Жаңа тақырып.
-Дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қоямыз.
1.1. Абай Құнанбайұлы. «Қыс»
1.2. Етістік.
1.1. Мәтінге дейінгі жұмыс.
(Интерактивті тақта-флипчарт, аудирование)
Оқушылар мәтіннен өздеріне таныс емес сөздерді тауып, белгілеп отырады.
Қазақ халқының ұлы ақыны, жазушы, философ, сазгер, ағартушы Абай Құнанбайұлы 1845 жылы Семей жерінде туған. Абай жасынан ынталы, зерек болды. Ол ертегі, әңгіме, өлеңдерді тез жаттап алатын. Абай Семей қаласындағы медреседе оқыған. Осында жүріп Абай орыс халқының ұлы ақындары А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, И. А. Крыловтың шығармаларымен өз бетінше оқып танысады. Кейін олардың өлеңдерін қазақ тіліне аударады.
Абай қазақ халқын мәдениетке, білімге, орыс халқымен дос болуға шақырды.
-Мәтін ішінен қандай жаңа сөздер кездестірдіңіздер?
1.1.1. Сөздікпен жұмыс.
-Жаңа сөздердің мәнерлеп оқылуымен, аудармасымен таныстыру (аудирование)
-Оқушыларға хормен, жекелеп кезекпен оқыту
-Осы сөздерді қатыстырып сөз тіркестерін, сөйлемдер құрату.
ұлы – великий
ағартушы-просветитель
медресе – мусульманская духовная школа
өз бетінше – самостоятельно
|
ынталы – прилежный
осында жүріп – находясь здесь
кейін – потом
жасынан – с детства
мәдениет – культура
|
1.1.2. Мәтінмен жұмыс.
-Мәтінді кезекпе-кезек дауыстап оқу.
-Мәтінді аударту.
1.1.3. Мәтіннен кейінгі жұмыс.
Сұрақтарға жауап беру.
Абай Құнанбаев кім?
Ол жасынан қандай бала болып өсті?
Абай қайда оқыды?
Абай кімдердің шығармаларын қазақ тіліне аударды?
Абай қазақ халқын неге шақырады?
1.2. Дара, күрделі етістікті бекіту.
-Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, сұрақ қою, талдау.
(туған-қайткен?- дара, болды-не істеді? -дара, жаттап алатын-не істейтін? -күрделі, оқыған-қайткен? -дара, оқып танысады-не істейді? -күрделі, аударады-не істейді?- дара, шақырды-қайтті? -дара)
1.1.4. «Қыс» өлеңі.
-«Абай Құнанбайұлының бірнеше өлеңдері берілген суретті кітаптан Абайдың «Қыс» өлеңінің қазақша нұсқасын, ал орысша нұсқасын үнтаспадан тыңдату. (Өлеңнің аудармасы интерактивті тақтадан көрсетіліп тұрады, қазақша нұсқасы әр балаға таратылып беріледі)
-Орысша, қазақша нұсқасын оқушыларға оқыту.
ҚЫС
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы – ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Дем алысы-үскірік, аяз бен қар
Кәрі құдаң-қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
ЗИМА
Великан в белой шубе, с седой бородой,
Никого он не видит, слепой и немой,
На суровом лице белый иней блестит.
Все скрепит и трещит под тяжелой стопой.
Пар дыхания снежен, морозен и лют.
Так пришел старый сват-и потряс наш покой.
Словно облако, шапку надвинул на лоб,
От мороза багров, как батыр молодой;
Брови-тучи свисают, скрывая глаза.
А тряхнет головой-снег валит день-деньской.
Его гнев превращается в снежный буран,
Белой юрты-орды потрясая устой.
Детям в радость мороз, высыпают из юрт,
Но лицо опалив, убегают домой.
В чекмене и тулупе пастух, но и тот
Не стерпел, повернулся от ветра спиной.
Кони слабо по насту копытами бьют,
Сил уж нет, а трава под корой ледяной.
-Осы өлеңнің желісімен қыс мезгілін суреттеп шығыңыздар. Үш топтан бір-бір оқушыдан шығып сурет бойынша әңгімелейсіздер.
I Y. Сабақты қорытындылау:
-Сонымен, балалар, біз бүгін сабақта не істедік?
-Қандай жаңа сөздер үйрендік?
-Абай жайлы не білдік?
-Қазір ұлы ақынның Семейде орналасқан мұражайының көрінісін тамашалайық. (видео)
Y. Сабақты бекіту:
-Қазір бүгінгі тақырыбымызды қорытындылай келе Абай жайлы класстер толтырып шығайық.
Семей жерінде, 1845ж.
Ұлы ақын Сазгер
АБАЙ
Медреседе оқыған
Аудармашы
Ынталы, зерек
Тест тапсырмалары.
Абай Құнанбайұлы кім?
А) Ақын
Б) Суретші
В) Мұғалім
2. Абай қай жылы туған?
А) 1846ж
Б) 1845ж
В) 1945ж
3. Абай қай жерде туған?
А) Астана жерінде
Б) Семей жерінде
В) Қарағанды жерінде
4. Абай қай жерде оқыған?
А) Училищеде
Б) Мектепте
В) Медреседе
5. Абай қазақ халқын неге шақырды?
А) Мектепке
Б) Ақындыққа
В) Білімге
Тест кілттері. (Флипчартта көрсетіледі)
1. А) Ақын
2. Б) 1845ж
3. Б) Семей жерінде
4. В) Медреседе
5. В) Білімге
YI. Үйге тапсырма:
-Абайдың «Қыс» өлеңін жаттау.
-6 - тапсырма. Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасау.
Ұлы, ақын, тілге, бай, шығармалар, жазды.
YII. Рефлексия:
Сабақ өте жақсы өтті. Сабақ жақсы өтті. Сабақ нашар өтті.
YIII. Бағалау.
IX. Сабақ соңы.
Достарыңызбен бөлісу: |