Сабақтың мақсаты: а Білімділік



бет5/9
Дата01.03.2022
өлшемі279,69 Kb.
#133829
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Түбір мен қосымша
лекция 7 63d33c1233abc8f492af611e5e4c8dc0-1, семинар 5 (1), Алгебра Вариант 1
2. Үй тапсырмасын сұрау:
2. 67 – жаттығу . Жапырағы сарғайған ағашқа қарап, күз көрінісін бейнелеп жазып келу. Сөздерге қосылған қосымшалардың астын сызып, туынды сөздердің жасалу жолын түсіндіру. 
3. Жаңа сабақ: Түбір мен қосымша 
Сабақты күз туралы тақырыппен байланыстыра отырып, оқушыларға мысалдар арқылы түсіндіру. 



  • Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегін түбір дейміз. Мысалы: жолдастық, сауыншылар, мектептердің, көрінген деген сөздердің түбірлері – жол, сау, мектеп, көр. Себебі бұлар қосымшасыз тұрып та белгілі бір мағынаны білдіреді. Осы түбірлерге жалғанған –дас, - тық, - ын, - шы, - тер, дің – бөлшектері қосымша деп аталады. Қосымша жеке тұрғанда ешбір мағына білдіре алмайды. 

  • Қосымша екі түрге бөлінеді: жұрнақ және жалғау 

  • Жұрнақ өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертеді және екі түрге бөлінеді: 

  • Сөз тудырушы жұрнақтар, сөз түрлендіруші жұрнақтар болып. 

  • Түбірдің негізгі мағынасын өзгертіп, оған жаңа мағына беретін жұрнақты сөз тудырушы жұрнақ дейді.

Мысалы: Жол – із немесе сапармағынасын білдірсе, оған - дас қосымшасы қосылса, серік мәніндегі адам, ал – тық қосылса, адамдар арасында болатын қарым – қатынасты білдіреді. 



  • Осындай жұрнақтар арқылы жасалған сөздер туынды түбір немесе туынды сөз деп аталады. Сөйтіп, жол, сау деген негізгі түбірлер де, жолдас, жолдастық, сауын, сауыншы деген сөздер туынды түбірлер болып табылады. Бір сөзге бірнеше жұрнақ жалғана береді. Бір түбірден жасалған әр түрлі сөздер түбірлес сөздер деп аталады.

Мысалы: өнім, өндіріс, өніс, өнгіш деген сөзде негізгі түбір – өн. Олай болса балалар, әрі қарай жаттығу жұмысын орындау барысында тақырыпқа көз жеткізейік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет