Сабақтың мақсаты: Қанның құрамы мен қасиеттері туралы білім негіздерін беру



Дата18.06.2017
өлшемі15,45 Kb.
#19355
түріСабақ

§30. Қанның құрамы мен қасиеттері

  • БИОЛОГИЯ (VIII – СЫНЫП)
  • АҚМЫРЗАЕВА
  • МҮГІЛСІН
  • НҰРҚАСЫНҚЫЗЫ
  • ҚҰРЫҚ - 2011

Сабақтың мақсаты:

  • 1. Қанның құрамы мен қасиеттері туралы білім негіздерін беру;
  • 2. Қанның құрамының өзгерістеріне байланысты оқулықтан тыс гематология және диагностикалау туралы мәліметтер беру;
  • 3. Қанның құрамы мен қасиеттері туралы алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету.

Қолданылытын жабдықтар:

  • Слайд;
  • Микроскоп;
  • Дайын препараттар;
  • Оқулық;
  • Жұмыс дәптері.

Үй тапсырмасын сұрау (А. «Мұғалім - оқушы»)

  • Организмнің ішкі ортасы неден түзілген?
  • Организмнің ішкі ортасы қандай рөл атқарады?
  • Ұлпа сұйықтығы деген не?
  • Ұлпа сұйықтығының маңызы қандай?
  • Қанның құрамы неден тұрады?
  • Үй тапсырмасын сұрау (А. «Мұғалім - оқушы»)

(«Мұғалім - оқушы»)

  • Қан қандай қызмет атқарады?
  • Лимфа дегеніміз не?
  • Лимфа қандай қызмет атқарады?
  • Гомеостаз дегеніміз не?
  • Гомеостаздың маңызы неде?

Үй тапсырмасын сұрау (Ә. Жеке карточкалар түрінде)

  • №1.Қанның тасымалдау қызметі дегенді қалай түсіндірер едіңіз.
  • №2. Қанның гуморальдық қызметі деген не?
  • №3. Қанның жылу реттелу және қорғаныштық қызметі туралы айтып беріңіз

Үй тапсырмасын сұрау (Б. «Сіз автормен келісесіз бе?» мәтіндегі қатені табу)

  • №1. Адам организміндегі қанның жалпы қалыпты мөлшері 7л, бұл, шамамен, оның денесінің денесінің 5 % - ын құрайды.
  • №2. Қан сұйық бөліктен – плазмадан және онда қалқып жүретін формалы элементтер: эритроциттер мен тромбоциттерден тұрады.

(В. Сынып оқушыларының топтық жұмысы: “Кестені кім шапшаң толтырады”:

  • Организмнің ішкі ортасы құрамдасы түрі
  • Оның кездесу ортасы?

Жаңа сабақ жоспары:

  • Сабаққа кіріспе: №8 зертханалық жұмыс
  • 1. Қан плазмасы және оның құрамы.
  • (Оқулықпен өз бетінше жұмыс; қан
  • плазмасының құрамын схемалау;
  • мұғалім әңгімесі)
  • 2. Эритроциттердің құрылысы мен қызметі.
  • 3. Гемоглобин дегеніміз не?

Микроскоп бөліктерін атаңыз:

  • Зат үстелі
  • Айна
  • Окуляр
  • Объектив
  • Көру түтігі
  • Реттеу бұрандасы
  • Табаны
  • Тұтқысы
  • Препаратты (заттық әйнекті бекіту қысқышы

Қан жасушалары мен қан құрамы (Қанның боялған препараты)

Қан жасушалары мен қан құрамы

Қан плазмасы және оның құрамы

  • Қан плазмасы –қанның, шамамен 55-60% көлемін құрайтын мөлдір, түссіз сұйықтық. Оның құрамында 90 -92 % су, 7-8 % нәруыздар, шамамен 2% глюкоза, майлар, минералды тұздар, т.б. болады. Осмос қысымына байланысты су жасуша мембранасы арқылы қанға өтеді де, қан мен ұлпа арасында зат алмасу жүзеге асады. Плазманың 70% - дан астамы 1 минут ішінде ұлпа сұйықтығымен алмасады.

Қан плазмасы және оның құрамы

  • Қан плазмасындағы нәруыздар әртүрлі қызмет атқарады.
  • Мысалы: глобулиндер организмді бактериялардан қорғауға қатысады;
  • Альбуминдер плазмадағы су мөлшерін реттейді;
  • Фибриноген қан ұюында маңызды рөл атқарады. Фибриногені жоқ қан плазмасы сарысу деп аталады.
  • Минералды тұздардың ішінде кальций, калий және натрий хлоридтерінің маңызы зор.

Эритроцит құрылысы мен қызметі

  • Эритроцит пішіні диаметрі 7-10 мкм-ге дейінгі екі беті ойыс диск. Мұндай пішін эритроцит бетін 1,5 есеге дейін үлкейтеді және газ алмасу үшін тиімді.
  • Жетілген эритроциттерде ядро болмайды. 1 мм3 қанда 4,5 -5млн эритроцит болады.
  • Адам организмінде барлығы орташа есеппен 25 триллион эритроцит бар деп есептеледі.

Эритроцит құрылысы мен қызметі

  • Ересек адам эритроциттерінің бетінің жалпы ауданы шамамен 3800 м2 құрайды.
  • Егер эритроциттерді қатар қойса 175 000 км ұзындыққа созылады;
  • Эритроциттер пішінін оңай өзгертіп, тар капилляр арқылы еркін өтеді.

Гемоглобин дегеніміз не?

  • Эритроцитте ерекше нәруыз – қанға қызыл түс беретін гемоглобин болады. Гемоглобиннің негізгі қызметі – оттек пен көмірқышқыл газын тасымалдау.
  • Өкпе капилляры арқылы өткен гемоглобин эритроциттегі оттекті өзіне байланыстырып, берік емес қосылыс – оксигемоглобинге айналады.
  • Эритроциттер сүйек кемігінде түзіледі.

Гемоглобин дегеніміз не?

  • Эритроциттердің тіршілік ұзақтығы, шамамен, 120 күн, содан кейін олар көкбауырда немесе бауырда бұзылады. Қоршаған ортада оттек концентрациясының төмендеуі қандағы гемоглобин мен эритроциттер санының артуына соғады, ағзаның бейімделгіш маңызы артады. Гемоглобин иіс газымен қосылып карбокси-гемоглобин берік қосылысын түзеді, бұл адам өміріне қауіпті.

ПЫСЫҚТАУ СЫЗБАЛАРЫ

  • су - 90 -92 %
  • нәруыздар - 7-8 %
  • глюкоза, майлар, минералды тұздар - 2%
  • Қан плазмасының құрамы

ПЫСЫҚТАУ СЫЗБАЛАРЫ

  • глобулиндер (бактериялардан қорғайды)
  • Альбуминдер
  • (су мөлшерін
  • реттейді)
  • фибриноген
  • (қанды ұйытады)
  • Қан плазмасындағы нәруыздар

Жаңа тақырып бойынша оқулықпен өз бетінше терминдермен жұмыс:

  • Қан плазмасы.
  • Эритроциттер.
  • Гемоглобин.
  • Оксигемоглобин.
  • Карбоксигемоглобин.

Қосымша терминдермен жұмыс:

  • Гем, гемо, гемато – оттегін қосып алып, қайтарып бере алатын құрамында темір бар қосылыс.
  • Гематология (грек. гемo және логия) – қан жүйесінің құрылысы мен қызметін зерттейтін медицина саласы. Қан ауруларының даму себептері мен жүрісін зерттеп, оларды тану, емдеу, алдын алу әдістерін анықтайды.

Қосымша терминдермен жұмыс:

  • Диагностика (грек.диагностикос – тануға қабілетті), ауруларды тану принциптері мен әдістері және диагноз қою туралы ғылым, яғни нақтамалау үдерісі.

VІ.Қорытындылау, бағалау

  • р\с
  • Өзін-өзі бағалауы
  • Күнделікке қойылатын баға
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14

VІІ.Үйге тапсырма: 1. §30. Қанның құрамы мен қасиеттері (103-105 беттер) 2. Үй жұмысы дәптеріне 105 беттегі кестені толтыру



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет