз, көбелек, бүрге, шыбын, маса, құмырсқа, балара)
Тура даму дегеніміз-ұрықтанған жұмыртқадан тікелей ересек бунақденеге ұқсасжас жәндіктердің шығуы. Олардың тек денесі өседі және жыныстық жағынан толысып дамиды.
Толық түрленіп даму деп-дамуы 4 сатыдан тұратын және дернәсілі ересегіне ұқсамайтын бунақденелілерді айтамыз.
Шала түрленіп даму деп -дамуы 3 сатыдан тұратын және дернәсілі ересегіне ұқсайтын бунақденелілерді айтамыз.
Дамудың сызбанұсқасын былай кескіндей аламыз:тура даму:жұмыртқа—имаго; шала түрленіп даму:жұмыртқа –дернәсіл-
--имаго;толық түрленіп даму: жұмыртқа—дернәсіл—қуыршақ-- имаго.Бунақденелілердің ересек күйге ауысу сатысы имаго деп аталады.Имаго(латынша имаго- ересек жәндік)
Бунақденелілерді зерттейтін ғылым –энтомология (гректің «нентома»-бунақдене+ «логос»-ғылым)Ол зоология ғылымының бір саласы .Бунақденелілердің табиғатта және адам өмірінде үлкен рөл атқарады. Егер олар өсімдіктерд тозаңдандырмаса ,табиғат аясынан сан құбылып ,көздің жауын алатын түрлі өсімдіктерді кездестіре аларма едік.Ағаш жапырағында жорғалап жүрген құртқа ұқсас жәндікті көреміз.Бұл көбелектің дернәсілі жұлдызқұрт. Оның
5-жұп жалғанаяқтары бар.Ересек көбелекте 3-жұп аяқтары бар.Ересек көбелектің ауыз мүшесі –түтік тәрізді ұзын иірілген тұмсықша. Бұл тұмсықшамен ол гүл шырынын сорады. Көбелектің дернәсілін жұлдызқұрт деп атайды. Жұлдызқұрт өсімдіктің жапырақтары мен қоректенеді және тез өседі, бірнеше рет түлейді.ең соңғы түлеудің алдында ағаш діңіне өрмелеп шығып қуыршаққа айналады.Ол бұл кезде ешбір қозғалыссыз қалады,қоректенбейді.Дегенмен хитинмен қапталған қуыршақта өте күрделі өзгерістер жүріп жатады. Онда ересек көбелектің дене мүшелері қалыптасады. Қыстап шыққан қуыршақтан көктемде бірден көбелек шығады. Көбелектің даму сатыларын тізіп көрсетелік:жұмыртқа,дернәсіл, қуыршақ, ересек көбелек.
Жұмыртқа салу мерізімі ,орны, даму мерізімі әр түрлі бунақденелілердің түріне қарай әрқалай болады. Мысалы зауза қыңызы жұмыртқаларын топыраққа ,шыбын ластанған жергелерге,көбелектер өсімдік жапырақтарына ,ағаш жемісіне т.б.жерлерге салады. Зауза қыңыз дернәсілінің дамуы4 жылға,шыбын дернәсілінің дамуы бірнеше тәулікке созылады.Түрленіп дамудың маңызы бунақденелілердің табиғатта кеңінен таралып ,өз түрлерін сақтауға едәуір мүмкіндігі бар.Дернәсілі ересек жәндіктің қорегіне «ортақтаспайды»,әрі тұрағы да басқа болады. Мысалы,зауза не картоп қоңызының дернәсілі топырақта тіршілік етеді,өсімдік тамырларын ,жер асты бөліктерін жеп қоректенеді.Ал,ересек қоңыздар ағаш жапырақтарын қорек етеді.Химикаттан жер бетіндегі бунақденелілер қырылады да,топырақ арасында жүрген немес еәлі қуыршақ күйінде жатқан дернәсілдер аман қалады.Сонымен түрленіп даму тәсілі де-бунақденелілерді жойылып кетуден сақтайтын бейімділіктің бірі.
Олардың табиғаттағы пайдасы мыс.көңқоңыз топырақты қопсытады,қанқыз, құмырсқа ауыл шаруашылығына зиян келтіретін сан алуан зиянкестерді жояды.Баларалар адамға бал және балауыз береді, өсімдіктерді тозаңдандырады.Жібек көбелектері жібек жіп алу үшін өсіріледі.Бунақденелілер далада және орманда қалған жануарлардың өлексесі мен өсімдіктің шірінділерімен қоректенеді.Кейбір елдерде бунақденелілерді тағам ретінде пайдаланады.Ал, табиғатта тіршілік ететін зиянды бунақденелілерде кездеседі мыс. бүйі,қарақұрт,құршаян улылығымен, паразиттік тіршілігімен ауру таратқыштығымен ,омыртқалы жануарларға және адамдарға зиянды.Паразит бунақденелілерге маса,қандала, бит, бүрге,тарақан көптеген қауіпті ауруларды таратып,адамдарға зиянын тигізеді.Ауыл шаруашылығына өте қауіпті бунақденеліге –Азиялық шегіртке жатады.Жәндіктердің санына және шоғырлануына байланысты шегірткелердің үйірлі және саяқ түрлері болады. Үйірлі шегірткелер дернәсілдерінің тығыз топтасуынан –жаушоғыл (кулига),ересектерінің жиналуынан үйір түзеді. Сөйтіп бұлар бір жерден екінші жерге топтасып көшеді. Саяқ шегірткелер ұзақ ұшпайды-көшпенді емес.Азиялық шегіртке (көкқасқа шегіртке)өте қауіпті,зиянкес жәндік. Көкқасқа шегірткенің аналығынан өрбіген ұрпақтары екі қойды тойдыратын азықты жояды.Ал олардың жаушоғылдары мен үйірлері 1-2 сағатта жүздеген гектар егістікті тып-типыл етеді. Жаушоғыл түзетін қанатсыз дернәсілдер жаяушегіртке деп аталады. Жаяушегірткеден құралған жаушоғыл жолында кездескен өсімдік атаулыны жайпайды.Сөйтіп бір жерден екінші жерге көшеді.
Сабақты қорытындылау
3-бөлім Биологиялық диктант
1 Ересек көбелекте........жұп жүретін аяқтары бар.(4)
2 Көбелектің дернәсілін .....деп атайды(4)
3 Көбелектің дернәсілінің ..... жұп жалғанаяғы болады.(4)
4 Бунақденелілердің дамуы ....типке бөлінеді.(4)
5 Қуыршақ кезеңінде .... қалады..... (5)
4-бөлім Кубизм стратегиясы
Бұл стратегияда геометриялық фигура кубик пайдаланылады. Тақырыпқа байланысты кубиктің алты қабырғасына тапсырма жазылады,әр топтың алдына жеке –жеке тастап топқа қандай тапсырма берілетінін айқындайды.Әр тапсырмаға байланысты ұпай саны қойылған.(сұрақ жай немесе күрделілігіне байланысты)
1-ші Кубиктегі сұрақтар
1 Жалған аяқ дегеніміз не?(4)
2 Қуыршақ қайда қыстап шығады (4)
3 Тарақан қайда тіршілік етеді(4)
4 «Жұмыртқа –ересек жәндік» дамудың қандай түріне жатады(4)
5 Көбелектің ауыз мүшесі қандай(4)
6 Жібек көбелегі не алу үшін өсіріледі(4)
2-ші Кубиктегі сұрақтар
1 Бунақденелілер неше жолмен дамиды(4)
2 Олар қалай тыныс алады.(4)
3 Зәр шығару мүшесі қандай(4)
4 Жұлдызқұрт немен қоректенеді(4)
5 Бунақденелілер қандай жынысты.(4)
6 Шыбын жұмыртқасын қайда салады.(4)
5-бөлім Сәйкестендіру тесті
Бунақденелілер түрлері
|
Шала түрленіп даму
|
Толық түрленіп даму
|
қоңыз
инелік
үй шыбын
түкті ара
шегіртке
маса
тарақан
дәуіт
|
+
+
+
+
|
+
+
+
+
|
6-бөлім Венн диаграммасы
Инеліктің дамуы(5) Көбелектің дамуы(5)
жж
жжж
7-бөлім Деңгейлік тапсырмалар
1 Паразиттік бунақденелілерге қандай жәндіктер жатады?(5)
2 Зиянды бунақденелілерге қандай жәндіктер жатады?(5)
3 Ауыл шаруашылығына зиянды бунақденелілер қайсылар?(5)
4 Бунақденелілердің табиғаттағы пайдасы қандай?(5)
Бағалау Оқушылардың алған білімін бағалаймын
5-бағасын Табиғатта жылу мен жарықтың белгісі деп
сары түспен бағалаймын.
4-бағасын Қ .Республикасының туы түстес жалаушамен
бағалаймын.
3-бағасын Көктем түстес деп жасыл жапырақпен
бағалаймын
Үйге тапсырма: «Менің туған жерімнің жәндіктері» тақырыбына шағын шығарма жазу және бунақденелілердің суретін салу.
Достарыңызбен бөлісу: |