Сабақтың мақсаты: 1-сыныпта дыбыс пен оның түрлері туралы алған білімдерін еске түсіру 2


III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі



бет2/4
Дата13.12.2016
өлшемі0,75 Mb.
#3719
түріСабақ
1   2   3   4
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

Мақсат қою

Бүгінгі сабақта диктант жазамыз

мақсатымыз – диктантты сауатты әрі әдемі етіп жазу.

IV. Жаңа сабақ.

Оқушыларды диктантпен таныстыру:

Егін жинау

Жаздың ортасы. Биыл егін бітік шықты. Шаруашылық егін жинауға кірісті. Егіншілер астықтан мол өнім алды. Халықтың қуанышында шек жоқ. Астық көп еңбекпен өндіріледі. Еңбек ете білу – адамдағы ең үлкен қасиет.
Тапсырма.

1. Мәтінде қанша сөйлем бар?

2. Төртінші сөйлемде дауысты дыбыстардың астын сыз.

3. Егін, өнім, жұмыс сөздерін буынға бөліп жаз.
V. Сабақты қорыту: (сұрақ – жауап арқылы)
VI. Оқушыларды бағалау: Оқушылардың жұмыстарын бағалау.

VII.. Үйге тапсырма беру: Қайталау. Ереже жаттау.

Сабақтың тақырыбы: Тіл және сөйлеу 11

Сабақтың мақсаты: 1. Тіл қарым – қатынас жасау құралы екенін ұғындыру, тіл мен

сөйлеудің бірлігін байқату

2. Оқушылардың өз ойларын айта білу дағдыларын қалыптастыру.

3. Алғырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі

Сабақтың көрнекілігі: Қима қағаздар, кестелер, оқу құралдары, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу

ә) оқушылардың дайындығын қадағалау

б) Психологиялық дайындық

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

Мақсат қою

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты – сөйлеу не үшін қажет? екенін білеміз.

IV. Жаңа сабақ.

1. Оқулықпен жұмыс

42 – жаттығу.

Суретке қарап сұрақтарға жауап береді.

Сөйлеу не үшін қажет?

43 – жаттығу

Оқиды, сөйлемнің мағынасын түсінеді.

2.Дәптермен жұмыс.

44 – жаттығу. Мәтінді оқып, мазмұнын 3 - 4 сөйлеммен жазады

45 – 46 –48 – жаттығулар ауызша орындалады.

3.Сергіту сәті

Көк аспанды шарлаймыз,

Ұшқан құсты санаймыз

Үшбұрыш боп тырналар,

Көк жүзінде жорғалар.

4. Тақтамен жұмыс

сөйлеседі



хабар береді

Тіл арқылы пікірлеседі

білмегенін сұрайды

кеңеседі

V. Сабақты бекіту

Қима қағазбен жұмыс:

Үлгі: 1. Азамат ауылдағы әжесіне хат жазды

Сөйлемде қимыл иесі сөйлеудің қай түрін қолданды?
2. Қасым Қайсенов оқушыларғ,а батырлық жайлы әңгіме айтты.

Сөйлемде қимыл иесі сөйлеудің қай түрін қолданды?
VI. Сабақты қорыту: (сұрақ – жауап арқылы)

VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыдарды бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру:

47 – жаттығу. Мәтінді оқып, алғашқы екі сөйлемдікөшіріп жазып келу.

Сабақтың тақырыбы: «У» дыбысының дауысты және дауыссыз болып айтылуы 12

Сабақтың мақсаты: 1. «У»дыбысының дауысты және дауыссыз болып келуінің себебін

тілдік мысалдарды байқату негізінде түсіндіру.

2. Оқушылардыңсөздік қорын толықтырып, грамматикалық

сауаттылығын арттыру

3. Алғырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі

Сабақтың көрнекілігі: Қима қағаздар, кестелер, оқу құралдары, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу

ә) оқушылардың дайындығын қадағалау

б) Психологиялық дайындық: Амансың ба алтын күн?

Амансың ба көк аспан?

Амансың ба достарым?

Сендерді көрсем қуанамын !

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

Мақсат қою

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты – қай жағдайда «у» дыбысы дауысты, қай жағдайда «у» дыбысы дауыссыз болатындығын түсіну, білу.

IV. Жаңа сабақ.

1. Оқулықпен жұмыс

50 – жаттығу.

Өлеңді көшіріп жазады.У дыбысы бар сөздердің астын сызады. У дыбысы бар сөздерді буынға бөледі.

Мысалы:Тау – ға, бау – ға, ту - ып

51 – жаттығу.

