ауызша және жазбаша түрде өз ойын айта алуды дамыту
Студенттер білімін тексеруге арналған сұрақтар:
Артериялық гиперемия, анықтамасы, пайда болу себептері, түрлері, даму тетіктері, микроциркуляция жағдайлары. Артериялық қан кернеуінің (гиперемияның) сыртқы көріністері, олардың патогенезі. Артериялық гиперемияның салдарлары.
Веналық гиперемия, анықтамасы, себептері. Микроциркуляция жағдайлары. Веналық гиперемияның сыртқы қөріністері, олардың патогенезі. Веналық гиперемияның салдарлары.
Ишемия, анықтамасы, себептері. Микроциркуляция жағдайлары. Ишемияның сыртқы көріністері және олардың патогенезі. Ишемия кезіндегі теңгерулік тетіктер. Ишемияның салдарлары. Қан реперфузиясы туралы түсінік, анықтамасы, пайда болатын өзгерістердің патогенезі, салдарлары.
Стаз, анықтамасы, түрлері. Нағыз капиллярлық стаз кезіндегі қан ағымы токтауының тетіктері. Стаздың салдарлары.
Тромбоз,анықтамасы. Тромбоз этиологиясы. Артериялар мен көктамырларда қан қатпасы пайда болуының паттогенезі. Тромбоздың зардаптары мен салдары. Теңгерулік үрдістер:біріктіріп қосу, қосымша қанайналымы. Алдын алу және емдеу жолдары.
Эмболия, анықтамасы. Эмболия түрлері. Қанайналымының үлкен және кіші шеңбері эмболиясының салдарлары.. Алдын алу және емдеу жолдары.
Қабыну, анықтамасы, этиологиясы. Қабынудың құрамбөлшектері. Қабынудың организм үшін маңызы. Қабынудың онтогенез барысында дамуы.
Әлтерация туралы түсінік. Қабыну кезіндегі алғашқы және салдарлық әлтерация. Қабыну ошағында зат алмасу және физикалық-химиялық өзгерістер.
Қабыну дәнекерлері, түрлері, шығу тегі, қабыну дамуындағы маңызы. Қабыну туындататын және қабынуға қарсы цитокиндер туралы түсінік.
Қабыну ошағында қанайналымы өзгерістерінің сатылары, олардың патогенезі.
экссудация, анықтамасы, даму жолдары. Жалқықтың түрлері, сипаттамасы. Жалқықтың құрамын анықтайтын жайттар. Іріңді жалқықтың құрамы мен қасиеттері.
Лейкоциттердің эмиграциясы, анықтамасы, сатылары және олардың даму жолдары (патогенезі). Фагоцитоз, сатылары. Фагоцитоздың кемістігі және оның қабынудағы маңызы.
Қабыну кезіндегі пролиферация туралы түсінік, даму тетіктері. Созылмалы қабынудың даму ерекшеліктері.
Қауырт қабынудың жергілікті және жалпы белгілері және олардың патогенезі.
Жұпалық үрдіс туралы түсінік, патогенезі.
Сепсис туралы түсінік. Сепсистік сілейменің патогенезі.
Қызба, анықтамасы. Қызбаның этиологиясы, экзо – және эндогендік пирогендік заттардың сипаттамасы. Қызба кезіндегі қызу көтеріліуінің патогенезі.
Қызбаның кезеңдері. Терморегуляцияның өзгерістері және қызбаның әртүрлі кезеңіндегі клиникалық көріністер, олардың патогенезі.
Қызба кезіндегі зат алмасу және физиологиялық жүйелер ( жүйкелік, жүрек – тамырлық, тыныс алу, ас қорыту, бүйрек қызметтері) қызметтерінің өзгерістері
Организм үшін қызбаның жағымды және жағымсыз жақтары. Пиротерапия туралы түсінік. Туылғаннан кейінгі кезеңдегіқызбалық әсерленістің ерекшеліктері.
Гипертермия (ысыну) туралы түсінік, патогенезі. Қызбаның ысынудан айырмашылығы.
Аллергия, анықтамасы. Аллергияның этиологиясы, сыртқы және ішкі аллергендер. Балалардың аллергияға ұшырауының қайнар көздері.Аллергиялық серпілістердің Кук, Джелл және Р.Кумбс бойынша жіктелуі.
Аллергиялық серпілістердің реагиндік түрі, сатылары, патогенезі.
Аллергиялық серпілістердің цитотоксиндік түрі, сатылары, патогенезі.
Аллергиялық серпілістердің иммундық-кешендік түрі, сатылары, патогенезі.
Аллергиялық серпілістердің жасуша қатысуымен болатын түрі. Сатылары, патогенезі.
Сезімталдықты жоғарылату және сезімталдықты төмендету туралы түсінік, түрлері, даму тетіктері.
Жалған аллергиялы серпілістер, анықтамасы, шынайы аллергиялық серпілістен айырмашылығы, патогенезі.
Өспе туралы түсінік, анықтамасы, түрлері. Өспелер атипиясы туралы түсінік. Морфологиялық атипиясы, өсу және көбею атипиясының сипаттамасы.
Өспелер атипиясы туралы түсінік. биохимиялық атипиясының сипаттамасы.
Өспелік жасушалардың антигендік және қызметтік атипиясының сиапттамасы.
Қатерлі өспелердің биологиялық ерекшеліктері (сіңбеленіп өсуі, метастазалануы, қайталануы), патогенезі.
Өспелердің пайда болуында химиялық (сыртқы және ішкі), физикалық, биологиялық канцерогендердің маңызы.