Сабақтың тақырыбы: Терінің құрылысы мен қызметі .Тері аурулары .
Сабақтың мақсаты :Терінің құрылысы мен қызметі,тері аурулары туралы түсіндіре отырып, білім беру.
Тәрбиелілігі : Денсаулық сақтауға , тері және жеке бас гигиенасын сақтауға тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: Оқушылар терінің құрылысы, атқаратын қызметі , оны күту туралы , оны зерттейтін ғылым туралы біледі.
Қажетті ресурстар: Плакаттар, интерактивті тақта, слайдтар,түрлі бояулар, стикерлер мен қағаздар.
Типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: аралас сабақ . Сабақтың әдісі: СТО технологиясы, АКТ,топтық жұмыс. Қолданылатын стратегиялар:Миға шабул, семантикалық карта,сәйкестендіру тесті, рефлексиялық бағалау, кері байланыс.
Сабақтың барысы
Уақыты
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс -әрекеті
Жұмыс түрі
1.Ұйымдастыру
3 минут
1. Оқушылармен сәлемдеседі, сыныпты түгендейді,
2. Психологиялық дайындық жасайды,
топқа бөлінуді ұсынады,
3. Түрлі түсті тәттілермен сыныпты І,ІІ,ІІІ,ІҮ топқа бөлінеді
4.Жамбас қуысында тік ішектің алдыңғы жағында орналасқан мүше ( қуық)
5.Адам бүйрегінің массасы- ( 150г)
ІҮ топ:
1.Әр бүйректің салмағы қанша? (150г)
2.Уремия қандай ауру ? (қанда нәрдің мөлшерінің шектен тыс көбеюі 20-30есе)
3.Нефрон деген не? (бүйрек)
4.Урология ғылымы нені зерттейді?(зәр)
Тез қимылдап , сұраққа жауап беріп, өздеріне ұпай жинайды , бірін-бірі тыңдап, қолдау көрсетеді.
Топтық жұмыс
5.Ересек адам тәулігіне шамамен қанша литр зәр бөледі? (1,2-1,6л)
ІІ. «Семантикалық карта»
ІІІ Жаңа сабақ .
10 минут
1.Тері деген қандай мүшеге жатады деп ойлайсыңыз?
2. Ағза тіршілігінде терінің қандай маңызы бар ?
Одан ары оқушыларға оқулықпен жұмыс жасауды ұсынады.
Тақырып бойынша білетіндерін дәптерлеріне жазып, оны ортада айтады.
Тері денені сыртынан жауып,қорғайды, теріде шаш,түктер болады.
Топтық жұмыс
2. Түсіну
Мағнаны тануы
Жоспар бойынша тапсырма береді:
І топ.Терінің маңызы, құрлысы
ІІ топ. Тері шелмай қабаты, терінің қызметі
ІІІ топ. Дене температурасының реттелуі
ІҮ топ.Тері аурулары, олардың пайда болуы мен емделу шаралары
Оқулықпен жұмыс жасайды,ойларын жинақтап, өзара талдап, постер құрып тақтағы шығып түсіндіреді.
Топтық жұмыс
3.Қолдану
5 минут
Тақырыптан түсінгендерін қолдана білуге үйрету мақсатында биологиялық диктант береді.
1-тапсырма : Биологиялық диктант
1.Тері ------- қабаттан тұрады. 2.Сыртқы қабаты-------деп аталады.
3.Ол ----- және --- жасушадан тұрады. 4.Мүйізді қабаттан -----,---,--, пайда болады.
5.Тері безі және май безі -----қабатта орналасқан.
6. Май безінің қызметі-----
7.Дерматология ғылымы-----------
Оқушылар көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып , дәптерге жауап жазады,кейін кезекпен оқып шығады, өз қателерін түзетеді, өз ұпайларын бағалау бетшесіне жазып отырады.
Жеке жұмыс
4. Талдау
7 минут
Оқылған тақырыпты талдай білуге үйрету мақсатында тапсырмалар береді: Тапсырмалар әр топқа беріледі:
«Ойла, ойна»
І топ1. Эпидермис 2. Жылу реттеу 3. Нағыз тері 4. Тыныс алу 5. Шел қабаты 6. Сипап сезу 7. Тырнақ 8. Қорғаныш 9. Май бездері. 10. Ыдырау өнімдерін шығару 11. Шаш
Терінің құрылысы: 1, 3, 5, 7, 9, 11.
Терінің қызметі: 2, 4, 6, 8, 10.
ІІ топ A, E, Л, К, Ш, Т, Ү, H, Й, І, Қ, Ы, С, Р (қас, шаш, тер, қал, түк, тырнақ, күйік, үсік)
ІІІ топ
1.Дені сауға - ....... ......... (бәрі сау) 2. Саулық қайда, ....... .........(сұлулық сонда) 3. Дерт көп, денсаулық ........ (біреу) 4. Тазалық - ........... (саулық негізі) Саулық - .............(байлық негізі) 5. Ыдыс таза болса, ...... ........ (асы дәмді) ІҮ топ
1. Жыныстық жетілудің әсерінен болатын ауру.(безеу)
2. Қотыр кене тудыратын ауру.(қышыма қотыр )
3. Паразит саңырауқұлақтар туғызатын тері ауруы.(теміреткі )
4. Қайратты түк.( сақал)