Берілген сөздерді түстеріне қарай топтап жазады.Не байқағандарын айтады.

ауа улы тоқу сусын

дауыс егеу отау оқу

2. Сергіту сәті

3.Тақтамен жұмыс.

52 – жаттығу.

Ребусты шешеді сол сөзге байланысты сөйлем құрастырады.

54 –жаттығу.

Өлеңді мәнерлеп оқиды, у дыбысы бар сөздерді буынға бөледі

V. Сабақты бекіту

- Дауыстыдан соң және сөз басында дауыстыдан бұрын келген у дыбысы дауыссыз болады: әуе, Зәуре, уақыт.

Қима қағаздармен жұмыс:

Үлгі: 1. Мына сөздерді буынға бөліп жаз.

Туыс, нулы, удай, жуу, ұшу, улы.

2. Мына сөздерді буынға бөліп жаз.

Жуу, буу, қуу, туу, ауу.

VI. Сабақты қорыту: (сұрақ – жауап арқылы)

VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыдарды бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру

55 – жаттығу. Өлеңді көшіріп жазып у дыбысы бар сөздердің астын сызыңдар.

Сабақтың тақырыбы: «У» дыбысының дауысты және дауыссыз болып айтылуы 13

Сабақтың мақсаты: 1. «У»дыбысының дауысты және дауыссыз болып келуінің себебін

тілдік мысалдарды байқату негізінде түсіндіру.

2. Оқушылардыңсөздік қорын толықтырып, грамматикалық

сауаттылығын арттыру

3. Алғырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі

Сабақтың көрнекілігі: Қима қағаздар, кестелер, оқу құралдары, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу

ә) оқушылардың дайындығын қадағалау

б) Психологиялық дайындық:

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

55 – жаттығуды тексеру.

Ереже сұрау

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

Мақсат қою

Мақсатымыз- білім алу

Міндетіміз – еңбектену

Еңбектену арқылы бестікке қол жеткізу.

IV. Жаңа сабақ.

1.Тақтамен жұмыс.

Ереже түсіндіру:

Дауыссыздан соң және сөз басында дауыссыздан бұрын келген у дыбысы дауысты болады:сурет, керуен, улап – шулап, ушықты.

2.Дәптермен жұмыс.

Сөздік диктант: Дәулет, үшеу, саусақ, уәде, дауыл, дауыс, зәулім, қашау, туу, туып, журнал, туралы.

56 – жаттығу. Ауызша

Мағыналарына қарай топтастырады.Заттың аты: сусын, саумал, сауысқан,

Заттың сыны:зәулім, тәуір

Заттың саны: елу, елуінші

Қимыл атауы: қыдыру, сапыру,келу

57 - жаттығу . Сөздерді буынға бөліп жазады.

Жай – лау, е – леу, уа – қыт, о – тау

3.Сергіту сәті

4. Оқулықпен жұмыс

58 – жаттығу. Ауызша. Ребустың шешуін тауып әңгіме құрастырады.

59 – жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқиды, салыстырады мағынасын түсіндіреді.

60 –жаттығу. Үлгі бойынша у дыбысын қосып жазады.

Үлгі: жау – жауу, қу – қуу, бу – буу, сау – сауу.

V. Сабақты бекіту

Қима қағаздармен жұмыс:

VI. Сабақты қорыту: (сұрақ – жауап арқылы)

VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыдарды бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру

61 – 62 – жаттығулар.Тапсырма бойынша орындау.

Сабақтың тақырыбы: «У» әрпінің жазылуы 14

Сабақтың мақсаты: 1. «У» әрпінің жазылуы мен айтылуын салыстыруды үйрету.

2. Оқушылардың сөздік қорын толықтыру, дамыту.

3. Сауатты жазуға тәрбиелеу

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі

Сабақтың көрнекілігі: Қима қағаздар, кестелер, оқу құралдары.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу

ә) оқушылардың дайындығын қадағалау

б) Психологиялық дайындық

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

Мақсат қою

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты – қай жағдайда «у» дыбысы дауысты, қай жағдайда «у» дыбысы дауыссыз болатындығын дәлелдейміз

IV. Жаңа сабақ.

1. Оқулықпен жұмыс

63 – жаттығу.

У дыбысы бар сөзді табады, және қандай дыбыстан соң келгенін айтады.

64 – жаттығу.

Сөздерді түсініп оқиды, айтылуы мен жазылуын салыстырады.

2.Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу: У у Шуда

Сөздік диктант: Суретші, уылдырық, уыздай, суыр, балауса, жауын, шешуі, туған, жауды, аулайды, жалпақтау.

65 – жаттығу.

Суретші, шуда, жуас сөздерін пайдаланып сөйлемдер құрайды.

Мысалы: Менің ағам суретші.

3.Сергіту сәті

4. Тақтамен жұмыс.

66 –жаттығу.

Ребусты шешеді: Шешуін қатыстырып сөйлем құрастырады

Шешуі: Қуыршақ

68 –жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазады

Мысалы: Оқушылар серуенге шықты.

67, 69, 70 – жаттығулар ауызша орындалады

V. Сабақты бекіту:

Қима қағазбен жұмыс:

Үлгі: 1. Жапалақ жемін т...нде а...лайды.

Көп нүктенін орнына ү, у әріптерінің тиістісін қойып жаз

VI. Сабақты қорыту:

Бүгінгі сабақта біз не істедік?

Біз не істей аламыз?

VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыдарды бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру:

71 –жаттығу.

«Шипалы сусын» тақырыбына әңгіме құрастырып келу.
Сабақтың тақырыбы: «У» әрпінің жазылуы 15

Сабақтың мақсаты: 1. «У» әрпінің жазылуы мен айтылуын салыстыруды үйрету.

2. Оқушылардың сөздік қорын толықтыру, дамыту.

3. Сауатты жазуға тәрбиелеу

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі

Сабақтың көрнекілігі: Қима қағаздар, кестелер, оқу құралдары, суреттер, тест.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу

ә) оқушылардың дайындығын қадағалау, назарларын сабаққа аудару.

б) Психологиялық дайындық

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

71 – жаттығу бойынша «Шипалы сусын» тақырыбындағы әңгімелерін тексеру.

Ереже сұрау.

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

Мақсат қою

Сабақтың мақсатын хабарлау

IV. Жаңа сабақ.

1.Тақтамен жұмыс.

72 – жаттығу бойынша тақтада жұмыс ұйымдастыру.

Қоржындағы сөздерді оқиды салыстырады, айырмашылығын табады.

тасы тасу Бұл сөздерде бірінші бағанда «ы" әрпіне аяқталған «у»



шоқы шоқу қосылғанда «ы» түсіп қалды.

тоқы тоқу

оқы оқу

2.Сергіту сәті

3.Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу: У у Улы

Сөздік диктант: Өнер, жиырма, кітап, ұқсас, бекі, жуас, бұршақ, қатысты, бақытты, жазушы, Абылай.

73 – жаттығу.

Өлеңді көшіріп жазады, ерекшелігін табады.

74 –жаттығу.

Сөздерге у әрпін қосып жазады.

Үлгі: Қоры – қору, жылы – жылу торы – тору,......

V. Сабақты бекіту

Шағын тест:( үлгі)

1. Буын сөзіндегі у дыбысының дауысты,дауыссыз екенін анықта.

А) у дыбысы дауысты Ә) у дыбысы дауссыз Б) Әрі дауысты, әрі дауыссыз
2. Ауа сөзіндегі у дыбысының дауысты,дауыссыз екенін анықта.

А) у дыбысы дауысты Ә) у дыбысы дауссыз Б) Әрі дауысты, әрі дауыссыз т. б
VI.Сабақты қорыту: (сұрақ – жауап арқылы)

VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыдарды бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру

75 – жаттығу. «Аққу киелі құс» тақырыбында әңгіме құрастырып келу.
Сабақтың тақырыбы: «И» әрпінің жазылуы 16

Сабақтың мақсаты: 1. «И»-дің дауысты дыбыс екенін, бұл дыбыстың алдынан ы, і

естілгенімен, олардың орнына «и» әрпі жазылатынын аңғарту.

2. Оқушылардың сөздік қорын толықтыру.

3.Сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі

Сабақтың көрнекілігі: Қима қағаздар, кестелер, оқу құралдары, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу

ә) оқушылардың дайындығын қадағалау

б) Психологиялық дайындық

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

Мақсат қою

Сабақтың мақсатын хабарлау.

IV. Жаңа сабақ.

1. Оқулықпен жұмыс

76 – жаттығу бойынша тақтада жұмыс ұйымдастыру.

Киік, сиыр, тиін, инелік

Ереже: И дыбысынын алдында ы, і естілгенімен, олар жазылмайды.

2.Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу: И и , инелік, ит

Сөздік диктант: Жисын, қиын, ширақ, қию, ине, иман, иық, ирек, икем, қиық, жиын, биік

77 – жаттығу:

Сөздерді буынға бөліп жазады.

Үлгі: Жи – на- лыс, и –не, би – ік.....

78 – жаттығу.

Өлеңді жатқа жазады, и әрпі бар сөздің астын сызады.

81 – жаттығу. Ауызша орындалады.

3.Сергіту сәті

4. Тақтамен жұмыс.

Бос торкөздерді и дыбысынан басталатын сөздермен толтырады.

и







и










и












V. Сабақты бекіту

Қима қағаздармен жұмыс:

1. Сөздерді салыстырындар и дыбысының жуан немесе жіңішке айтылып тұрғанын айтыңдар.

Қиын - киін, тиын – тиін, қиық – киік, ширақ – ширек.

VI. Сабақты қорыту:

Бүгінгі сабақта біз не істедік?

Біз не істей аламыз?

VII. Оқушыларды бағалау:

VIII. Үйге тапсырма беру

79 – жаттығу. Диірмен, жиек, тәрбиеші сөздерін қатыстырып сөйлем құра.

Сабақтың тақырыбы: «И» «Й» әрптерінін жазылуы 17

Сабақтың мақсаты: 1. И – дыбысы дауысты, й – дауссыз екенін және қандай жағдайда

дауысты дыбыс қандай жағдайда дауссыз дыбыс

жазылытынын аңғарту

2. Оқушылардыңсөздік қорын толықтырып, грамматикалық

сауаттылығын арттыру

3. Сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі

Сабақтың көрнекілігі: Қима қағаздар, кестелер, оқу құралдары.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу

ә) оқушылардың дайындығын қадағалау

б) Психологиялық дайындық

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

79 –жаттығуды тексеру. Ереже сұрау.

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

Мақсат қою

Сабақтың мақсатын хабарлау.

IV. Жаңа сабақ.

1. Дәптермен жұмыс

Көркем жазу: Й, и ит ай

82 –жаттығу.

Жаңылпашты жатқа жазады, и – дің астын бір, й – дің астын екі рет сызады.

83 – жаттығу. Көп нүктенін орнына й, и әріптерінін тиістісі қойып көшіріп жазады

Мысалы: ине, мойын ...

87 – жаттығу. Сөздерді көшіріп жазады.

2.Сергіту сәті

3. Тақтамен жұмыс.

84 – жаттығу. И, й дыбыстарынан басталатын сөздерді тауып жазады. Оқушылар тақтада орындайды. Жазғандарын дәлелдейді.

ин е айна



и й

инелік сый

4. Оқулықпен жұмыс

85, 86, 88 – жаттығуларды оқушылар ауызша орындайды

V. Сабақты бекіту

Шығармашылық тапсырма: Мәтінді оқиды, көшіріп жазады й, и дыбыстары бар сөздердің астын сызады. Дауысты, дауысты екенін дәлелдейді

Айжан мен Дина

Айжан мен дос. Олар бірге ойнайды. Құыршақтарына киім тігеді. Ине жіп салатын қораптары бар.

VI. Сабақты қорыту: (сұрақ – жауап арқылы)
VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыдарды бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру

89, 90 – жаттығулар. Тапсырма бойынша орындау
Сабақтың тақырыбы: «И» «Й» әрптерінін жазылуы 18

Сабақтың мақсаты: 1. И – дыбысы дауысты, й – дауссыз екенін және қандай жағдайда

дауысты дыбыс қандай жағдайда дауссыз дыбыс

жазылытынын аңғарту

2. Оқушылардыңсөздік қорын толықтырып, грамматикалық

сауаттылығын арттыру

3. Сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі

Сабақтың көрнекілігі: Қима қағаздар, кестелер, оқу құралдары.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу

ә) оқушылардың дайындығын қадағалау

б) Психологиялық дайындық

Амансың ба алтын күн?

Амансың ба көк аспан?

Амансың ба достарым?

Сендерді көрсем қуанамын !

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

90 – жаттығуды тексеру. Ережені сұрау

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

  • И дыбысы дауысты ма әлде дауыссыз ба?

  • Й дыбысы ше?

  • И дыбысынын алдынан қандай дыбыстар естіледі ?

Мақсат қою

Мақсатымыз- білім алу

Міндетіміз – еңбектену

Еңбектену арқылы бестікке қол жеткізу.

IV. Жаңа сабақ.

1 Дәптермен жұмыс.

Сөздік диктант: Сыйлық, сыйды, кітап, автобус, тақырып, домбыра, тыйм, жинады, шырын, қырлар, тынбады, түсінесін, жазу.

91 – жаттығу.

Әңгімені оқиды, әңгіме бойынша мазмұндама жазады.


Каталог: uploads -> doc -> 030d
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
030d -> Сабақтың тақырыбы: Жаман әдеттен сақтан Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет